Астамбаева жупат канапьяновна


Зерттеу жұмысының мақсаты



бет6/39
Дата02.05.2024
өлшемі4.57 Mb.
#500345
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
astambaeva-zh-k-phd-s-sp

Зерттеу жұмысының мақсаты – алгоритмдерді оқыту арқылы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың теориялық негіздемесін тұжырымдап, әдістемелік жүйесін жасау және оның тиімділігін педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: алгоритмдерді оқыту барысында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамыту барысы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың мәні мен құрылымы анықталып, оның әдістемелік жүйесі жасалса, әзірленген әдістемесінің құрылымдық-мазмұндық моделі шығармашылықпен жүзеге асырылып, тәжірибеге ендірілсе, онда болашақ мамандардың әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу мүмкін болады, өйткені алгоритмдерді оқытуға бағытталған оқу-әдістемелік кешен білім алушылардың дамуына жол ашады.
Міндеттері
1) «сауаттылық», «математикалық сауаттылық», «әдістемелік сауаттылық», «әдістемелік-математикалық сауаттылық», «болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығы» ұғымдары мен түсініктерінің құрылымы мен қызметін анықтау;
2) ББСМ-нің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың мүмкіндіктерін анықтау;
3) ББСМ-нің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін дайындау;
4) ББСМ-нің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған әдістемелік жүйе дайындап, тәжірибелік-эксперименттік зерттеуден өткізу, ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныс дайындау.
Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ бастауыш математикасын, оның ішінде алгоритмдік материалдарды оқытуға кәсіби даяр, практикаға бағдарланған, кәсіби-тұлғалық сапалары дамыған, бәсекеге қабілетті, әдістемелік-математикалық сауатты педагогтерді даярлауға септігін тигізеді.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық-теориялық негіздері: жеке тұлғаның іс-әрекеті жайлы психологиялық, педагогикалық ілімдер, тұжырымдамалар, педагогикалық зерттеулердегі жүйелілік, іс-әрекеттік, антропологиялық, аксиологиялық, құзыреттілік тұғырлары мен холистикалық, ғылымилық, параллельділік, практиканың өмірмен байланысы, т.б. қағидалары ұстанымдары; сауаттылықты, функционалдық, әдістемелік, математикалық және алгоритмдік сауаттылықты дамытудың теориясы, ұстанымдары және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет