ІІ кезеңде (2019-2020-2021 ж.) – оқыту кезеңінің мақсаты – болашақ педагогтердің алгоритмдік әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамыту әдістемесін жасау, оның мазмұнын оқыту және нәтижесін тексеру жүзеге асырылды. Жоғары оқу орнында оқытуға, бастауыш сынып мұғалімдерін дайындаудың заманауи талаптарына, студенттердің алгоритмдік сауаттылығын дамытуға орай болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық алгоритмдік сауаттылығын дамытуға арналған «Алгоритмді оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік кешені дайындалды; аталмыш оқу-әдістемелік кешенінің тиімділігі екі бағытта тексерілді: 1) студенттердің алгоритмдік сауаттылығының қалыптасу деңгейі; 2) бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында алгоритмдерді оқыту мен қолдануға студенттердің әдістемелік-математикалық алгоритмдік даярлығының әсері.
ІІІ кезеңде (2020-2021 ж.)
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы кезеңінде қол жеткізген қорытынды нәтижелерге талдау жасалды және сол бойынша құралдарға өзгертулер енгізілді, статистикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді, қорытыланды. Зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар берілді. Диссертациялық жұмыс зерттеу жұмысының талабына сай рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі
1. «Сауаттылық», «математикалық сауаттылық», «әдістемелік сауаттылық», «әдістемелік-математикалық сауаттылық», «болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығы» ұғымдары мен түсініктерінің анықтамалары нақтыланды.
2. ББСМ-нің ӘМС-ын дамытудың мүмкіндіктері анықталды.
3. ББСМ-нің ӘМС-ын дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі дайындалды.
4. ББСМ-нің ӘМС-ын дамытудың әдістемелік жүйесі жасалды және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылықтарын дамытуға бағытталған «Алгоритмдерді оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік кешені мен «Основы обновленного математического образования младших школьников» оқу құралы дайындалып, тәжірибелік-экспериментте сынақтан өткізіліп, ғылыми негізделген ұсыныстар дайындалды.
Достарыңызбен бөлісу: |