Астамбаева жупат канапьяновна



бет9/39
Дата02.05.2024
өлшемі4.57 Mb.
#500345
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
astambaeva-zh-k-phd-s-sp

Зерттеудің практикалық маңыздылығы

  • «Основы обновленного математического образования младших школьников» оқу құралындағы «Кәсіби іскерлік модулі» бойынша студенттердің өз беттерімен жұмыс жасау тапсырмалары дайындалып, тәжірибеге ендірілді;

  • «Алгоритмдерді оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік кешені дайындалып, тәжірибеден өткізілді;

  • ғылыми-зерттеу нәтижелерін жоғары педагогикалық оқу орындары мен колледждерде, бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты мен жалпы орта білім беретін мектептердің білім беру барысында қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар
– Сауаттылық – бұл белгілі бір сала бойынша білімдер мен біліктерді меңгеру деңгейі, сондай-ақ оларды тәжірибеде қолдану қабілеті. Өз ойын дұрыс әрі жүйелі жеткізе алатын, қазақ тілінің стилистикалық нормасына сай сөйлей алатын және қатесіз жазатын адам қажетті мәліметтерді тауып қана қоймай, шексіз ақпарат әлемінде бағдарлай алуына, алынған білімнен өзіне қажеттіні таңдап алып, талдай әрі жинақтай алуы, нақты өмірде және тәжірибеде қолдана алуы қажет. «Сауаттылық» ұғымының психологиялық-педагогикалық мәні нақтыланып, оның құраушыларын оқыту үдерісін ұйымдастырудағы ғылыми-әдістемелік базасын жасау болып табылады.
ББСМ-нің математиканың теориялық негіздерінен білімі, білігі мен құзыреттілігі болып қана қоймай, кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқытуды ұйымдастыру мен басқаруға бағытталған әдістемелік әдіс-тәсілдерді игерген әдіскер, оқушыларға бағыт беруші, оқу үдерісінің менеджері болуы тиіс. «Әдістемелік-математикалық сауаттылық» ұғымының мәні – бұл білім алушының математикалық және әдістемелік білімі мен білігін өмірлік тәжірибесінде қолдана алуы. Ал болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамыту дегеніміз білім алушылардың әдіснамалық, педагогикалық және психологиялық білімдерін, математика бастауыш курсының теориялық негіздері мен әдістемелік пәндерден алған білімдерін күнделікті сабақ барысында, ғылыми-зерттеу және бітіру (диплом) жұмыстарында, педагогикалық тәжірибеден өту кезінде және нақты өмірде қолдану даярлығын жетілдірудегі инновациялық траектория.
2. ББСМ-нің ӘМС-ын дамыту мынадай педагогикалық мүмкіндіктерді ескеріп, жүзеге асырумен қамтамасыздандырылады: 1) бастауыштың теориялық негіздерінен жоғары білімінің болуы; 2) бастауыш сынып оқушыларының игеруі тиіс математикалық теориялардың негізін білуі; 3) болашақ мұғалімдердің оқушыларға білім беру, білік пен дағды қалыптастыру әдістемесін игеруі; 4) бастауыш сыныпта қарастырылатын алгоритмдік материалдарды оқыту әдістемесін білуі және тәжірибеде қолдана алуы.
3. ББСМ-нің ӘМС-ын дамытудың мазмұндық-құрылымдық моделі соңғы нәтижеге жетудің теориялық-әдіснамалық негіздері; сауаттылықты дамытудың компоненттері мен көрсеткіштері анықталған, маман дайындауда қажет болатын алгоритмге қатысты және арнайы болашақ маманның әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған жаттығулар жүйесі жасалған, «сауатты» болудың деңгейлері айқындалған құрылым болып табылады. Модель болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуда, педагогикалық жоғары оқу орындары теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешу үшін амал-әрекетін оңалтуда басшылыққа алатын ғылыми негізделген әдістемелік нұсқаулық бола алады.
4. «Основы обновленного математического образования младших школьников» оқу құралындағы студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмаларын және «Алгоритмдерді оқыту әдістемесі» оқу-әдістемелік кешенің ЖОО-дағы педагогикалық үдеріске енгізумен іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет