Астамбаева жупат канапьяновна



бет30/39
Дата02.05.2024
өлшемі4.57 Mb.
#500345
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
astambaeva-zh-k-phd-s-sp

Алгоритм: 1. Бірінші сөйлемді оқы.
2. Ол неше таңбалы сан болатынын айт.
3. Жұп сандарды ата.
4. Әртүрлы жұп сандардан тұратын төрттаңбалы сандары ата
5. Жауабын айт.
ІҮ бөлім болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік сауаттылығын дамытуға бағытталған СӨЖ бен СОӨЖ тапсырмаларынан тұрса, ал Ү бөлім болашақ мамандардың аталмыш курс бойынша білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктерінің белгілі бір көлемін игеру деңгейін тексеруге бағытталған емтихан сұрақтары мен тест тапсырмаларына арналады.
Жоғарыдағыларды қорыта келе, қалыптастырушы эксперимент төмендегілерді көрсетті:

  1. Жүргізілген дәріс және практикалық сабақтар барысында студенттер алгоритмдік материалдар және оларды бастауыш сыныптарда оқыту жайлы терең білім алды.

  2. Эксперимент соңына қарай студенттер алгоритмнің бастауыш сынып оқушыларын оқытудағы орны, рөлі мен мәнін түсінді, бастауыш сынып оқушыларын оқыту үдерісінде алгоритмдерді оқып үйрену мен пайдалану амал әрекеттерін, құралдарын, формаларын, тәсілдерінің түрлері кеңейді, танымдық әрекеттері белсендірілді.



3.3 Зерттеу мәселесі бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыс нәтижелері
Жұмысымыздың бұл тараушасында зерттеу барысында жүргізілген тәжірибелік эксперименттік жұмыстардың нәтижелері баяндалатын болады. Тексеру экспериментіне анықтаушы эксперименттегі күндізгі оқу бөлімі Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі 3-курс (бакалавриат) студенттері қатысты. Студенттердің оқу мотивациясын диагностикалау әдістемесін (А.А.Реан және В.А.Якунин, Н.Ц.Бадмаев модификациясы) қайта өткіздік. Зерттеу жұмысы барысында мұнда да нәтижелер алты оқу мотиві бойынша өңделді. Талдау нәтижесі төмендегідей:

Кесте 21 – Студенттердің оқу мотивациясын диагностикалау әдістемесі бойынша талдау көрсеткіштері







Мотивтер түрі

Топтар

Бақылау тобы

Тәжірибелік топ

1

Кәсіби әрекетіне дайындық

12

24

2

Болашаққа деген ұмтылыс

14

14

3

Шығармашылық даму

11

14

4

Оқу-танымдық мотивтер

20

25

5

Біліктілігін көтеру мотивтері

18

23

6

Әлеуметтік мотивтер

23

-

Барлығы




100 %

100 %

Алынған мәліметтерге сүйенсек, эксперименттік топ студенттерінің кәсіби әрекетке ұмтылысы (28%), оқу-танымдық мотивтері (30%) жоғары, ал әлеуметтік мотивтерінің мүлдем болғаны байқалады. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың мазмұндық-құрылымдық моделінің мотивациялық-мақсаттық компонентінің нәтижесі 22-кестеде келтірілген


Кесте 22 – Мотивациялық-мақсаттық компонентінің нәтижесі





Деңгейлер

Топтар

БТ(66)

ЭТ (67)

жоғары

34%

56%

орташа

24%

19%

төмен

42%

25%

«Алгоритмдерді оқыту әдістемесі» курсы өткеннен кейін болашақ мамандардың ӘМС даму деңгейін анықтау мақсатында және модельдің мазмұндық-ақпараттық компонентін тексеру үшін алдыңғыға ұқсас, бірақ біршама өзгерген, күрделенген жазбаша диагностикалық тапсырмалар берілді. Тапсырманың толық мазмұны Д қосымшасында келтірілді. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамыту деңгейін анықтау мақсатында ұсынылған 23-кестеде келтірілген жазбаша диагностикалық жиынтық бағалау жұмысы да Блум таксономиясы деңгейлеріне сай дайындалған.


Кесте 23 – Жазбаша жиынтық бағалау тапсырмалары мен дескрипторлары





БТ деңгейі

Жаттығудың мазмұны

Дескрипторлар

Балл саны

1

2

3

4

білу

Алгоритмдік ұйғарым

  1. «Алгоритмдік ұйғарымның» не екенін




23 – кестенің жалғасы








мен алгоритмді ажыратыңыз.

  1. біледі.

  2. «Алгоритм» деген не екенін біледі.

  3. Алгоритмнің қасиеттерін біледі.

1
1
1

түсіну

Жаттығу бойынша алгоритм құрыңыз: «Торкөзді пайдаланып, тіктөртбұрыш салыңыз».

  1. Салу жұмысына берілген тапсырма екенін түсінеді;

  2. Алгоритмді түсінеді;

  3. Алгоритмді жаза алады.

1

1
1


қолдану

«Жақшалы өрнектерде алдымен жақшаның ішіндегі амал орындалады». Алгоритмді былайша беріңіздер:
а)жадынама түрінде;
ә) командалар тізімі-мен;
б) блок-схемалар

  1. Ережені қолданады;

  2. Ереженің жадынамасын жаза алады;

  3. Алгоритмін нақты командалар бойынша жазады;

  4. Блок-схемаларды жасайды.

  5. Нақты мысал арқылы алгоритмді толық жазып береді.

1
1

2
2

1


талдау

Теңдеуді шешіңіз:
7х-9= 5х+13
а) таңдап алу тәсілімен;
ә) амалдардың өзара кері екеніне сүйеніп;
б) тура теңдіктің қасиетіне сүйеніп.

  1. Теңдеудің түрін және сыныбын анықтайды;

  2. Теңдеуді белгісіздің мәнін таңдап алу тәсілімен шешудің алгоритмін талдай отырып жазады.

  3. Теңдеуді қосу мен азайту амалдарының өзара кері амалдар екеніне сүйеніп шешудің алгоритмін талдай отырып жазады.

  4. Теңдеуді тура теңдіктің қасиетіне сүйеніп шешудің алгоритмін талдай отырып жазады.

1

1
2

2


жинақ-тау

Блок-сызбаға қарап, мысал құрастырыңыз.

  1. Блок-сызбаны түсінеді, оқи алады;

  2. Блок-сызба бойынша алгоритм түрін таба алады.

  3. Блок-сызба бойынша есепті шығартудың алгоритмін құра алады;




1

1


2








4. Блок-сызба бойынша теңдеу шештірудің алгоритмін құра алады;

  1. Блок-сызба бойынша мысалдың мәнін табудың алгоритмін құра алады;

  2. Блок-сызба бойынша алгоритмнің ретін нақты анықтай алады.




бағалау

Логикалық есепті шы-ғартудың алгоритмін-дегі қателікті табыңыз. Неліктен олай ойлай-сыз? Жауабыңызды негіздеңіз.

  1. Логикалық есептегі орындалатын әрекеттердің ретін таба алады;

  2. Орындалған алгоритмнің ішінен қолайлысы, тиімдісін анықтай алады;

  3. Оқушының жіберген қатесін анықтай алады.

1

1


1

Жазбаша диагностикалық бақылау жұмысын орындау барысында болашақ мамандардың «алгоритм», «алгоритмді жазу», математикалық жаттығу, оның ішінде «теңдеуді шешу алгоритмі», «есепті шығару алгоритмі» жайлы ақпараттық білімі жоғары, жаттығулардың мазмұнын түсініп, оларды орындай алады. Бақылау тобының студенттері «білу» мен «түсіну» әрекеттерінің тапсырмаларын эксперименттік топ студенттерімен бірдей деңгейде орындаған. Ал «қолдану» деңгейінде амалдарды орындаудың ретін білгенімен, тапсырманың ә) және б) бөлімін мүлдем орындай алмаған. «Жинақтау» деңгейінің тапсырмасын мүлдем түсінбеген.


Ал эксперименттік топ студенттерді алгоритмді түсініп қана қоймай, «талдау» деңгейіндегі теңдеуді шешудің барлық үш түрінің алгоритмін келтірген. Бесінші тапсырмада студенттердің блок-сызбаны түсініп, оның мазмұнына сай есеп құрастырып, алгоритмнің тармақталған түрі екенін ажырата алған. Есепті жекелеген амалдар (мысал шығару) және алгебралық тәсілмен (теңдеу құру арқылы) шығара алған. Тіпті жаттығудың үш түріне де сызба бойынша мысал келтірген студенттер (21%) бар. Студенттерге күрделі, қиын болатын тапсырмалардың бірі болып табылатын «бағалау» деңгейінің тапсырмасының өзін дұрыс орындаған студенттер басым.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жазбаша жиынтық бағалау тапсырмаларының нәтижесі 24-кестеде және диаграммада келтірілген.

Кесте 24 – Жазбаша жиынтық бағалау тапсырмаларының нәтижесі





Деңгейлер

Тексеру экспериментінің нәтижесі

БТ(66)

ЭТ (67)

жоғары

32%

73%

орташа

41%

23%

төмен

27%

4%

Кестедегі тексеру экспериментінің мәліметі бойынша диаграмма тұрғызылды:



Сурет 34 – Тексеру экспериментіндегі болашақ мамандардың білім деңгейлерінің көрсеткіші


Диаграмма мен кестеге қарасақ, болашақ мамандарға «Алгоритмдерді оқыту әдістемесі» арнайы курсы өткізіліп, дәрістер мен практикалық сабақтар жүргізіліп, СОӨЖ бен СӨЖ тапсырмаларын орындату барысында мамандардың алгоритмдік әдістемелік-математикалық сауаттылығының даму динамикасының әдеуір өскенін байқауға болады. Бақылау тобының студенттеріне қарағанда (31%) тексеру эксперименті кезінде эксперименттік топ студенттерінің білім деңгейлерінің (73%) 2 есеге дейін жоғары екендігін көруге болады.


Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың мазмұндық-құрылымдық моделінің операционалдық -әрекеттік компонентін анықтаудағы Ю.М.Орловтың «Табысқа жетуге қажеттілік» тестін де қайтадан өткіздік. Ондағы мақсатымыз – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің алгоритмді үйренуге қажеттілігінің, түрлі әрекет тәсілдерінің орындалуына қажеттіліктің, әрекет етуге ұмтылушылық, жасаған әрекетінің нәтижесін көруге ұмтылушылық деңгейін анықтау. Аталмыш тестті біз төмендегідей шкалалар бойынша таңдап алдық:
1. Қызықты әрекеттің қажеттігі;
2. Нәтижелі әрекеттің қажеттігі;
3. Табысқа жетудің қажеттігі;
4. Табандылықтың, шыдамдылықтың қажеттігі;
5. Ұзақ мерзімді мақсатты-қажеттілік.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамыту моделінің операционалдық-әрекеттік компонентін тексерудің нәтижесі төмендегідей:
1. Қызықты әрекеттің қажеттігі; Кейбір студенттер қандай да бір әрекетті, мейлі ол математикалық мазмұнды болсын, мейлі нақты өмірлік жағдаят болсын орындалатын әрекеттің қызықты болуы жағына ерекше мән беретінін айтты.
2. Нәтижелі әрекеттің қажеттігі; Болашақ мамандар қандай әрекет орындамасын оның нәтижесінің болуын, оның оң не теріс болуының маңызды емес екендігін білдіргендер болды.
3. Табысқа жетудің қажеттігі; Оқу/оқыту үдерісінде орындалатын әрекеттің табысты болуын, оның ішінде математикалық жаттығуларды орындауда қажет болатын дұрыс жауапқа жетудің табыстылығын қажет ететін студенттер де болды.
4. Табандылықтың, шыдамдылықтың қажеттігі; Қандай да бір әрекетті орындау барысында бастаған жұмысты аяғына жеткізу үшін табандылық пен шыдамдылық қажет. Басталған жұмысты нәтижесіне жете алмай, аяғына жеткізбейтіндер де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет