5. Ұзақ мерзімді мақсатты-қажеттілік. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсібіне қажет болатын ұзақ мерзімді әрекеттер өте маңызды. Сабаққа дайындалу, қысқа мерзімді жоспар дайындау, әрекет ету мен оны орындауда өзіне деген сенімділіктің жоғары болуы негізгі маңызды мәселе болып табылады. Аталмыш тесттің қорытындысы 25-кестеде келтірілді.
Кесте 25 – Табысқа жетуге ұмтылушылық деңгейі
Топтар
|
өте төмен
|
төмен
|
орташа
|
жоғары
|
өте жоғары
|
Бақылау тобы
|
26%
|
22%
|
17%
|
22%
|
13%
|
Эксперименттік топ
|
6%
|
11%
|
19%
|
34%
|
30%
|
|
|
|
|
|
|
Сурет 35 – Табысқа жетуге ұмтылушылық диаграммасы
Кесте мен диаграммаға қарасақ, бақылау тобының деңгейлерінің едәуір төмен екендігін байқауға болады. Эксперименттік топтың табысқа жетуге ұмтылушылығы «жақсы» және «өте жақсы» деген жауаптың жоғарылығын көрсетеді. Қызықты әрекеттерден гөрі табысқа жетуге, нәтиженің қажеттілігінің басым болуын бөліп көрсеткен. Бұдан эксперименттік топтағы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекетінде табысқа жетуге, шыдамдылықпен оң нәтиже алуға, жұмысын қорыту мен талдау арқылы мақсатты түрде табысқа жетуге даяр екенін байқауға болады.
Эксперименттік топтағы сыналушыларды эксперименттің бастапқы кезеңіндегіге (кесте 26) қарағанда оқушылардың рефлексиясын дамытуға даярлығының орташа көрсеткіштері жоғарылағаны, ал бақылау тобындағы сыналушылардың көрсеткіштері аса өзгермегені байқалады. Бұл жүргізілген тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың тиімділігін көрсетеді. Өз ісіне, өзгенің әрекетіне рефлексия жасай алу, әрекетін қорыта алу, пайымдаулар мен тұжырымдай жасай алу – болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне қажет әрекеттердің бірі. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың мазмұндық-құрылымдық моделінің рефлексиялық-бағалаушылық компонентін тексеру үшін В.В.Пономареваның «Рефлексиялық деңгейін анықтау әдістемесін» қайта орындаттық. Екі топтың да студенттері бастапқы сұрақтарға жауап берді. Тест бойынша эксперимент тобының студенттерінің жауаптарының басым көпшілігі 7-ден артық болды. Белгілі бір әрекет орындау барысында өз әрекетіне толық талдау жасайды, өзгенің жұмысының дұрыс-бұрыстығын өте жақсы талдай алады. Өзінің әрекетінің нақ қазіргі кездегі нәтижесін біледі, болашақта қандай жағдай болатынын болжай алады. Орындайтын әрекеті мен тапсырмасын өте жоғары деңгейде жоспарлай алады.Ал бақылау тобының студенттерінің деңгейлерінде аса көп айырмашылық жоқ. Рефлексиялық деңгейлері негізінен 4-тің айналасында қалып қойған. Өз әрекетін талдай және келешектегі әрекетін айта алғанымен, өзгенің жұмысын талқылауға қиналады, кінәні өзінен емес, көпшілік жағдайда өзгелерден іздейді. Сыналушылар өздерін біреудің орнына қойып, оның әрекетін алдын-ала болжай алмайды.
Кесте 26 – Студенттердің «Рефлексиялық деңгейін анықтау әдістемесінің» нәтижесі
Топтар
|
Төмен
|
Орташа
|
Жоғары
|
Бақылау тобы
|
39%
|
33%
|
28%
|
Эксперименттік топ
|
12%
|
29%
|
59%
|
Кестеден эксперименттік топ сыналушыларының төмен деңгейінің азайып, жоғары деңгейінің көтерілгенін байқауға болады. Демек, студенттердің орташа деңгейлері бірдей болғанымен, эксперименттік топ сыналушылары өз әрекетіне рефлексиялық талдау жасап, жұмысын, әрекетін қорытындылай алады, болашақта өз әрекетін болжап, қателіктері болса, түзетуге, өзгенің әрекетіне де талдау жасап, бағыт беруге дайын деуге болады.
Жоғарыда келтірілген бірнеше әдістемелер мен авторлық жазбаша диагностикалық бақылау тапсырмаларының нәтижелерін талдай келе, мынадай тұжырымдар жасауға болады:
біріншіден, болашақ мамандардың әдістемелік-математикалық сауаттылығы тек мақсатқа бағытталған бірлескен іс-әрекет барысында дамиды;
екіншіден, жоғарғы оқу орындары студенттерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығының дамуына эксперименттің едәуір ықпалы болды;
үшіншіден, корреляциялық талдау нәтижелері бойынша мамандардың студенттерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығының даму динамикасында едәуір даму анықталды.
Төменде келтіріліп отырған 27-кестедегі мәліметтерде екі топтағы сыналушы болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің әдістемелік-математикалық сауаттылығының даму деңгейлерін сипаттайтын барлық көрсеткіштерінде мәнді айырмашылықтардың бар екендігі байқалады.
Кесте 27 – Тексеру экспериментінің қорытынды нәтижелерінің мониторингі
Компоненттер
|
Эксперименттік топ (67)
|
Бақылау тобы (66)
|
деңгейлер
|
жоғары
|
орта
|
төмен
|
жоғары
|
орта
|
төмен
|
Мотивациялық-мақсаттық
|
56%
|
19%
|
25%
|
42%
|
24%
|
34%
|
Мазмұндық-ақпараттық
|
73%
|
23%
|
4%
|
32%
|
41%
|
27%
|
Операционалдық-әрекеттік
|
64%
|
22%
|
14%
|
44%
|
17%
|
48%
|
Рефлексиялық-бағалаушылық
|
59%
|
29%
|
12%
|
39%
|
33%
|
28%
|
Кестеден көріп отырғандай, бақылау тобында алгоритмді оқытуға қатысты қажетті жұмыс жүргізілмеді, сондықтан ешқандай өзгерістің жоқ екендігі байқалса, ал тәжірибелік-эксперимент жүргізілген эксперимент тобы студенттерінің орындаған материалдарының нәтижелерінен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған зерттеудің төрт компоненті бойынша да мамандардың дайындығының едәуір артын тұрғанын аңғартты.
Зертеудің анықтаушы эксперимент жүргізу кезіндегі және арнайы курс оқу барысында қалыптастырушы экспериментте арнайы дәріс, практикалық, СӨЖ жұмыстарын орындату барысындағы таңдап алынған критерийге сай мониторинг пен диагностика жасау соңында алынған ақырғы нәтижелерді салыстырған кезде графикалық бейнесі төмендегідей болып шықты.
Кесте 28 – Эксперименттің басы мен соңындағы қорытынды нәтижелерінің мониторингі
Компоненттер
|
Эксперименттін соңындағы нәтижелер
|
Эксперименттін басындағы нәтижелер
|
деңгейлер
|
жоғары
|
орта
|
төмен
|
жоғары
|
орта
|
төмен
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Мотивациялық-мақсаттық
|
56%
|
19%
|
25%
|
24%
|
23%
|
53%
|
Мазмұндық-ақпараттық
|
73%
|
23%
|
4%
|
11%
|
14%
|
75%
|
Операционалдық-әрекеттік
|
64%
|
22%
|
14%
|
11%
|
36%
|
53%
|
Рефлексиялық -бағалаушылық
|
59%
|
29%
|
12%
|
25%
|
34%
|
41%
|
Соңғы мәліметтің диаграммасы төмендегідей:
Сурет 36 – Эксперименттің басы мен соңындағы қорытынды нәтижелерінің диаграммасы
28-кесте мен 36-диаграмманың қорытындысы бойынша эксперименттің басындағы көрсеткіштерге қарағанда, эксперименттің соңында студенттердің білім деңгейлерінің жоғарылағанын көруге болады. Зерттеу жұмысының соңында келтірілген кесте мен диаграммадағы деректер диссертация жұмысын зерттеуде жүргізілген қалыптастырушы эксперименттің әлдеқайда нәтижелі болғанын көрсетеді.
Кесте 29 – Эксперимент тобының даму нәтижесін статистикалық тұрғыдан талдау
Компоненттер
|
Эксперименттін басындағы
нәтижелер
|
Эксперименттін соңындағы нәтижелер
|
Мотивациялық-мақсаттық
|
47%
|
75%
|
Мазмұндық-ақпараттық
|
25%
|
96%
|
Операционалдық-әрекеттік
|
47%
|
86%
|
Рефлексиялық -бағалаушылық
|
59%
|
88%
|
Бастапқы болжам Н0 – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған компоненттерді әр топ меңгермейді. Ал балама болжам Н1 – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған көрсеткіштерін, өлшемдері мен компоненттерін меңгергенін білдіреді.
- критериімен формуласы бойынша есептейміз.
Мұндағы және - салыстырылып отырған екі топтың таңдамаларының жиіліктері.
Берілген q = 0,05 нақты мәнді деңгейі мен еркін дәрежеде алынған саны
v=k-1=4-1=3 арқылы арнайы кестеден критикалық мәні анықталады.
болғандықтан, (65,1>7,82) Н0 болжамы қабылданбайды. Яғни, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытуға бағытталған модельдің компоненттерін, көрсеткіштерін меңгереді, яғни болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығы дамиды.
Т-стьюдент критериін пайдаланып жүргізілген статистикалық есептеулер бақылау тобына қарағанда эксперименттік топтағы студенттердің алгоритмдік әдістемелік-математикалық сауаттылығының әлдеқайда жоғары дамығандығын дәлелдеуге мүмкіндік берді.
Сонымен, тәжірибиелік зерттеу жұмысымызды қорытындылай келе, егер болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың мәні мен құрылымы анықталып, оның әдістемелік жүйесі жасалса, әзірленген әдістемесінің құрылымдық-мазмұндық моделі шығармашылықпен жүзеге асырылып, тәжірибеге ендірілсе, онда болашақ мамандардың әдістемелік-математикалық сауаттылығын дамытудың жоғары деңгейіне қол жеткізу мүмкін болады, өйткені алгоритмдерді оқытуға бағытталған оқу-әдістемелік кешен білім алушылардың дамуына жол ашады деген болжамымыз дәлелденді.
Достарыңызбен бөлісу: |