Астана қ. 20 жылғы



Дата14.07.2016
өлшемі82 Kb.
#197946
____ САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫ


Астана қ.

20__ жылғы «___» _____________

Бұдан әрі бірлесіп Тараптар деп аталатын

______________________ негізінде әрекет етуші Комитет төрағасының орынбасары ______________ тұлғасындағы, бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын мемлекеттік басқару органы болып табылатын «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті» РММ,

______________________ негізінде әрекет етуші Бас директор ______________ тұлғасындағы, бұдан әрі «Кәсіпорын» деп аталатын «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны,



______________ тұлғасындағы бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын жеке тұлға (дара кәсіпкер, заңды тұлға) Қазақстан Республикасы мемлекеттік материалдық резервінен материалдық құндылықтарды шығару бойынша 20__ жылғы «__» ___________ өткізілген тендерлік комиссия отырысының хаттамасына сәйкес төмендегілер туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.

  1. ШАРТ МӘНІ


1.1. Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын (бұдан әрі – Тауар) № __ лот бойынша «Сатушы» сатуды міндетіне алады, ал «Сатып алушы» сатып алуды міндетіне алады.


  1. ТАУАР КӨЛЕМІ




    1. Тауардың атауы, өлшем бірлігі, саны осы шарттың ажырамас бөлігі болып

табылатын № 1 қосымшада айтылған.


  1. ТАУАРДЫ ТАПСЫРУДЫҢ МЕРЗІМІ МЕН ТӘРТІБІ


3.1. «Сатып алушыға» Тауар «Сатушы» берген шығару наряды негізінде тапсырылады. «Сатып алушыға» наряд шотқа қаржы қаражатының түскендігі туралы «Кәсіпорын» ұсынған растауға сәйкес № __ лот бойынша Тауардың толық төлемі түскеннен кейінгі 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.

3.2. Тауарды тапсыру шарты: EXW, Инкотермс-2010-ға сәйкес.

3.3. «Сатып алушы» Тауарды __ (____) күнтізбелік күн ішінде толығымен тасып әкетуі тиіс. Тауарды тасып әкету мерзімі наряд жазып берілген күннен бастап есептеледі.


  1. БАҒАСЫ


4.1. Тауар бірлігінің бағасы осы шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын № 1 қосымшада көрсетілген.

4.2. Тауардың жалпы құны ________ (__________________________) теңгені құрайды.

4.3. № __ лот бойынша Тауардың бағасы ҚҚС-н есепке ала отырып «Сатушының» нарядына сәйкес көрсетілген.


  1. ЕСЕП АЙЫРЫСУ ТӘРТІБІ


5.1. «Сатып алушы» Тауардың бүкіл көлеміне Шартқа қол қойылған күннен бастап __ (___) күнтізбелік күн ішінде осы Шартта көрсетілген «Кәсіпорынның» есеп шотына төлем жүргізеді, соның ішінде «Кәсіпорын» Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 256-бабының 2-тармағына сәйкес Өнім бойынша шот-фактура жазып бермейді.

5.2. «Кәсіпорын» Тауарға төленген соманы КБК 302105 бойынша республикалық бюджетке наряд толық орындалғаннан кейін Республикалық бюджетке ақшалай қаражатты аудару кестесіне сәйкес аударуға міндетті.


  1. ТАПСЫРУ-ҚАБЫЛДАУ


6.1. Тауарды босату үш данада жасалған «Сатып алушы» мен «Кәсіпорын» өкілдері қол қойған Қабылдау-тапсыру актісімен ресімделеді.

6.2. Қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген орын мен салмақ мөлшері бойынша мәліметтерге сәйкес Тауарды «Сатушы» мен «Кәсіпорын» тапсырды және «Сатып алушы» қабылдады деп саналады.

6.3. «Сатып алушы» өкілі Тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойғаннан кейін Тауардың саны мен сапасына қатысты талаптар қабылданбайды.

6.4. Тауарды босату Тауардың нақты бар болуы бойынша жүргізіледі.

6.5. Тауарды тиеу кезінде пайда болған табиғи азаю «Сатып алушы» есебіне жатады.

6.6. Көлік құралдарын жалдауға, вагондарды және басқа көлік құралдарын келтіруге/жинауға қатысты барлық шығындар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңамаларында белгіленген барлық мүмкін болатын шығындар (жинаулар, баж салықтары, төлемдер және басқада шығындар) «Сатып алушы» есебіне жатады.

6.7. «Сатып алушы» көлігіне Тауарды тиеуге қатысты шығындар «Сатып алушы» есебіне жатады.


  1. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ


7.1. Тауарға меншік құқығы Тараптар өкілдері Тауарды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған сәттен бастап «Сатушыдан» «Сатып алушыға» көшеді.


  1. ТАРАПТАР ЖАУАПКЕРШІЛІГІ


8.1. «Сатып алушы» Тауардың осы шарттың 5.1.-тармағында көрсетілген төлем мерзімін бұзған жағдайда «Сатып алушы» республикалық бюджет пайдасына аудару үшін «Кәсіпорынға» ақшалай қаражатты аудара отырып әрбір мерзімі кешіктірілген күнтізбелік күн үшін Тауардың жалпы құнының 0,5%-ы мөлшерінде «Сатушыға» өсімақы төлейді.

8.2. Төлем 10 (он) күнтізбелік күннен артық кешіктірілген жағдайда «Сатушы» осы шартты «Сатып алушыға» хабарлама жолдау жолымен біржақты тәртіпте бұзуға құқылы. Шартты бұзу күні «Сатушының» «Сатып алушыға» хабарлама жолдаған күні болып табылады.

8.3. «Сатып алушы» осы шарт негізінде қабылдаған міндеттемелердің кез-келгенін орындамаған жағдайда «Сатушы» шартты біржақты бұзғанда «Сатып алушы» «Кәсіпорынға» соңынан республикалық бюджет пайдасына аудару үшін ақшалай қаражатты аудара отырып тауар құнының 5%-ы мөлшерінде айыппұл төлейді.

8.4. «Сатып алушы» осы шарттың 3.3-тарауында көрсетілген Тауарды тасып әкету мерзімін бұзған жағдайда «Сатып алушы» республикалық бюджет пайдасына аудару үшін «Кәсіпорынға» ақшалай қаражатты аудара отырып әрбір мерзімі кешіктірілген күнтізбелік күн үшін Тауардың жалпы құнының 0,5%-ы мөлшерінде өсімақы төлейді.

8.5. «Сатып алушы» осы шарттың 3.3-тарауында көрсетілген Тауарды тасып әкету мерзімін бұзған жағдайда «Сатып алушы» айыппұл санкцияларынан басқа «Кәсіпорынның» тауарды сақтауға байланысты шығындарының орнын толтыруға міндетті.

8.6. «Сатып алушы» шартты біржақты тәртіпте бұзуға құқылы. Мұндайда шартты бұзу күні «Сатушы» мен «Кәсіпорынға» шартты орындаудан біржақты бас тарту туралы «Сатып алушының» хабарламасын алған күні болып табылады. Шарт бойынша «Сатып алушы» шартты орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда «Кәсіпорынға» соңынан республикалық бюджет пайдасына аудару үшін ақшалай қаражатты аудара отырып тауарлардың жалпы құнының 5%-ы мөлшерінде айыппұл төлейді.

8.7. Айыппұл мен өсімақы төлеу «Сатып алушыны» осы шарт бойынша міндеттемелерді толық көлемде орындаудан босатпайды.

8.8. «Сатушыға» «Сатып алушының» осы шарт бойынша міндеттемелерін орындамауы салдарынан келтірілген шығындардың орнын соңғысы осы шартпен көзделген өсімақы мен айыппұлдан тыс толтырады.

8.9. «Сатушы» мен «Кәсіпорын» акцептсіз тәртіпте «Сатып алушы» шарт бойынша тауар үшін төлеген сомадан өсімақы мен айыппұл сомасын ұстап қалуға құқылы.


  1. ФОРС-МАЖОР


9.1. Егер соғыс, табиғи зілзала, өрт секілді еңсерілмейтін күш жағдайлары салдарынан болса, онда осы шарт бойынша өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамаған Тараптардың ешқайсысы жауапкершілік тартпайды. Егер осындай жағдайлардың кез-келгені міндеттемені осылай орындауының мерзіміне тікелей әсер ететін болса, онда бұл мерзім сондай жағдайдың соған сәйкес әрекет мерзіміне ығыстырылады немесе шарт жазбаша келісім бойынша бұзылады.

9.2. Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға мүмкіндігінің болмауы туындаған Тарап міндеттемелерді орындауға кедергі келтіруші еңсерілмейтін күш жағдайының туғандығы туралы басқа Тарапты 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабардар етуі тиіс. Егер «Сатып алушы» «Сатушыны» еңсерілмейтін күш жағдайының туғандығы туралы ол туындаған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабардар етпесе, «Сатушының» оны назарға алмауына құқығы бар.

9.3. Егер форс-мажор жағдайының ұзақтығы 30 (отыз) күнтізбелік күннен асса, онда кез-келген Тарап шартты бұзу күнінен 10 (он) күнтізбелік күн бұрын ол туралы басқа Тарапты жазбаша хабарландыра отырып Шартты бұзуға құқылы.

9.4. Форс-мажор жағдайының болуы және оның ұзақтығына Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген анықтамалар тиісті дәлел болады.


  1. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫС МЕРЗІМІ


10.1. Осы шарт Тараптар қол қойған күнінен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы «__» ___________ дейін қолданыста болады. Осы шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартуға және/немесе осы шартты біржақты бұзуға жол берілмейді.


  1. ДАУДЫ ШЕШУ


11.1. Тараптар арасындағы барлық дау келіссөз жолымен шешіледі.

11.2. Тараптар келісімге келе алмаған барлық дау қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен шешіледі. Сот ісін жүргізу орны Астана қаласы болып табылады.


  1. БАСҚА ДА ТАЛАПТАР


12.1. Осы шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңдық күші бар 3 төл данада, әр Тарапқа біреуден жасалды.

12.2. Осы шартқа қол қойылғаннан кейін ол бойынша барлық алдын ала жұмыстар, хат алмасу, алдын ала келісімдер және осы шартқа қандай да бір қатысты мәселелер бойынша ниет туралы хаттамалар күшін жояды.

12.3. Осы шартқа қол қою сәтінде «Сатып алушы» Тауардың техникалық және технологиялық сипаттамаларымен танысты және болашақта тапсырылған Тауардың сапасы бойынша «Сатушы» пен «Кәсіпорынға» қандай да бір шағымы мен талабы болмайды.


  1. ТАРАПТАРДЫҢ РЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ

САТУШЫ


«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті» РММ

Астана қ., Янушкевич көшесі, 2

БСН 941 140 000 338

ЖСК KZ92070101КSN0000000

БСК ККМFKZ2A, коды 2430004

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ


Төраға орынбасары
________________ ________________

КӘСІПОРЫН

«Резерв» ШЖҚ РМК

Астана қ., Янушкевич көшесі, 2

БСН 990 140 003 130

ЖСК KZ459261501105774002

БСК KZKОKZKX, коды 16

«Қазкоммерцбанк» АҚ


Бас директор
________________ ________________

САТЫП АЛУШЫ

______________________________

______________________________

Тел/факс: ______________________

БСН __________________________

ЖСК _________________________

БСК _________________________

Банк __________________________


_________________

_________________ ________________



_____________ _________________
20__ жылғы «___» ______________

№ ___ шартқа № 1 қосымша




Тауар атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Бірлік бағасы

Теңге сомасында

Шығару орны











































БАРЛЫҒЫ:










САТУШЫ: КӘСІПОРЫН: САТЫП АЛУШЫ:

«ҚР ҰЭМ ММРК» РММ «Резерв» ШЖҚ РМК ______________________________

Төраға орынбасары Бас директор __________________



______________ ______________ ______________ ______________ ______________ ______________




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет