Астана қ. 25 қыркүйек 2014 ж. Баспасөз релизі



жүктеу 18.66 Kb.
Дата26.06.2016
өлшемі18.66 Kb.














Астана қ. 25 қыркүйек 2014 ж.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2014 жылғы 25 қыркүйекте Астана қаласында Назарбаев Университетінде «Орталық Азияның шөлденуі: бағалау, болжау, басқару» тақырыбында 1-ші Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі География институты, «Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы», «Назарбаев Университеті» және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) табылады.

Шөлдену – бұл қоршаған ортаның азғындаушылығының әлемдік үрейлі мәселелерінің бірі. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының деректері бойынша қазіргі таңда ғаламшардың шамамен үштен бір бөлігіне шөлдену қаупі төніп тұр, миллиардтан астам адам шөл далада қалып қоюы мүмкін. Шөлдену мен құрғақшылық жыл сайын ауыл шаруашылығына шамамен 42 млрд. АҚШ доллары көлемінде шығын келтіреді.

Шөлдену мәселесі Қазақстан үшін айтарлықтай өзекті мәселе, себебі аумақтың 62,2% шөлейт және шөл далалар алып жатыр. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын 90 млн га жердің шамамен үштен бір дефляция үрдісіне, соның ішіне шөл далалар мен орман далаларының аумағы кіреді. Құрғақ және құрғақшыл аудандарда Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі бөлігі өндірілгендіктен осы аудандардың шөлге айналуы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.

Конференцияда табиғи ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану мәселелері, климаттың өзгеруіне және антропогендік жүктемеге байланысты шөлдену үрдісін болжау және басқару мәселелері қарастырылып жатыр. Орталық Азия елдері аумақтарының шөлденуі үрдісінің барысы және жер деградациясымен күресу мәселелері қарастырылады, қуаң жерлерді басқару әдістері айқындалады.

Халықаралық конференцияның жұмысына 120 маман қатысады, солардың арасында Қазақстан Республикасының, Қытай Халық Республикасының, Моңғолияның, Әзірбайжан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, Тәжікістан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түркіменстанның ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарының, министрліктері мен ведомстволарының өкілдері бар.



Қосымша ақпарат алуға арналған байланыстар:

«Қазақстандық ұлттық географиялық қоғамы» РҚБ
Мекен-жайы: Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 53 үй, 39-блок, 89-кеңсе
Тел: +7(7172) 70 65 98, 70 66 07

Email: kazgeography@nu.edu.kz


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет