Астана қ., 8 шілде баспасөз баяны елдегі қоғамдастық «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламасының жобасын талқылауға тартылады



жүктеу 33.11 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі33.11 Kb.
Астана қ., 8 шілде
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
Елдегі қоғамдастық «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарламасының жобасын талқылауға тартылады
Бүгін партияның Орталық аппаратындағы жұмысшы тобының отырысында «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының жобасы таныстырылды.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасының жаңа жобасы қоғамдастық, интернет-пайдаланушылар, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен партия мүшелерінің талқылауы мен ұсынастар енгізуі үшін nurotan.kz ресми сайтында жарияланады. Ұсыныстар мен толықтыруларды anticorruption@nurotan.kz электрондық поштасына жіберуге болады.

Отырысты ашқан партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Бес айлық жұмыстан кейін біздің қолымызда Бағдарлама жобасы бар, біз оны Мемлекет басшысының тапсырмасымен қалың бұқараның талқылауына ұсынып жатырмыз. Қалаған адам өзінің пікірі мен ұсынысын жолдай алатын арнайы пошталық мекенжай құрылды..., бұл партияның стратегиялық және маңызды құжатының қалың қауымның талқылауының көмегімен жасалған алғашқы оқиға емес. Біздің саяси Доктринамыз да дәл осылай жазылған болатын. Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Бағдарламасына орай келген әрбір хатқа, кез-келген ұсынысқа риза боламыз» деп атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың көрінісімен емес, оны туғызатын себептермен және жағдаймен күрес Бағдарламаның ең негізгі қағидаттарының бірі болып табылады. Әлемдік озық тәжірибенің негізінде отандық заңнаманы жетілдіру ұсынылады.

Жаңа Бағдарламада қоғамда сыбайлас жемқорлық пен оның көрінісіне төзбейтін мәдениет қалыптастыруға, сондай-ақ, мемлекет, азамат және бизнестің, тең және жауапты әріптес ретіндегі қарым-қатынасының сапалы жаңа сипатын қалыптастыру қажеттілігі туғандықтан, еліміздің барлық аймағындағы тұрлі мақсатты топтар мен азаматтық секторлармен қарым-қатынас орнатуға басымдылық беріледі.

Бағдарламада алғаш рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қоғамның және әр азаматтың жауапкершілігі бекітіледі.

Отырыс барысында Бауыржан Байбек аталған Бағдарламаның азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа деген санасы мен көзқарасын өзгертуге себепкер болатынын түсіндірді. Бағдарламаны іске асыру мемлекеттің азаматтардың мүддесіне тиімді қызмет етуі мен жауапты азаматтық қоғамның құрылуына, сондай-ақ, күшті қазақстандық бизнестің дамуына жағдай туғызады. Партияның саяси Доктринасында көрсетілгендей, осы элементтердің өзара жауапкершілігі мен шынайы әріптестігі Қазақстанның болашақтағы тыбыстылығын анықтайтын болады.

Құжатты қатарында белгілі заңгерлер, сарапшылар, қоғам қайраткерлері, Бас прокуратура пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері бар Жұмыс тобының дайындағанын еске салғымыз келеді. Атап айтсақ, жұмыс тобының құрамында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бірінші орынбасары Андрей Лукин, ҚР Парламент Сенатының депутаты Дулат Құсдәулетов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Болатбек Әбдірәсілов, ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығының директоры Исидор Борчашвили, ҚР ӘМ Заңнама институтының директоры Асылбек Смағұлов, ҚазГЗУ-дегі Қылмыстық-процессуалдық зерттеу және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ғылыми-зерттеу институының директоры Марат Қоғамов, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің Партияаралық кеңесінің үйлестірушісі Қайыржан Тақуов, Ғ.Сапарғалиев атындағы Мемлекет және құқық ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Николай Турецкий, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Жанар Бұқанова және басқалар болды. Сарапшылар тобының жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия Фракциясының мүшесі Нұрлан Әбдіров жетекшілік етті.

Бағдарламаны жүзеге асырудың іс жүзіндегі механизмі ретінде әр бесжылдыққа сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың Жол картасы мен жыл сайынғы шаралардың жоспары әзірленетін болады.

Жалпыәлемдік үрдістер есепке алына отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Партиялық Бағдарламаның нәтижесі Мемлекет басшысына таныстырылатын және БАҚ –та жарияланатын болады.

Бұл қүжаттардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саладағы күрестің толық сипаты көрініп, онда сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылықтың саны және оның деңгейінің бағалануы туралы ақпарат болады.


www.nurotan.kz; www.twitter.com/Nur_Otan; www.facebook.com/nurotan.kz;

http://instagram.com/nur_otan; http://www.flickr.com/people/99240259@N06/;



e-mail: press@nurotan.kz тел: +7 7172 55-55-63, +7 7172 55-55-96




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет