Астана. 17 мамыр. ҚазАқпарат Келесі жылы С



Дата19.06.2016
өлшемі12.5 Kb.
#147925
http://www.inform.kz/kaz/article/2464445
17 Мамыр 2012, 13:38

ҚазАТУ студенттері мен ұстаздары Италия, Испания, Польша, Чехия, Франция, Ирландия елдерінде білімдерін жетілдірмек



АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Келесі жылы С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ студенттері мен оқытушыларының Эразмус Мундус бағдарламасы аясында Италия, Испания, Польша, Чехия, Франция, Ирландия елдеріне сапары жоспарланып отыр.

Бұл туралы бүгін «Жоғары білім жүйесіндегі инновациялық білім беру технологиялары: тәжірибелері мен болашағы» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясында Астанадағы ҚазАТУ ректоры Ақылбек Күрішбаев мәлім етті.

 Ректордың айтунша, сыртқы байланыстардың арқасында университет студенттері алыс және жақын шетелдерге шығып, білім жетілдіріп жүр.



 «Мәселен, сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 30-дан астам студент Қазақстан, Ресей, Белоруссия, Франция, Үндістан және Алмания жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларын игеріп қайтқан. Сонымен қатар Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасының 23 университетінде 147 магистрант ғылыми сынақтан өтті. Вайенштефан Қолданбалы ғылымдар университетінде (Алмания) 2 магистрант және Моңғол Мемлекеттік ауыл шаруашылығы университетінде 8 PhD докторант білім алуда», - деді А. Күрішбаев.

 Халықаралық байланыстарды кеңейту мақсатында әрдайым шетелдік жоғары оқу орындарының профессорлары шақырылып тұрады. Бүгінде университет қабырғасында болып, студенттерге дәріс оқығандардың қатарында Кристиан Бауэр, Ян Ребайн, Йоханнес Хольцнер, Альбрехт Меннерих, Ральф Шлаудерер, Карлос Мачадо (Алмания), Ги Рибба (Франция), Тронд Далсвен (Норвегия), Вахневич Нина Ивановна, Буланова Ольга Викторовна, Спицын Анатолий Тихонович (Ресей Федерациясы), Пятигор Геннадий Михайлович, Маевская Алла Дмитриевна (Беларусь Республикасы) сынды ғалымдар бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет