Астана. 9 сәуір. ҚазАқпарат Астанада ғашықтар күніне орай, бозбала мен бойжеткенді таныстырған «Ақсүйек» ойыны тұңғыш рет он-лайн режімінде өтпек



Дата03.07.2016
өлшемі7.07 Kb.
#175473
http://www.inform.kz/kaz/article/2454352

09 Сәуір 2012, 22:22

Астанада 2 мың студент он-лайн режімінде «Ақсүйек» ойнайды

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Астанада ғашықтар күніне орай, бозбала мен бойжеткенді таныстырған «Ақсүйек» ойыны тұңғыш рет он-лайн режімінде өтпек.

Қазақ халқының ұлттық ойынын насихаттап, «Қозы мен Баян» ғашықтар күні мерекесіне орай ұйымдастырылатын бұл шара  14 сәуір күні, кешкі сағат 20.00-де С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бас ғимаратының алдындағы алаңда (саябақта) өтеді.

Университеттің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, іс-шара барысында мерекелік концерт болады, оның соңы би кешіне ұласады.



Ең қызығы, Астана қаласындағы өзге де жоғары оқу орындарының қатысуымен өтетін «Ақсүйек» ойыны бастарын махаббат қосқан шынайы 55 жұптың қатысуымен өтеді.

Мерекелік кешке ҚазАТУ-дан және басқа да ЖОО-лардан барлығы 2 мыңға жуық студент қатысады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет