Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің 2011 жыл қорытындысы бойынша есебі



жүктеу 146.41 Kb.
Дата10.06.2016
өлшемі146.41 Kb.
Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің

2011 жыл қорытындысы бойынша есебі
2005 жылдың 6 сәуірдегі Елбасының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындармен кездесу өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2012 жылдың 31 қаңтар мен 7 ақпан аралығында «Алматы» ауданы аумағында 7 есепті кездесу өткізіледі.

Сонымен қатар, халық көп шоғырланған жерлерде тұрғындар үшін арнайы орнатылған 10 қорапша арқылы жазба түрде шағым-ұсыныстар жасау мүмкіндігі қарастырылған.

Өткен жылы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының жұмысы негізгі нормативті-құқықтық актілерге және Астананың бекітілген Стратегиялық даму жоспарына сәйкес, 2011 жылы өткізілген кездесулер барысында тұрғындардан түскен ұсыныстарды ескеру негізінде жүргізілді.

Өткен есептік кездесулерде тұрғындардан 50 сұрақ пен ұсыныс түсті, оның ішінде:

- тұрғын үй мәселесі бойынша -15 сұрақ

- ауыз су мәселесі бойынша – 3

- жол жөндеу және жол құрылысы мәселесі бойынша – 4

- білім және денсаулық сақтау нысандарын жөндеу және олардың

құрылысы бойынша – 4

- электрофикация, газофикация және телефонизация бойынша - 7

- абаттандыру және санитарлық тазалық мәселесі бойынша – 8

- басқа да мәселелер жөнінде –24 сұрақ келіп түсті.

Барлық түскен ұсыныстар мен ескертулер негізінде қалалық басқармалар және қызметтермен бірлесіп тиісті шаралар қолданылып, тұрғындарға түсініктемелер мен жауаптар берілді.

Төменде көрсетілген диаграммада 2005-2011 жылдар аралығында есеп беру кездесулеріндегі азаматтардың ескертулері мен ұсыныстары санының азайғандағын көруге болады.




Ауданның экономикалық және өндірістік саласы
2011 жылы аудан көлемінде негізгі капиталға түскен инвестиция мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда, 46%-ға өсіп, 115 млрд. 60 млн теңгені құрады.

Ауданның құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстарына 93 млрд. 98 млн.теңге жұмсалды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 58,5%-ға артық.

«Алматы» ауданы кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 94 млрд. 363 млн.теңгеге өнім өндірді. (ол елорданың қаржыдан тыс секторының жалпы өндірістік өнім мөлшерінің 57,6 %-ын құрайды).

Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында Индустриалды саябақта «Тұлпар-Тальго» вагон құрастыру зауыты, сэндвич-панельдерді шығаратын зауыт және көкөністерді өсіретін жылыжай кешені сияқты өндірістік кәсіпорындар іске қосылды.

Ауданымыз бойынша тауар сатудың барлық орындарындағы бөлшектеп сатылған тауар көлемі 161 млрд. 587 млн. теңгені құрады.

Есепті мерзімде елордамызда жалпы көлемі 1 млн. 403 мың шаршы метр тұрғын үй салынып қолданысқа берілді, оның ішінде «Алматы» ауданы бойынша 679 196 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй қолданысқа берілді. Бұл – астанамыздағы қолданысқа берілген тұрғын үйдің 48 % құрайды.

Ауданның тұрғын үй құрылысына 34 млрд. 667 млн.теңге инвестиция жұмсалып, бүгінгі күні «Алматы» ауданы бойынша 2002-2011 жылдар аралығында салынып, қолданысқа берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 5,5 млн. шаршы метрді құрап отыр.

Аудан тұрғындарының саны да 1998 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 1,5 есеге артып, 358 мың 124 адамды құрады.




Тұрғын үй – коммуналдық саласы және инфрақұрылымның дамуы
2011-2012 жылдардың жылу маусымына дайындық жұмыстары барысында аудандағы әр көпқабатты үй бойынша жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қажеттілігінің көлемі анықталды.

Алға қойылған жоспарды іске асыру мақсатында, аудан тұрғындарымен 1569 кездесу өткізілді. Олардың басты мақсаты – жұмысты ұйымдастырып, мақсатты қаржы жинау болатын.

Пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары, үй комитеттері және тұрғындардың жұмыла атқарған еңбегінің арқасында мақсатты қаржыға:


  • 48 тұрғын үйдің 60 мың шаршы метрді құрайтын шатыры жөндеуден өтті;

  • 220 тұрғын үйдің су және кәріз құбырлары жүйесін ауыстыру мен жөндеу жұмыстары жүргізілді;

  • 120 тұрғын үйдің жылу жүйесі жөндеуден өтіп, 17 жылу алмастыру құрылғысы ауыстырылып,

  • 250 үйдің кіре берістері мен подъездеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Төменде көрсетілген диаграммадан 2011 жылы басқа жылдармен салыстырғанда ыстық су, суық судың апаттық жағдайларға байланысты сөндірілуі, орталықтандырылған жылу мен жарықтың берілмеуі, сондай-ақ, орын алған апаттар мен бұзылулардың шұғыл түрде алдын – алу қызметтеріне тұрғындардың түсіретін шағымы 20 % - ға төмендегенін көруге болады.

«Алматы» ауданы бойынша 53 тұрғын үй тозығы жеткен, әрі апатты деп танылған. Есепті жылы құзыретті органдармен бірлесе 3 үй бұзылып, тұрғындары қоныстандырылды. 12 үй бойынша бүгінгі күнде іс-шаралар жүргізілуде.

Ауданымызда 1146 лифт қондырғысы жұмыс істейді, 16 лифт ауыстыруды қажет етсе, 21 бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.Бүгінгі күні барлық лифт қондырғылары істе. Қызмет көрсететін 5 ұйыммен 18 орталық диспетчерлік пункттің жұмысы ұйымдастырылған.

Ауданымыздың коммуналдық «Астана Газқызмет» ЖШС 14 газ үлестіру құрылғысында тиісті жұмыстарын атқарса, «Астана Теплотранзит» АҚ 4,5 км. жылу трассасын жөндеуден өткізді.

«Астана Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорны бекітілген кестеге сәйкес, жоспарланған 72-нің орнына 79 су құбырының кіре берісін ауыстырды, сондай-ақ, кәріз жүйесінің 90 км. гидродинамикалық жуудан өткізді.

Есептік жыл барысында Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасына сәйкес, «СПК Астана» АҚ «Қалалық жылжымайтын мүлік» қалалық коммуналдық кәсіпорнымен бірлесе 6 үй бойынша 350 млн. теңге қаржы көлеміне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан көшелерін орташа жөндеуден өткізу жұмыстары аясында Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен бірлесе ауданның автожол инфрақұрылымын жетілдіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Иманов көшесінің қайта жөндеуден өтуі, Б.Майлин көшесі, Тәуелсіздік даңғылының жалғасы №46 көшесінде күрделі құрылыс жұмыстарының жүргізіліп, Мирзоян, Айманов және Аймауытов көшелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктерінде өздеріңіз куә болдыңыздар.

Сондай-ақ, инженерлік жүйелерді орнату ісімен Казқалашықта - 4 көшеде, Интернациональный тұрғын алабында - 7 көшеде, Мичурино кентінде – 4 көшеде, Күйгенжар тұрғын алабында – 5 көшеде, жалпы ұзындығы 13 км. құрайтын күрделі құрылыс жұмыстары жүргізілді.

6 жаңа бағдаршам орнатылып, аудан тұрғындарының көпшілік сұранысы бойынша қоғамдық көліктердің қозғалыс кестесін қайталамау және жаңа құрылыс объектілерінің енгізілуіне байланысты оңтайландыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Мысалы, осы жұмыс нәтижесінде 30 маршруттың қозғалыс кестесі ауыстырылып, олар әлеуметтік аудандар мен қала шеттеріне бағытталатын болды. №3 автобус маршруты «Абылай хан» тұрғын үй кешеніне дейін, №109 маршрут Железнодорожный тұрғын алабына дейін ұзартылып, Интернациональный тұрғын алабы бағытында жүретін №37 маршрут саны 14-тен 16 бірлікке дейін көбейтілді. Сондай-ақ, бұрынғы №100 маршрут, №48 маршрут болып ауыстырылып, микроавтобустар сыйымдылығы үлкен автобустарға ауыстырылды.

Аудандық прокуратурамен бірлесе атқарған қызмет барысында Промышленный, Железнодорожный және Достық тұрғын алаптарында заңсыз иемденген 33 жер учаскесі анықталды. Құзыретті органдармен бірлесе заңсыз орналасқан 26 объектіні шығару жұмысы ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, аула ішінің аймағында орналасқан 700 темір гараждың дислокациясы мен орналасу мониторингі жасалды. Аула іші аймақтарын кешенді абаттандыру іс-шаралары барысында 184 гараждың иесіне ескерту беріліп, барлығы аула аймақтарынан шығарылды.


Ауданның абаттандырылуы мен көгалдандырылуы

Бұл - елорда тұрғындарын бей-жай қалдырмайтын мәселелердің бірі. Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында ауданымыз бұл салаға баса назар аударады.

«Алматы» ауданында барлығы 417 аула болса, бүгінгі күнде соның 305 ауласы абаттандырылған, бұл санның ішіне, әрине жаңа салынған үйлердің де аулалары еніп отыр. 305 ауланың 163 –і 2008-2010 жылдар аралығында абаттандырылған.

Есептік жыл барысында 30 аула аймағында жүрдек жол мен көлік қоюға арналған орындарға асфальт құйылып, кешенді абаттандыру жүргізілді. Қамтылған аймақтың жалпы көлемі – 26 мың шаршы метрді құрайды.

Сонымен қатар, аудан бойынша 7 мың шаршы метр аумағына кеспе тастар салынып, 22 ойын алаңшасы, 13 спорттық және 11 кір жаю алаңшалары, 219 орындық пен 215 қоқыс тастау жәшіктері орналастырылды.

Аула аймақтарын кешенді абаттандырудан бөлек 34 аулада жаңа ойын кешендері орнатылып, балалар мен жасөспірімдердің белсенді спорт түрлерімен айналысуы үшін 9 мекен-жай бойынша жасанды көгалмен жабылған футбол алаңдары құрылды.

Астанамыздың орталық көшелерінің эстетикалық қалпын қалыптастыру және қала тұрғындарының ішкі орам жарықтандырылуы мәселесін шешу мақсатында, 2011 жылы темірбетонды жарықтандыру бағаналарын мырышты бағандарға ауыстыру жұмыстары Уәлиханов көшесінің Бөгембай даңғылынан Кравцов көшесіне дейінгі аралығында жүргізілді. Ескірген 60 троллейбус бағандары 156 жарық шамды 74 темір бағанға ауыстырылды.

Сондай-ақ, Оңтүстік-шығыс тұрғын алабының сол жағында 20 көше жарықтандырылып, 174 жарықтандыру құрылғысы орналастырылды.

Омаров, Майлин, Пушкин көшелері, Абылай хан және Абай даңғылдары мен Балхашинский және Толстой қысқа көшелері қосымша 92 жарықтандыру құрылғысымен жабдықталды.

Сонымен қатар, аулаларда қосымша 120 жарық шамы орнатылып, жарық қуатын сақтау мақсатында 300 жарық шамы фоторелемен жабдықталды.

Елордамыздың сәулетін қалыптастыруда ғимараттардың сыртқы бейнесінің маңызы өте зор, сол себепті 2011 жылы жоспарланған 15 тұрғын үйдің орнына 20 үйдің алдыңғы жағын жөндеуден өткіздік.

Ауданымызда 160 ғимарат безендірілген жарық шамдарымен жабдықталған, соның ішінде есептік жылы 16 ғимарат жабдықталды.

Есіл және Ақбұлақ өзендерінің жағалаулары да жөндеуден өтті. Жағалауларға темір қоршаулар қойылып, гранит плиталары мен кеспе тастар салынды.

Қала күні қарсаңында бұқаралық мәдени іс-шаралар өтетін Қазақ елі монументі, Отан қорғаушылар алаңы, Амфитеатр, Жерұйық және Студенттік саябақтарында жөндеу және қайта жөндеу жұмыстары атқарылды.

Абылай хан даңғылында орналасқан саябақтағы Интернационалист Жауынгерлер монументі де гранит плиталары төселініп, қайта жөндеуден өтті.

Сондай-ақ, Тәуелсіздік Б.Момышұлы, Абылай хан, Абай, Республика даңғылдары мен Бараев көшесінде абаттандыру бойынша күрделі жұмыстар жүргізіліп, Студенттік саябағында және Ташенов, Мұңайтпасов көшелерінде көгалдандыру жұмыстары атқарылды.

Есепті жылы ауданымызда орналасқан 7 мектептің (№4,5,8,13,31,37,48) ауласы абаттандырылып, күрделі жөндеуден өтті. Мектеп аумақтарында оқушылардың шынығулары мақсатында, талапқа сай жасанды көгалмен жабылған футбол алаңдары, волейбол, баскетбол ойнау алаңшалары, жүгіру жолдары және демалыс орындары орнатылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 7 балабақшада да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аумақтары абаттандырылды.

Ауданды көгалдандыру іс-шараларының жоспарына сәйкес, 53 мың шаршы метрден астам аумақта гүлбақтары отырғызылды. 14 мың шаршы метрден астам аумақта көгалдарды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Тәуелсіздік және Б.Момышұлы даңғылдары бойынша 330 гүл көгалдары орнатылды.

Қала тұрғындарының жағдайын жақсарту және ауа тазалығын қамтамасыз ету үшін ішкі орамдарды абаттандыру аясында Обаған, Талғар, Балқантау көшелерінде 1980 түп ағаш отырғызылып, 2 мың 570 ағаш бастарын қию жұмыстары жүргізілді.

Астана-Қарағанды тас жолы бойында 1200 жапырақты ағаш отырғызылды.

Жалпы 2011 жыл көлемінде «Алматы» ауданы бойынша 16 мың 992 түп ағаш отырғызылған.

Тұрғындар мен қала қонақтарының ыңғайы үшін көпшілік демалыс орындарында өткен жылы 1700 шаршы метр аумағына кеспе тастар жабындысының жөндеуі жүргізілді.

Тұрғындардың белсенді демалыс орындарын жыл сайын арттыра түсу қазіргі кезде жақсы дәстүрге айналды. Есепті жылы Интернациональный тұрғын алабында балаларға арналған ойын алаңшасы бар шағын бақ құрылса, Тәуелсіздік даңғылындағы № 6/1 және №16 – үйлердің маңында тағы 2 шағын бақ ашылды. Бүгінгі күні ауданымызда 24 шағын бақ пен 6 саябақ орналасқан.

Қала тұрғындарының қысқы демалысы үшін Ақбұлақ өзенінде мұз айдыны ашылды. Бұл жерде 10 конькиді жалға беру пункті, 2 тамақтану орны, медициналық пункт орнатылып, бір мезгілде 5000 – ға жуық адамның сырғанауына мүмкіндік жасалды.

Сонымен қатар, 11 мектептің аумағында және «Жерұйық» саябағында қысқы сырғанау орындары ашылды.

Ауданның санитарлық жағдайын қалыпты ұстау мақсатында 2011 жылы 12 жаңа арнайы техникалы автомашина алынды. Өткен жылдары ауданымыздың қатты тұрмыстық қалдықтарын шығаруды 19 машина іске асырса, бүгінгі күні 29 арнайы техника жұмылдырылған. Сондықтан, техниканың істен шыққан күндері болмаса, ауданды тазарту уақытылы жүргізіліп отырады деп айта аламын. Сонымен қатар, 110 контейнер орнында қосымша 37 жаңа қоқыс тастайтын контейнер алаңшалары орнатылып, 195 контейнер алаңшасына және 800 контейнерге жөндеу жүргізілді. 191 евроконтейнер орнатылып, қоқыс салатын 1000 көше жәшіктері сатып алынып, орнатылды.

2011 жыл қорытындысы бойынша 171 мыңнан астам адамның қатысуын қамтыған 2 экологиялық айлық ұйымдастырылып, 48 коммуналдық сенбілік өткізілді.
Ауданның әлеуметтік саласы

2011 жылдың ең маңызды әлеуметтік – саяси шараларының бірі – ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы болды. Қала мен ауданымыздағы барлық негізгі жобалар осы айтулы мереке аясында іске асырылды.

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес, ауданымыздағы 69 көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен, 4 қоғам қайраткері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен және Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай, ауданымыздың 150 еңбеккері мерекелік медальдермен наградталды.

Ауданымызда ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ауданның үздік мекемелері, кәсіпорындары, оқу орындары мен тұрғын алаптарында «Әнім саған, Отаным!» деген атпен 20 концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарлама аясында атқарған еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды.

Ауданымыздың ақпараттық-насихаттау топтары Ел Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауын насихаттау мақсатында 7 мыңнан астам адамды қамтыған 129 кездесу өткізді.

Ұлы Жеңістің 66 жылдығын мерекелеу барысында «Алтын таға» мейрамханасында 130 Ұлы Отан соғысының ардагеріне мерекелік ас берілді.

Қала күнін мерекелеу аясында «Менің қалам, үйім және көшем» атты аулалық мерекелер ұйымдастырылды. Кәсіпорындар мен мекемелер, аудан ұйымдарының арасында баскетбол, футбол, қол күресі, арқан тартыс, шахмат, суда есу жарыстары мен мектептерге қарасты лагерьлер тәрбиеленушілерінің арасында Астана туралы әндер сайысы, сондай-ақ, балалар үйі тәрбиеленушілерінің арасында «Сүйем сені, Астана» атты суреттер сайысы өткізілді.

Жоғары деңгейде жыл көлемінде ұйымдастырылып, өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде 3 ауданның арасында «Алматы» ауданы 20 бағалау белгісінің 18 бойынша 1-орынға ие болып, «Үздік аудан» атанды.

Ауданның қоғамдық өміріндегі басты орындардың бірін аудандық ардагерлер кеңесі иемденеді. Олар 94 бастауыш ардагерлер кеңесіне біріктірілген 24 600 зейнеткер. Аталмыш кеңестің арқасында ауданымыздағы оқу орындарында, мекемелер мен кәсіпорындарда өскелең ұрпақты тәрбиелеу бағытында көптеген игі істер атқарылуда.

Әлеуметтік көмек көрсету мақсатында ауданымызда арнайы комиссия жұмыс істейді. Есептік жылы әлеуметтік көмек 13 млн. 134 мың теңге көлемінде 530 алушыға берілді.

Тұрғын үй жәрдемақысы аудан бойынша 1330 адамға беріледі, есепті жылы аталмыш жәрдемақының көлемі 44 млн. 786 мың теңгені құрады.

«Алматы» ауданы әкімінің аппараты жанында мүмкіндігі шектеулі балаларға және жалғыз басты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жұмыс істейді. Бұл жерде барлығы 70 маман 184 жұмысқа жарамсыз азаматтарға және 190 балаға қызмет көрсетеді.

Бөлімдердің негізгі міндеті – қызмет көрсетушілерге әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсету, мемлекеттік, әлеуметтік, медициналық, кеңес беру және басқа да көмек түрлерін алуға жәрдемдесу.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 130 мүмкіндігі шектеулі балаға арнап «Ақ шаңырақ» мейрамханасында мерекелік ас берілді. Сондай-ақ, аз қамтылған және толық емес отбасылардан 250 бала астаналық саябақ пен цирк бағдарламаларына қатысты. Жаңа жылдық думанда Бейбітшілік және келісім сарайында 300 мүмкіндігі шектеулі бала мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.

Ауданымызда 13 мыңнан астам студентке білім беретін 5 жоғары оқу орны, 7 мыңнан астам студентті оқытатын 9 колледж, 3 кәсіптік лицей, 48 мың оқушыны қамтитын 33 мемлекеттік және 10 жеке меншік жалпы білім беру орындары, сондай-ақ, 7 500 баланы қамтыған 25 мемлекеттік және 17 лицензиясы бар мектепке дейінгі білім беру орны мен 5 шағын орталық орналасқан.

Есепті жылы Мичурино және Железнодорожный тұрғын алаптарында 2 балабақша қолданысқа берілді.

Осы бағытта ауданымызда «Хейли Бери» халықаралық мектебі ашылып, денсаулық сақтау саласында Абылай хан даңғылы бойынша 500 орындық көпсалалы аурухана іске қосылды.

Ауданымызда шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында айтулы жұмыстар жүргізіліп жатыр, 2009 жылдан бері «Еуразия» сауда үйі басшыларына ұсынылған жәрмеңке өткізу ұсынысы бүгінгі күні аудан тұрғындары үшін жасалынған игі бастамаларымыздың бірі деуге болады. Апта сайын өткізіліп жатқан бұл жәрмеңкелердің куәсі - өздеріңізсіздер.

Аудан әкімі аппаратының 2011 жылғы басты міндеттерінің бірі – жеке инвестицияларды тарту болды. Ауданымыздың әлеуметтік инфрақұрылымы мен қызмет көрсету саласын кеңейту мақсатында, басты назар кәсіпкерлермен жұмыс жасау саласына бөлінді. Бұл жұмыс шағын тауар өндірісі саласы мен қызмет көрсету саласын кеңейтіп, істегі шағын және орта бизнес субъектілері санының өткен жылмен салыстырғанда 2,5 мыңға көбейіп, 34 552- ге жеткенін көрсетті. Бұл бағытта жұмыс орнымен қамтылғандардың саны – 65 203 адам, оның ішіндегі 9 111-і жеке кәсіпкерлер.

2011 жыл бойынша 356 кешенді және тақырыптық тексерулер жүргізіліп, қорытындысында бюджетке 182 млн. теңге көлемінде салықтар мен міндетті төлемдер түсті.

Жалпы, есепті жылы мемлекеттік бюджет 105 %-ға орындалып, 71,1 млрд. теңге жоспарында 74,4 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен салыстырғанда, түсімдердің көлемі 19,2 млрд. теңгеге артты. Түсімдердің негізгі бөлігін шағын және орта бизнес құрайды. Бұл саладан түскен түсімдердің көлемі - 62, 8 млрд. тенге.

Заңсыз саудаға жол бермеу мақсатында, құзыретті органдармен бірлесе жер телімін алу заңдылығын бұзған кәсіпкерлердің 55 уақытша сауда орындары шығарылды.

Аудан әкімінің аппараты аудандық Ішкі істер басқармасы, ПИК төрағалары және халықпен бірлесе тәртіп сақтау шаралары бойынша бірқатар жұмыстар атқарып келеді, мәселен, есепті жылы тұрғындардың қатысуымен 328 жиналыс өткізіліп, айтылған ескертулер бойынша тиісті шаралар қолданылды.

Бүгінгі таңда ауданымызда тұрақты түрде 3 жедел жастар отряды жұмыс істейді. Олардың қатарында 124 студент, қоғамдық істер бойынша 75 көмекші және 157 консьерж.

Ауданымыздың экологиялық қауіпсіздігі де аудандық табиғатты қорғау полициясы бөлімінің тұрақты назарында. Жыл көлемінде қоғамдық тәртіпті бұзғандары үшін 65 975 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Ауданда ұйымдастырылған жедел алдын алу шаралары мен тексерулер, қоғамдық тәртіп пен ішкі қауіпсіздікті тексеру бойынша кешенді жұмыстар ауданымыздағы тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ете алды деп айтуға болады.

Тұрғындардың бос уақытын пайдалы өткізіп, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында,жыл көлемінде аудан бойынша 150 спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Өткізілген аудандық қысқы, жазғы спартакиадалар, мекемелер мен ұйымдар, оқу орындары командаларының арасындағы футбол, волейбол, үстел теннисі, шаңғы жарысы, суда жүзу, шахмат, тоғызқұмалақ сияқты ойын түрлерінен өткен сайыстар аудан тұрғындарының қоғамдық өмірден тыс қалмайтындарының дәлелі. Суда жүзу, шахмат сияқты ойындарға мүмкіндігі шектеулі балаларды белсене араластыру – бүгінгі күні ауданымыздың дәстүріне айналып отыр.

Балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыруы үшін ауданымызда «Қазақстан», «Алатау», «Толқын» сияқты спорт кешендері мен «Шығыс», «Каратэ орталығы» сияқты балалар мен жасөспірімдер орталықтары жұмыс істейді. Спорттық және шығармашылық секциялардың жалпы саны 210 болса, қамтылған балалардың саны – 5400 құрап отыр.

Аудан әкімінің аппараты жергілікті атқарушы орган болғандықтан, тұрғындардың өтініштерін қарастыру – басты міндеттерінің бірі болып табылады.

2011 жыл есебі бойынша аудан әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан 1061, заңды тұлғалардан 481 өтініш түсіп, барлық өтініштер бойынша уақытылы шаралар қолданылды.



2012 жылдың жұмыс жоспары
Алдымыздағы 2012 жылы да бірқатар игі істерді атқару жоспарда тұр.

Мәселен, Сарайшық көшесінен оңтүстікке қарай 240 орындық балабақша, Жұмабаев даңғылынан шығысқа қарай 280 орындық және Интернациональный тұрғын алабында 240 орындық балабақша ашу жоспарланған.

Сонымен қатар, №14 көше бойынша 240 орындық 2 балабақша, Қараөткел шағын ауданында 500 орындық амбулаторлық-емханалық кешен мен Күйгенжар тұрғын алабында 400 орындық орта мектептің құрылысы жоспарда.

2012 жылы «Тұрғын алаптарды жарықтандыру» бағдарламасы аясында ауданымыздағы Петров көшесінің Жирентаев көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі бөлігі, Абай даңғылының Республика даңғылынан Уәлиханов көшесіне дейінгі бөлігі, Пушкин көшесінің Кенесары көшесінен Ш.Құдайбердіұлы көшесіне дейінгі бөліктері қосымша жарықтандырылатын болады.

Сондай-ақ, осы жылы ауданымызда «Тұрғын алаптарды абаттандыру мен көгалдандыру» бағдарламасы аясында, 15 тұрғын үйдің алғы бетін жөндеу, 5 мектеп аймағында абаттандыру жұмыстарын жүргізу және 6 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. 2012 жылы ауданымыз бойынша 11 мың түп ағаш пен Оңтүстік-шығыс шағын ауданы, Б.Момышұлы даңғылы, Мұңайтпасов көшесі, Астана-Қарағанды тас жолы бойында 2500 қума метрден астам бұта-теректер өсіріп қоршаған шарбақ отырғызылып, 50 мың шаршы метрден астам аумақта гүл егілетін болады.

9 үйдің ауласын кешенді абаттандырып, балалар мен жасөспірімдер үшін 3 спорттық және 20 ойын алаңшасын қою да биылғы жылғы жоспарымызда бар.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын модернизациялау бағдарламасы аясында ағымдағы жөндеуден 22 тұрғын үй, күрделі жөндеуден 2 үй өтетін болады. Бұл үйлердің барлығында тұрғындармен жиналыстар ұйымдастырылып, бағдарламаға қатысу келісімдері алынды.



«Алматы» ауданының әкімі С.Ахметов


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет