Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы «29» желтоқсандағы



жүктеу 0.77 Mb.
бет1/5
Дата23.02.2016
өлшемі0.77 Mb.
  1   2   3   4   5



Астана қаласы әкімдігінің

2010 жылғы « 29 » желтоқсандағы_

41- 1301 Қ қаулысымен



бекітілді

Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының

2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспары

Астана қаласы, 2010 жыл
1 тарау. Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының миссиясы мен пайымы
Миссия. Агроөнеркәсіп кешені саласының бәсекелестікке қабілеттіліктің сапалы жаңа деңгейіне қол жеткізуге және экономикалық өсуіне ықпал ету мақсатында агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру.

Пайым. Агроөнеркәсіп кешені салаларының тұрақты дамуы, отандық өнімдердің ұлттық бәсекелестіктігін арттыру, елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтасыз ету, мемлекеттік қаражатты және материалдық активтерді тиімді пайдалану, экономика саласының ведомстволық бағыныстылығы деңгейін үйлестіру болып табылады.

2- тарау. Ауыл шаруашылығы саласының дамуы мен ағымдағы жағдайы туралы

1- Стратегиялық бағыт. Агроөнеркәсіп кешені салаларының тұрақты дамуы және бәсекелестігін арттыру, елорданың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    1. Саланың дамуының негізгі көрсеткіштері.

Ауыл шаруашылығы. 2004-2009 жылдар аралығында Астана қаласы бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны 102-ден 2009 жылдың соңына 24 бірлікке дейін қысқарды. Соның ішінде ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 8, шаруа (фермерлік) қожалықтардың саны – 16. Тұрғындардың шаруашылықтары көрсетілген мерзімде 7085-тен 2009 жылы 18788 бірлікке дейін ұлғайды. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі 2004 жылы 2,1 мың гектардан 2009 жылы 2,5 мың гектарға дейін көбейді.

2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2004 жылмен салыстырғанда 27,8 пайызға кеміді және 2009 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары арасында 1536,2 млн.теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 85,6 пайызын өсімдік шаруашылығы өнімі құрайды,
Өсімдік шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін бірнеше ауыл шаруашылығы құрылымдары - «Астана-Өнім АҚ», «Картоп пен көкөніс» ЖШС, «АстанаЖаңаАғысы» ЖШС, «Агро-Нива» ЖШС, «Қайнар» ШҚ, «Маман-Специалист» АҚ және басқа да кіші ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері бар.

2008 жылдың нәтижесіне сәйкес ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 7602,7 млн. теңгені құрады, ал 2009 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1536,2 млн.теңге болды (ауыл шаруашылығының жалпы өнімі деңгейінің төмендеуі ауыл шаруашылығы саласында қызмет көрсету жаңа үлгілер классифакторының қолдануынан болып отыр, Статистика департаментінің деректері). 2009 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемдері 2187 гектар, соның ішінде 327 гектар жаздық бидай, 740 гектар малазықтық дақылдар, 900 гектар картоп және 220 гектар көкөніс болды.

Елорданың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері және тұрғындардың үй шаруашылықтары 13,4 мың тонна картоп; 4,7 мың тонна көкөніс, жеміс-жидектер 1,1 мың тонна; 380 тонна жаздық бидай; 3,2 мың тонна түрлі мал азығын дайындады. Өнімділік мынадай болды – жаздық бидай 11,4 ц/га, картоп 154,0 ц/га; көкөністер 190,4 ц/га.
Мал шаруашылығы. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 16,2 пайызға көп сүт сауылған; 0,5 пайыз тауық жұмыртқасы кем алынған және 5,1 пайызға тірі салмақпен сойылған мал мен құстың еті сатылған.

Союға арналған түрлі мал мен құстың 315,2 тонна сатылған, 2180,1 тонна сиыр сүті сауылған, 252,5 мың дана тауық жұмыртқасы, 1,1 тонна жүн алынған.

Бір сиырдан орташа есеппен 3720 тонна сүт, 1 тауық мекиеннен орта есеппен 91 дана жұмыртқа, 1 қойдан орта есеппен 1,8 килограмм жүн алынған.

2010 жылғы 1 қаңтарда барлық мал басы мынадай ІҚМ – 1246 бас, 640 бас қой, 122 бас ешкі, 190 бас шошқа, 115 бас жылқылар, 3910 бас түрлі құстар болды.

2010 жылдың 1 қазанында Астана қаласында 2315 бас үй және ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстар бірдейлендірілді.


    Жергілікті бюджеттен 2010 жылы ауру жануарларды санитарлық союға 14303 мың теңге бөлінді және 5108 бас иесіз, қаңғыбас жануарлар атылды (ауланды) және жойылды

    Эпизоотияға қарсы іс-шаралар өткізу үшін республикалық бюджеттен 1630 мың теңге бөлінді.

    Келесідей эпизоотияға қарсы іс-шаралар өткізілді:

    а) ветеринарлық препараттарды қолдану ІҚМ, жылқылар, шошқалар, түйелерге – 2,9 мың манипуляциялар;

    ҰҚМ, иттер, мысықтар, ет қоректілерге 13,4 мың манипуляциялар; құстар 4,4 мың манипуляциялар:

    б) қан алу және қан сынамаларын серологиялық зерттеулерге жеткізу 3,2 мың манипуляциялар жасалды.

    Агроөнеркәсіп кешені салаларын мемлекеттік қолдау.

    Саланың қарқынды дамуына мемлекеттік қолдау тиімділігін көрсетті. 2007-2009 жылдары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 9,884 млн.теңге жәрдемқаражат алды, ал қайта өңдеу кәсіпорындары 1550 млн. теңге жеңілдетілген несиелер алды.

    Астана қаласының қайта өңдеу кәсіпорындары.

    Тамақ өнімдерінің өндіру көлемі, сусындарды қосқанда Астана қаласында 2009 жылы 15527,3 млн теңгені құрады.

    Көрсетілген өнімдер мынадай қайта өңдейтін кәсіпорындарда шығарылады.

    Астықты қайта өңдеу.

    Қалада 17 астықты қайта өңдейтін кәсіпорындар бар. Барлық кәсіпорындардың ішінен «Цесна Астық» Концерні», «Агроком», «Егіс Жер», «Табыс-2009» жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктері ірі кәсіпорындарға жатады, нақты өндірістік қуаттылығының 41-50 пайызын ғана қолданады.

    2007-2009 жылдары әртүрлі сұрыпты ұндар өндірісі - 2007 жылы 173,8 мың тонна, 2008 жылы 163,2 мың тонна, 2009 жылы 169,4 мың тонна, кәсіпорындардың жүктемесі 2009 жылы 41-42 пайыз болды. Кәсіпорындардың жүктемесінің төмендігі шикізаттың жоғары бағасы және аздығы, сату нарығының жоқтығы.

    Нан өндірісі, нан-тоқаш және басқа да нан өнімдерін өндіру.


Елордада 30-дан астам нан және нан-тоқаш пісіретін кәсіпорындар жұмыс істейді. Ірі кәсіпорындар - «Концерн «Цесна Астық», «Татым», «Столичный хлеб» жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктері болып табылады. 2007-2009 жылдары 45675 тонна нан, тоқаш және басқа да нан өнімдері өндірілген, соның ішінде 2007 жылы – 17013 тонна, 2008 жылы – 14861 тонна, 2009 жылы – 13801 тонна. 2007-2009 жылдары барлығы 27503 тонна макарон өнімдері өндірілген, соның ішінде 2007 жылы – 5465 тонна, 2008 жылы 10445 тонна, 2009 жылы – 11593 тонна. Жылдан жылға астықты қайта өндейтін кәсіпорындар дайын өнім өндірісін көбейтуде, соның ішінде әртүрлі макарондар, астық дақылдарының жармасы – арпа, сұлы, ұнтақ жармасы және басқа да жарма дақылдарын шығарады.

Етті қайта өңдеу. Астана қаласында жылына 12 мың тоннадан астам ет, шұжық өнімдерін өндіретін 7 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар - «Апрель», «Целинный», «Пищекомбинат Астаналық» жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктері, «Вельк», «Александров», «Бакунов», «Протянова» жеке кәсіпкерлері.



    2007-2009 жылдары ет, шұжық, басқа да ет өнімдерінің 7427 тоннасын өндірген, соның ішінде 2007 жылы 2287 тонна, 2008 жылы – 2303 тонна, 2009 жылы – 2837 тонна. 2009 жылы кәсіпорындардың жүктемесі 23-25 пайыз болды. Кәсіпорындардың жүктемесінің төмендігі негізінен шикізаттың жоғары бағасы және аздығы, сапасының төмендігі, құрылғылардың тозуы және механизацияның төмен деңгейі.

Сүтті қайта өңдеу. Астана қаласында сүт өнімдерін өндіретін жылдық қуаттылығы 6250 тонна өнім өндіретін 3 кәсіпорын бар, олар - «Молочный завод «Столичный», «Астана-Ботлерс» жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктері және «Астана Өнім» акционерлік қоғамы. 2007-2009 жылдары барлығы 8546 тонна сүт пен кілегей өндірілген, соның ішінде 2007 жылы 4420 тонна, 2008 жылы 2377 тонна, 2009 жылы – 1749 тонна. 2009 жылы кәсіпорындардың жұмыс бастылығы 25-26 пайыз болды. Кәсіпорындардың жүктемесінің төмендігі негізінен шикізат тапшылығы, сапасының төмендігі, шикізатты Ақмола облысының аудандарынан тасымалдауға жұмсалатын көлік шығындары.



    Картоп пен көкөністер сақтайтын қоймалар. Астана қаласының аумағында жалпы сыйымдылығы 12 мың тонналық 3 көкөніс сақтайтын қойма:

Объектінің атауы

Қойма сыйымдылығы, мың тонна

«Картоп пен көкөніс» ЖШС

6,5

«Агро-Нива» ЖШС

0,5

«Кироль Сарыарка» ЖШС

5

Қазіргі уақытта қоймалардың жүктемесі 30-32 пайыз, қоймалардың төмен жүктемесінің төмендігі сақтайтын өзіндік өнімнің аз болуы немесе мүлдем болмауы, жоғарыда көрсетілген кәсіпорындар картоп пен көкөністерді өндіруші кәсіпорындар, қойма құрылғыларының моральдік және материалды тозуынан.

Сапа менеджменті стандарттарының халықаралық жүйесін енгізу.

Тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі саласының негізігі мақсаты қайта өңдеу кәсіпорындарының арасындағы бәсекелестікті тұрақты дамыту. Соның негізінде шығарылатын өнімдердің сапасын арттыру және кәсіпорындардың халықаралық менеджмент ISO және HACCP стандарттарын енгізуге көшіру жұмыстары жалғастырылып жатыр. Қазіргі уақытта Астана қаласында саланың 10 кәсіпорны халықаралық стандарттарды енгізді, өндірісті жетілдіру, дайындау жұмыстары бір кәсіпорында - «Егіс-Жер» ЖШС-де жүріп жатыр.

Астана қаласының аумағында азық-түлік белдеуін ұйымдастыру. Астана қаласын балауса және қолжетімді бағалы, отандық өндірушілер өндірген азық-түлік өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету және келешекте импортты азық-түлік өнімдерді ығыстыру мақсатымен, азық-түлік белдеуін құру үшін елордадан 300 шақырым аумақтан қатысушыларды іріктеу жұмыстары жүріп жатыр.



Астана қаласы тұрғындарының азық-түлікті тұтыну қажеттілігі нормасы туралы ақпарат

Р/с



Өнімдердің атауы

Бір адамға шаққандағы жылдық нақты тұтыну, кг

Барлық тұрғындардың нақты тұтынуы, тонна

күніне

айына

жылына

1.

Нан және нан өнімдері

95

170,2

5 175,7

62 108,7

2.

Ет және ет өнімдері

68

121,8

3 704,7

44 456,8

3.

Сүт және сүт өнімдері

341,7

612,0

18 616,3

223395,3

4.

Өсімдік майы

16,3

29,2

888,1

10 657

5.

Қант

35,4

63,4

1 928,6

23 143,7

6.

Шәй мен кофе

1,8

3,2

98,1

1 176,8

7.

Ас тұзы

5,8

10,4

316,0

3 791,9

8.

Балық

5,9

10,6

321,4

3 857,3

9.

Жұмыртқа

12,2

21,9

664,7

7 976,0

10.

Картоп

152,4

273,0

8 303,0

99 635,5

11.

Пияз

21,6

38,7

1 176,8

14 121,6

12.

Орамжапырақ

22,1

39,6

1 204,0

14 448,4

13.

Сәбіз

23,9

42,8

1 302,1

15 625,2

14.

Қияр

17

30,4

926,2

11 114,2

15.

Қызанақ

33,5

60,0

1 825,1

21 901,5

16.

Алма

9,4

16,8

512,1

6 145,5

17.

Қызылша

6,7

12,0

365,0

4 380,3

Елорданың әлеуметтік-экономикалық мәртебесін ескере отырып, жыл сайынғы әл-ауқатын өсуіне байланысты тұрғындардың өсімі болжанады, сол себептен азық-түлікті тұтыну көлемі көбееді.

Сонымен, 2014 жылға дейін жыл сайынғы тұрғындар санының, болжамды тұрғындар саны өсіміне сәйкес, 2010 жылы – 723 мың адам, 2011 жылы - 761,1 мың адам, 2012 жылы - 799,1 мың адам, 2013 жылы - 836,7 мың адам, 2014 жылы - 877,4 мың адам, 2015 жылы - 912,1 мың адам.

Астана қаласы тұрғындарының 2010-2015 жылдары санының өсуін есепке ала отырып негізгі азық-түлік тауарларын тұтыну болжамы:

Астана қаласы тұрғындарының азық-түлік тауарларын тұтыну болжамы туралы ақпарат

Р/с



Өнімдердің атауы

Барлық тұрғындардың тұтыну болжамы, тонна

2009 жыл

2010жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1.

Нан және нан өнімдері

55448,5

59572

65378,5

68642,7

71872,5

75369

78349,4

2.

Ет және ет өнімдері

39698,3

42650,3

46808

49144,7

51457

53960,1

56094,2

3.

Сүт және сүт өнімдері

199459,5

214291,5

235180

246922

258540,3

271117

281839

4.

Балық және балық өнімдері

3440,5

3696,4

4056,7

4259,2

4460

4676,5

4861,5

5.

Өсімдік майы

9489

10194,5

11188,2

11747

12300

12898

13408

6.

Қант

20656

22192

24355,2

25571,2

26774,4

28077

29187,2

7.

Шәй мен кофе

1052,2

1130,4

1240,6

1302,5

1364

1430,2

1486,7

8.

Ас тұзы

3382,4

3634

3988,2

4187,3

4384,3

4597,6

4779,4

9.

Тауық жұмыртқасы

7100

7628,5

8372,1

8790

9204

9651,4

10033,1

10.

Картоп

88950

95564,3

104879,6

110116

115297,3

120906

125687,4

11.

Пияз

12587,3

13523,3

14841,5

15582,5

16316

17109,3

17786

12.

Орамжапырақ

12910

13870

15222

15982

16734

17548

18242

13.

Сәбіз

13943

14980

16440

17260,6

18073

18952

19701,4

14.

Қияр

9941

10680

11721

12306,1

12887

13512

14046,4

15.

Қызанақ

19559

21013

23061,3

24212,8

25352

26585,2

27636,7

16.

Алма

5487

5895

6469,4

6792,4

7112

7458

7753

17.

Қызылша

3873

4161

4566,6

4795

5020,2

5264,4

5473

Астана қаласы аймақтық ерекшелігіне қарай негізігі азық-түлік өндірісі жоқ. Қалада орналасқан өндіруші кәсіпорындар шикізатты сырттан тасымалдайды (елордаға жақын орналасқан аймақтар – Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары).

Жеміс-көкөніс өнімдері елордаға еліміздің оңтүстік аймақтарынан ОҚО, Алматы, Жамбыл облыстарынан, және алыс, жақын шет елдерден Өзбекістаннан, Қырғызстаннан, Қытайдан тасымалданады.

Азық-түлікті тұтыну және өндіру, сырттан тасымалдау сараптамасынан Астана қаласы қазіргі уақытта басқа аймақтардан тасымалдауды есептегенде қала ұн,нан, нан және басқа да өнімдерімен толығымен қамтамасыз етілген.

Қаланың азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен елорданы азық-түлікпен кенелту іс-шаралары өткізіледі.

Тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін апта сайын Астана қаласы аумағында елордада орналасқан және жақын облыстардан келетін азық-түлік өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіледі.

«Астана қаласы аумағында азық-түліктік белдеу құру» бағдарламасы аясында 2009 жылы «Компания «АйсФудАстана» ЖШС-і азық-түлікті сақтау терминалы (көкөністер, жемістер, ет өнімдері) құрылысын салу жобасы іске асты. Қойманың сақтау қуаттылығы 2,4 мың тонна, жобаның құны 1,1 млрд. теңге, соның ішінде 30 пайыз қаражат «КазАгроФинанс» АҚ-ы берген несиесі, жоба Астана қаласының өндірістік ауданында орналасқан.

Қазіргі уақытта терминалда негізінен шетелдік ет өнімдері сақталады (Украина, АҚШ).



1.2. Негізігі мәселелер талдауы:

    - жеміс-көкөніс өнімдерін өндіретін және қайта өңдейтін өндірістің болмауы, көкөністерді жабық топырақта өндірісінің болмауы;

    - қаланың ауыл шаруашылығы кәсіпорындары көкөніс пен жеміске деген қажеттіктікті толығымен өтемейді;

    - бастаптқы өңдеуден өткізетін, буып түйетін, жаңа үлгідегі технологиялар бойынша жеміс-көкөніс өнімдерін сақтайтын қоймалардың болмауы.

    - қолданыстағы қоймалар толық қуаттылығын пайдалану себебі ескірген құрылғылар, қажетті инфрақұрылымының болмауы;

    - мал шаруашылығы саласының инфрақұрылымының ескіруі, Шикізат – ет пен сүт, негізінен Астана қаласының қайта өңдеу кәсіпорындарына жақын орналасқан Ақмола, Павлодар, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарынан тасымалданады.


- ауыл шаруашылығының материалды-техникалық базасының төмен деңгейі шикізат сатып алу және кәсіпорынды қайта жарақтандыру үшін айналым қаржысының болмауынан.

- моральді және табиғи тозығы жеткен құрылғылардың үлесінің жоғары болуынан;

- өндірістік өңдеуге қажетті шикізат тапшылығы.



  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет