Астана қаласының 2012 жылдың қаңтар-мамыры бойынша дамуының қорытындылары



Дата03.03.2016
өлшемі29.94 Kb.
#35033
Астана қаласының 2012 жылдың қаңтар-мамыры бойынша дамуының қорытындылары
Астана қаласы халқының саны 2012 жылдың 1 мамырына 755,3 мың адамды құрды, 2012 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда өсім қарқыны – 101,7 % (қарқын бойынша – республика бойынша 1-орын).

Елорданың ЖӨӨ 2011 жылдың қаңтар-желтоқсаны бойынша 2 298,3 млрд.теңгені құрып, 11,9%-ға ұлғайды. Жалпы елдің ЖІӨ өңірдің үлесі 2011 жыл бойынша 8,4% құрды (республика бойынша 4-орын).

Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 3 192,0 мың теңгені құрды (21,8 мың АҚШ доллары) және республика өңірлері арасында төртінші орында орналасқан.

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2012 жылдың қаңтар-мамырында 69 824,1 млн. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңіне 92,2% құрды. Өндірістің жалпы көлемінде ең үлкен үлеске өңдеу өнеркәсібі ие – 77,8 %.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 350,7 млрд. теңге сомасына 14 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 2010 жылы 2 жоба аяқталды («АБК-Мақсат» ЖШС темірбетон бұйымдарын әзірлеу зауыты, «Кровля НС» ЖШС сэндвич-панельдер әзірлеу зауыты), 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 кезең енгізілді – 46 жаңа жұмыс орнын құрумен 1,4 млрд. теңге сомасына метиз өнімін өндіру жөніндегі «Стальцинк» ЖШС, 2011 жылдың 9 желтоқсанында «Talgo» жолаушылар вагондарын шығару зауыты іске қосылды - «Тұлпар Talgo» БК» ЖШС (Индустриялық парк аумағында іске асырылады), бұдан басқа, 2011 жылдың желтоқсанында жеміс-көкөніс өнімін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жоба бойынша «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Енгізілген жобалардың жалпы сомасы 15,3 млрд. теңгені құрады, 600-ден астам жаңа жұмыс орны құрылды. Қалған 9 жоба бойынша іске асыру кестеге сәйкес 2014 жылға дейін жоспарланады.

Негізгі капиталға инвестициялар 197 724,1 млн. теңгені (республика бойынша 2-орын), НКИ – 150,7% құрады (республика бойынша 2-орын). Астана қаласының үлесіне инвестицияның республикалық көлемінен 12,8% келеді.

Тұрғын үй құрылысы саласында 2012 жылдың қаңтар-мамырында Қазақстан бойынша пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің 20 %-ы Астана қаласына тиесілі. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 473 393 шаршы метрді (республика бойынша 1-орын) құрайды және өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 0,1 %-ға өсті. 2012 жылдың 25 мамыры жағдайы бойынша елордадағы аяқталмаған объектілер саны– 7 (1 200 үлескер).

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 2012 жылдың 5 айында 300,9 млрд. теңгеге өнім өндірді (2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 3,5 %). Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны ағымдағы жылдың 1 маусымдағы жағдайы бойынша 50 041 бірлікті құрып, 32,9%-ға ұлғайды. Жұмыспен қамтылғандардың саны 169,7 мың адам, өсім 9,2% құрды.

Шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерін қолдау мақсатында қала әкімдігі тарапынан «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Астана қаласының үдемелі-индустриялық дамуы бойынша өңірлік үйлестіру кеңесі кредиттік портфелі барлығы 6,1 млрд. теңге сомасында пайыздық мөлшерді субсидиялау бойынша 17 жобаны және 100,3 млн. теңге сомасына өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша 3 жобаны қарастырылды және мақұлданды.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметі бойынша 2012 жылдың сәуір айының соңына Астана қаласы банктерінің несие бойынша негізгі қарыздарының жалпы көлемі 872,5 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,0%-ға ұлғайды.



Бөлшек тауар айналымы көлемі бойынша Астана қаласы Қазақстан бойынша 3 орынға ие (Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан кейін) және 2012 жылдың қаңтар-мамырында оның көлемі 158 518,9 млн. теңгені құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағаларда 15,2 % ұлғайды.

2012 жылдың қаңтар-сәуірінде орташа айлық жалақы 135 342 теңгені құрады, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,9 %-ға ұлғайды.



Елорда халқының орта есеппен жан басына шаққандағы ақшалай табысы 2012 жылдың сәурінде 79 351 теңгені құрды (республика бойынша 4-орын), бұл 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда номиналды көрсеткіште 6,8 % жоғары.

2012 жылдың 1 маусымы бойынша елорда бюджеті 307,1 млрд. теңгені құрды. Соның ішінде, бюджеттің 66,5 %-ы (204,2 млрд. теңге) - трансферттер мен несиелер, субвенциялар, жеке кірістер - 33,5 %-ын (102,9 млрд. теңге) құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет