Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы



Дата23.02.2016
өлшемі270.67 Kb.

Астана қаласының Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасы

2012 жылдың қаңтар аый бойынша

Астана қаласының

әлеуметтік – экономикалық дамуының

ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Астана қаласы





Мазмұны

Астана қаласының әлеуметтік – экономикалық жағдайын

сипаттайтын маңызды көрсеткіштер тізбесі



……………………………………3



1. Өнеркәсіп жағдайы

…………………………………….4


2. Көлік және байланыс

……………………………………6

3. Банк секторы

…………………………………….6


4. Қаржылық - бюджеттік сала

……………………………………7



5. Инвестициялар

…………………………………….7

6. Сауда және сыртқы сауда айналымы

......………………………….……8


7. Шағын бизнеске мониторинг жүргізу

………………………………........10







8. Тұтыну бағаларының талдамасы

...…………………………….........11



9. Әлеуметтік сала

……………………………………12

9.1. Халықты әлеуметтік қорғау және кедейлікті төмендету

9.2. Жұмыспен қамту

9.3. Білім

9.4. Денсаулық сақтау



…………………………………....12
…………………………………....13

…………………………………....14

…………………………………....15


10. Мәдениет және спорт


……………………………………16






1. Астана қаласының

әлеуметтік-экономикалық

жай-күйін сипаттайтын маңызды

индикаторлардың тізбесі

2012 жылдың қаңтар – ақпаны

р/с№

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштер

2011 жылдың тиісті кезеңіне %

1.

Өнеркәсіп өнімінің (тауарлардың, қызметтердің) қолданыстағы бағадағы көлемі, млн. теңге

26 680,0

103,4

2.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі, млн. теңге

31 344,6

122,5

3.

Құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі, млн. теңге

22 416,9

203,0

4.

Қаржыландырудың барлық көздері есебінен тұрғын үйді қолданысқа беру, шаршы метр

343 287


(3116 пәтер)

144,8

5.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі, барлығы млн. теңге

74 832,8

115,5

6.

Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер болжамының орындалу пайызы, барлығы млн. теңге

96,0

-

7.

Бюджетке түсім бойынша бересі (айыппұлсыз), млн.теңге

14 966,2

-

8.

Шағын кәсіпкерлік субъектілері шығаратын өнімнің көлемі, млрд. теңге

54,5

100,0

9.

Шағын кәсіпкерлік саласындағы жұмыспен қамтамасыз етілгендердің саны, адам

107,2

104,0

10.

Тұтыну бағаларының индексі (2010 жылғы желтоқсанмен салыстырғандағы 2011 жылғы желтоқсан), %

101,0

-

11.

Бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі, млн. теңге

67 376,1

113,3

12.

Экономикалық белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздардың үлесі, % (2011 жылғы желтоқсанда)

1,2

-

13.

Өмір сүру минимумының мөлшері (желтоқсанда), теңге

17 930

98,8

14.

Орташа айлық атаулы жалақы (2011 жылғы қаңтар – қараша бойынша), теңге

134 165

123,6

Астана қаласының

әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы

АҚПАРАТ

2012 жылдың қаңтар – ақпаны


2.1. Өнеркәсіптің жай-күйі
Астана қаласының өнеркәсіп секторының көпшілігі өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарына (оның үлесі 73,6 % құрайды) және электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату кәсіпорындары 22,8 % құрайды. Сумен жабдықтау өнімі(тауарлар, қызметтер), кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 3,6 % құрайды.

Жыл басынан бастап қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 26 680,0 млн. теңге сомасына өнім өндірді және қызмет көрсетті. Нақты көлем көрсеткіші (бұдан әрі - НКИ) 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 103,4 % құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде қала кәсіпорындары 19 632 млн. теңгеге өнім (тауарлар, қызметтер) өндірді. НКИ 102,6 % құрды.

Өндіру көлемінің мынадай салаларда:

металлургия өнеркәсібінде 1,9 есеге;

қағаз және қағаз өнімдері өндірісінде – 63,6 %;

киім тігуде – 56,0 %;

жиһаз өндірісінде – 43,8 %;

машина жасауда - 24,8 %;

резина және пластмасса бұйымдарын өндіруде – 5,1 %-ға;

өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісінде 2,8 %-ға;

тамақ өнімдері өнеркәсібінде - 2,4 %-ға ұлғаюы байқалады.

Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнімнің жалпы көлемінің 54 %-нан артығы өңдеу секторында машина жасауға келеді. Осы сала кәсіпорындары есепті кезеңде 10 485,6 млн. теңгеге өнім өндірді, НКИ – 124,8 %. Өндіріс қарқынының өсімі сорғыштардың 2,6 есеге және дизель локомотивтерінің 1.3 есеге ұлғаюымен қамтамасыз етілді.

Тағам өнімі өндірісінің үлесі 12,3 % құрайды. Бұл салада өндіріс өнімі жыл басынан бастағанда шамамен 2 406,7 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңінен 2,4 % артық. Өндірістің өсуі шұжықтың – 2,6 %, сүттің – 7,1 %, ұнның – 14,3 % өсумен негізделді.

Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісінің көлемі 2 909,1 млн. теңгені немесе 2011 жылдың тиісті кезеңіне 102,8 % құрады. Құрастырылмалы конструкторлар элементтерінің өндірісі – 3,2 %, бетон – 7,1 %, құрылыс қоспалары – 0,7 % ұлғайды, Сонымен қатар, плита және кірпіштер шығару 17,9 % азайды.

Резина және пластмасса бұйымдарын өндіру көлемі 2 045,9 млн. теңгені құрады, бұл 2011 жылдың тиісті кезеңінен 5,1 % жоғары. Тұрбалар жасау 32,9 %, есік – 41,7 % ұлғайды.

Өндіріс көлемінің:


  • машина және құралдардан басқа дайын металл бұйымдары өндірісінде – 60,9 %;

  • баспа ісінде және жазылған материалдарды қайта өндіруде 7 %-ға;

- жиһаз, сабаннан жасалған бұйымдар мен өру материалдары өндірісін

қоспағанда, ағаш және тығын өндірісінде 7,8 %-ға;

  • тоқыма бұйымдарын өндіруде 1 %-ға;

  • сусындар өндірісінде – 21,4 %-ға төмендеуі байқалды.

Машина мен құралдардан басқа дайын металл бұйымдары өндірісінде 914,3 млн. теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ 39,1 % құрайды. Азаю қара металдан немесе алюминийден жасалған конструкторларды шығарудың 79,8 % азаюымен негізделеді.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны салқындату саласында өнеркәсіп сипатында 6 082,3 млн. теңге сомасына өнім өндірілді және қызмет көрсетілді (НКИ 105,0 % құрады), оның ішінде электрэнергиясын өндіру, ұсыну және таратуда 3 162,9 млн. теңгеге (НКИ 103,4 % құрады), газ отынын өндіру және таратуда 35,1 млн. теңгеге (НКИ 107,8 % құрады), бу тарату және ауаны салқындату жүйесінде 2 884,3 млн. теңгеге (НКИ 107,6 % құрады) қызмет көрсетілді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жүйесінде 965,6 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өнеркәсіп сипатындағы қызмет көрсетілді. НКИ 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 81,7 % құрды.

Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) өнім сапасын арттыру мақсатында ИСО, OHSAS, SA, ХАССП сериясының халықаралық сапа стандарттарын (бұдан әрі – ХСС) енгізуді насихаттау жұмысын өткізу үшін өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмысын жүргізуде.

Қала кәсіпорындарында ХСС талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу жөнінде мониторинг жүзеге асырылады. 2011 жылдың 4 тоқсанында қаланың кәсіпорындар мен ұйымдарының саны 447 бірлікті құрды. Өндіріс, сауда және қызмет көрсету саласында ХСС белсенді енгізіліп жатқанын айтып өту қажет.

Жергілікті тауар өндірушілерінің өнімін сату мақсатында қала кәсіпорындарының қатысуымен әр түрлі іс-шаралар, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, дәлірек айтқанда, екі жақты қатынастарды реттеуге мүмкіндік беретін шетел өкілдерінің қатысуымен бизнес-форумдар, «дөңгелек үстелдер», тұсаукесерлер мен кездесулер ұйымдастырылуда.

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өңірлік Индустрияландыру картасы бойынша 350,7 млрд. теңге сомасына 14 жоба іске асуда, соның ішінде 2010 жылы 2 жоба аяқталды («АБК-Мақсат» ЖШС темірбетон бұйымдарын әзірлеу зауыты, «Кровля НС» ЖШС «сэндвич-панельдер» әзірлеу зауыты). 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында 1 кезең енгізілді – 46 жаңа жұмыс орнын құрумен 1,4 млрд. теңге сомасына метиз өнімін өндіру жөніндегі «Стальцинк» ЖШС, 2011 жылғы 9 желтоқсанда «Talgo» жолаушылар вагондарын шығару зауыты «Тұлпар Talgo» ЖШС іске қосылды (Индустриялық парк аумағында іске асырылады), «АстанаЭкоСтандарт» - ЖШС «Жеміс-көкөніс өнімін өндіру және қайта өңдеу» жобасы бойынша. Енгізілген жобалардың жалпы сомасы 15,3 млрд. теңгені құрады, 600 шамасында жаңа жұмыс орындары құрылды. Қалған 9 жоба бойынша іске асыру кестеге сәйкес 2014 жылға дейін жоспарланды.
2.2. Көлік және байланыс
Автомобиль көлігі. Бүгінгі күні 51 қалалық бағдар бойынша күн сайын 771 бірлік көлік жұмыс істейді, оның ішінде сыйымдылығы үлкен автобустар саны 591 бірлік, сыйымдылығы орта автобустар саны 180 бірлік. Қызметкерлердің саны 2 500 астам адамды құрайды. Қалалық бағдарлық жүйенің ұзақтығы 2,437 км құрайды.

Қалалық көлікпен 2012 жылдың қаңтар – ақпанында 15 676,3 мың тонна жүк тасылды, жалпы жүк айналымы 868,3 млн. тонн/км құрды. 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстығанда тасылған жүк көлемі 36,2 % ұлғайды.

Автомобиль көлігі есепті кезеңде 281,8 млн. жолаушы тасымалдады, оның ішінде қаланың көлік кәсіпорындары – 49,5 млн. адамды (17,6 %), жеке кәсіпкерлер – 232,3 млн. адамды (82,4 %) тасыды.

Жол құрылысы. Қазіргі уақытта қалада ұзындығы 785,1 км болатын 663 жол мен жалпы пайдаланудағы көшелер бар, оның ішінде 53,1 км жылдамдықты жолдар, 120,5 км реттелетін қозғалыстың қалалық маңызы бар магистральдық көшелер, 174,5 км аудандық маңызы бар магистральды көшелер, 437 км жергілікті маңызы бар көшелер мен жолдар.

2011 жылдың қорытындысы бойынша 21,09 км жаңа жол іске қосылды, оның ішінде 14,5 км жол алты жолақты қозғалыс, 5,29 км төрт жолақты қозғалыс, 1,09 км екі жолақты қозғалыс бойынша. Елордаға кіретін 6 жолақты қозғалысты магистральдардың 10,8 км қайта жөндеу аяқталды, бұдан өзге қаланың орталық артериялары, яғни Жеңіс даңғылы, Мұңайтпасов көшесінің 5,1 км қайта жөндеуден өтті.

2011 жылы қалаға қосылған кенттердегі көше құрылыстары бойынша үлкен жұмыс атқарылды:

Н.Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан тұрғын үй алабында жалпы ұзындығы 2,883 км; Н.Тілендиев даңғылынан солтүстікке қарай орналасқан тұрғын үй алабында жалпы ұзындығы 0,898 км; Қазқалашық тұрғын үй алабында жалпы ұзындығы 2,754 км; Көктал 1 тұрғын үй алабында жалпы ұзындығы 1,822 км; Күйгенжар тұрғын үй алабында жалпы ұзындығы 3,728 км; Мичурино тұрғын үй алабында жалпы ұзындығы 2,240 км; Интернациональный тұрғын үй алабында жалпы ұзындығы 3,799 км; Достық тұрғын үй алабында ұзындығы 0,530.

Жалпы алғанда кенттерде 24,140 км жол салынды, жарық, нөсерлік кәріз, су жүйелері жүргізілді.

Бағдарларда көлік құралдарының жұмысын GPS-мониторингілеу жүйесі енгізілді. Аталған жүйе он-лайн тәртібінде жолаушылар көлігінің жұмысын қадағалауға мүмкіндік береді.

Сыйымдылығы кішкентай №100, 111, 116, 45 автобустар қызмет көрсететін төрт бағдарды қысқартумен бағдарлық желі оңтайландырылды, соның ішінде 100 бағдарлы автобус сыйымдылығы үлкен автобусқа (№48) ауыстырылды.

Әуе көлігімен 2012 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша 2,2 мың адам тасылды, бұл ретте барлық бағыттардағы жолаушылар айналымы 4,5 млн. текше/км құрады.

Қаланың байланыс кәсіпорындары 2012 жыл қаңтар-ақпан айлары бойынша 2967,5 млн. теңге сомасына қызмет көрсетті, бұл салыстырмалы бағаларда 2011 жылдың ұқсас кезеңінен 24,3% жоғары.

Көрсетілетін қызметтерден түсетін кіріс құрылымында Интернет 44,0%, қалааралық, халықаралық байланыс түрлері – 17,0%, жергілікті телефон байланысы – 13,8%, өзге байланыс түрлері – 25,2%-ды иеленген.


    1. Банк секторы

Астана қаласының банк жүйесі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» мемлекеттік мекемесінің орталық филиалымен, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Цеснабанк» АҚ сияқты дербес банктермен, екінші деңгейдегі банктердің 32 филиалымен, оның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ екі филиалымен және екінші деңгейдегі банк филиалдарының 149 құрылымдық бөлімшелерімен ұсынылып отыр.

Қаланың қолма-қол шетел валютасы нарығында 2012 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердің 158 айырбастау пункті, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын өткізуге лицензиялары бар 62 өкілетті ұйымдар валютасының айырбас орны әрекет етеді.

2012 жылдың қаңтар айының соңына екінші деңгейлі банктердегі резиденттер депозиттерінің жалпы мөлшері 1408,0 млрд. теңгені құрды және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,4% төмендеді.

Банктердің Астана қаласының экономикасына несиелері бойынша негізгі қарызының жалпы мөлшері 2012 жылдың қаңтар айының соңына 831,4 млрд. теңгені құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,8% ұлғайды.
2.4. Қаржылық-бюджеттік саланың жай-күйі
Бюджет және төлем тәртібі. 2012 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша мемлекеттік бюджетке кірістер түсімі Астана қаласы бойынша жалпы алғанда 74 832,8 млн. теңге болжамында 77 932,2 млн. теңгені құрды. Жыл басынан болжам 96,0% орындалды. 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік кірістер түсімі 10 068,4 млн. теңгеге (нақты – 64 764,4 млн. теңге) ұлғайды.

Республикалық бюджетке 65 250,0 млн. теңге болжанған жағдайда 57 384,5 млн. теңге, яғни болжам 87,9%-ға артық.

Жергілікті бюджетке 17 448,3 млн. теңге болжанған жағдайда 12 682,2 млн. теңге түсті, болжамдық көрсеткіштердің орындалуы 137,6 %-ды құрады.

Салықтық төлемдер бойынша мемлекеттік бюджетке түсімдер 69 428,4 млн. теңге болжанған жағдайда 76 176,3 млн. теңгені құрады, орындалу 91,1%-ды құрады, оның ішінде: республикалық бюджетке 54 428,6 млн. теңге болжанған жағдайда 63 590,4 млн. теңге немесе болжамға 85,6%-ға түсті; жергілікті бюджетке 14 999 млн. теңге болжамында 12 585,9 млн. теңге немесе болжамға 119,2% түсті.

Салықтық емес төлемдер бойынша түсімдер 3 281,5 млн. теңге болжанған жағдайда 1 683,8 млн. теңгені құрады, болжам 1 597,7 млн. теңгеге артық орындалды, оның ішінде: республикалық бюджетке 2 953,9 млн. теңге болжанғанда 1 658,6 млн. теңге түсті, 1 295,2 млн. теңге артық орындалды; жергілікті бюджетке 327,6 млн. теңге болжанғанда 25,2 млн. теңге түсті, 302,4 млн. теңге артық орындалды.

2012 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қарыз 14 966,2 млн. теңге, 2012 жылғы 1 ақпандағы қарызбен (13 868,5) салыстырғанда, тексеру актісіне және жүйедегі қатеге қосымша декларацияларды есептеу өткізуге байланысты 1 097,7 млн. теңгеге ұлғайды.




    1. Инвестициялардың жай-күйі


Негізгі капиталға инвестициялар талдамалы кезең бойынша 31 344,6 млн. теңгені немесе 2011 жылғы ұқсас кезеңге сәйкес деңгейі 122,5% құрады. Негізгі капиталға түсетін инвестицияның республикалық көлемінде Астана қаласы көлемінің үлесі 6,9 % құрады (өткен жылы 5,9 %).

2012 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға инвестициялар салудың негізгі көздерінің үлесі 21 496,8 млн. теңге сомасындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың жеке қаражаты болып табылады (инвестицияның жалпы көлемінің 68,6 %). Бюджет қаражатының үлесі 19,9%, қарызға алынған қаражат 10,6% құрады.


Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға

инвестициялар құрылымы



Көздер

2012 жылғы қаңтар-ақпан

2011 жылдың тиісті кезеңіне

млн. теңге

қорытындыға %

Негізгі капиталға инвестициялар, барлығы, млн. теңге, оның ішінде:

31,344,6

100

122,5

республикалық бюджет

6 063,1

19,3

234,5

жергілікті бюджет

174,9

0,6

24,4

кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың жеке қаражаты

21 496,8

68,6

24,4

шетелдік инвестициялар

288,0

0,9

0,0

заем қаражаты есебінен

3 321,8

10,6

87,3

Негізгі капиталдағы инвестициялардың негізгі құрамдас бөлігін құрылысқа құйылған инвестициялар құрайды. Құрылыс және ғимараттар мен орын-жайларды күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстардың жалпы сомасының 16 104,3 млн. теңгесін құрады (2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 45,2 % ұлғайды).

Есепті кезеңде Астана қаласының кәсіпорындары, ұйымдары және халқы жалпы көлемі 343 287 шаршы метр тұрғын үйлер салды және іске қосты (оның ішінде тиімдісі – 251 584 шаршы метр), бұл 2011 жылдың тиісті кезеңіндегі деңгейден 44,8 % жоғары. Тұрғын үйдің негізгі көлемін кәсіпорындар, жеке меншік нысанындағы ұйымдар мен халық енгізді.

Қазақстан Республикасындағы Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында 2012 жылдың 25 ақпанына дейінгі жағдайға қарай мемлекет есебінен жалпы көлемі 349,0 мың шаршы метр құрайтын 4 668 пәтер енгізілді, Тұрғын үй құрылысын дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 098 пәтерге 179,2 мың шаршы метр несиелік тұрғын үй пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысына барлығы 4 481,2 млн. теңге бағытталды – бұл 2011 жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 75,8%-ға артық.
2.6. Сауда және сыртқы сауда айналымы
Ішкі сауда

2012 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі іске асырудың барлық арналары бойынша 67 376,1 млн. теңгені құрады және өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 13,3%-ға ұлғайды. Ішкі кәсіпорындар 25 471,1 млн. теңге сомасына тауарлар мен қызметтер іске асырды, бұл сауда кәсіпорындарының тауар айналымының жалпы көлемінің 53,5%-н құрайды. Орта және ірі кәсіпорындардың қызметінен бөлшек тауар айналымы 22 130,4 млн. теңгені құрады.

Сыртқы сауда

Сыртқы сауда айналымы

Қаланың алыс және жақын шетелдермен сауда ынтымақтастығы табысты кеңеюде.

Сыртқы сауда айналымының дамуын бақылап отырсақ, ол 2012 жылдың қаңтарында 711,6 млн. АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда екі есеге ұлғайды.


Астана қаласының негізгі сыртқы сауда көрсеткіштерінің серпіні

Көрсеткіштер атауы


қаңтар – қараша

2011 жыл

2012 жыл

Сыртқы сауда айналымы, млн. АҚШ доллары

351,1

711,6

Экспорт, млн. АҚШ доллары

275,1

569,3

Импорт, млн. АҚШ доллары

76

142,3

Сыртқы сауда сальдосы, млн. АҚШ доллары

199,1

427


Экспорттық жеткізілімдер 2012 жылдың қаңтарында 569,3 млн. АҚШ долларын құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есеге ұлғайды.

Елорда экспорты нақты айқындалған географиялық бағытқа ие: жалпы экспорт көлеміндегі ТМД-дан тыс елдердің үлесі 94,1 %, ТМД елдері – 5,9% құрады. Негізгі тұтынушылардың қатарына Румыния (16,7 %), Италия (39,9 %), Қытай (4,7 %), Испания (3,5 %) кіреді.

2012 жылдың қаңтарында 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экспортта үлесті салмаққа ие негізгі тауар топтары бойынша экспорттық жеткізілімдер көлемі ұлғайды: минералды отын және оны өңдеу заттарының көлемі – мұнай өнімдері, газ және т.б. – 2 есеге ұлғайды.

Импорттық жеткізілімдер 2012 жылдың қаңтарында 142,3 млн. АҚШ долларын құрады және бұл 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге ұлғайды.

Импорттық жеткізілімдер мөлшерінде ТМД-дан тыс елдерге 94,1 %, ТМД елдеріне – 5,9 % жеткізіледі.

Импорт түсімдерінде машиналарды, құралдарды, көлік құралдарын, құралдар мен аппараттарды тасу басымды болып табылады және 2012 жылғы қаңтарда олардың көлемі 113,2 млн. АҚШ долларын құрады.


2.7. Шағын бизнеске мониторинг жүргізу
2012 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша қалада 40 068 шағын кәсіпкерлік субъектісі белсенді жұмыс істейді, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,9 %-ға өсті.

Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 107,9 мың адамға жетті, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,0 пайызға төмен.


Өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің көлемі 54 525 млн. теңгені құрады, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда бірдей болып шықты (100,0 %).

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында қала әкімдігі шағын және орта бизнес саласын дамытудың жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.



«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын жүзеге асыру бюджеті 1 482 671,0 теңгені құрайды.

Несиелерді жартылай кепілдендіру бағытын жетілдіру үшін қосымша қаражат 17443,0 мың теңге сомасында және өндірістік инфрақұрылым бойынша 700,000,0 мың теңге бөлінді.

Астана қаласының үдемелі индустриялық дамуы бойынша аймақтық үйлестіру кеңесі пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 1,7 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаның несиелік портфелін және өндірістік инфрақұрылымды дамытуға арналған ЖСД жете зерттеуге 1 жобаны мақұлдады, жоба ЭДСМ келісілуде.

Жобалар тартуға байланысты екінші деңгейлі банктермен белсенді өзара әрекеттестік жалғасуда. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын іске асыру жөнінде қала кәсіпкерлерін БАҚ арқылы кең көлемді ақпараттандыру жүргізілуде.

Іске асырылған жобалардың мониторингін жүргізу мақсатында ағымдағы жылдың 13 ақпанында Үйлестіру кеңесінің мүшелері жобалар іске асырылатын орындарда болып қайтты, бұдан былай мұндай сапарлар тұрақты түрде шығу кестесіне сай жүргізіліп отырады.

Аталған Бағдарламаның іске асырылуы бойынша қолға алынған шаралар мен өткілілген іс-шаралар жөнінде тұрғындар мен кәсіпкерлерге түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу бойынша медиа-жоспар құрылды.
2.8. Тұтыну бағаларын талдау
Астана қаласы бойынша тұтынушылық баға көрсеткіші:


Атауы

2011 жылдың желтоқсанына қарағанда 2012 жылдың ақпаны, %

Барлық тауарлар мен қызметтер

101,0

оның ішінде:




азық-түлік тауарлары

102,1

азық-түлік емес тауарлар

100,4

ақылы қызметтер

100,1

Анықтама:



2012 жылдың ақпанында өмір сүру минимумының мөлшері 17 930 теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 98,8 %–ға ұлғайды.

Орташа айлық жалақы 2012 жылдың қаңтарында 134 165 теңгені құрады және 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,6 пайызға ұлғайды.

Азық-түлік тауарлары бағаларының индексі 2012 жылдың ақпанында 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 102,1 пайызды құрады.



Мынадай азық-түліктер: жұмыртқа 3,0 %-ға, алкогольсіз сусындар 0,8 %-ға, ет 1,6 %-ға (сиыр еті 1,3 %-ға, жылқы еті – 1,9 %, шошқа еті 1,3 %-ға, қой еті 0,7 %-ға, құс еті – 0,6 % қымбаттады), жеміс пен көкөніс 1,1 %-ға (қызанақ 14,4 %-ға, қырыққабат – 6,1 %-ға, қияр – 2,9 %-ға, алма 0,2 %-ға, сәбіз – 0,1 %-ға қымбаттады) балық пен теңіз өнімдері 1,9 %-ға, сүт өнімдері – 0,9 %-ға, майлар 0,8 %-ға, нан өнімдері мен жарма – 0,5 %-ға қымбаттады. Картоп бағасының 0,2 %-ға арзандауы тіркелді.

Азық-түлік емес тауарлары бағаларының индексі 2012 жылдың ақпанында 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 100,4 пайызды құрады. Фармацевтикалық өнімдер 0,6 %-ға, киім 0,4 %-ға қымбаттады. Жанармай, дизель отыны 0,1 %-ға қымбаттады.

Бағалар мен тарифтер индексі 2012 жылдың ақпанында 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 100,1 %-ды құрады. Темір жол жолаушылар көлігі қызметтерінің тарифі 1,0 %-ға көтерілді.

Әлеуметтік маңызы бар өндірістік тауарларға баға деңгейін реттеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі келесідей жұмыстарды атқарды.

Астана қаласы әкімдігі мен сауда ұйымдарының арасында 2012 жылға

«Астана қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарларды көтерме-бөлшек сауда негізінде сатумен айналысатын сауда ұйымдарында сатудың үстеме бағасының мөлшерін анықтау мен қолдану туралы» меморандумға қол қойылды.

Аталған Меморандум шеңберінде әкімдік сауда мекемелеріндегі өндірістік тауарларға белгіленген сатудың үстеме бағаларын, баға белгілеу процесін, келісіп алу фактілеріне жол бермеу, бағалардың қисынсыз көтерілуіне мониторинг жүргізу арқылы Меморандум шарттарының іске асырылуына бақылауды қамтамасыз етеді. Күн сайын әкімдік пен оған қарасты мекемелер қызметкерлері сауда объектілерінде баға мониторингін жүргізеді.

Астана қаласының аумағында «Astana» ӘӨК» ҰК» АҚ орталықтандырылған сатып алу негізінде өнімдермен қамтамасыздандырылатын «Астана-Ырыс» ЖШС–ның 32 әлеуметтік павильоны қызмет етеді.

Елорданың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін нарықтық механизмді қолдану арқылы жүйелі шаралар іске асырылуда.

Индустриялық парк аумағында «Мир круп» ЖШС жарманы қайта өндіру жөнінде көпсалалы кешен құрылысын жүргізуде. Сонымен қатар, «Продкорпорация» АҚ іске асыратын көтерме сауда-логистикалық орталық, уақытша сақтау қоймаларын, қайта өңдеуді, көтерме сауда секторын, көліктік терминалдарды қоса алғанда, «Казглавпродукт» ЖШС қалталау желісі бар көліктік-логистикалық орталығы салынуда.

Астана қаласының аумағында 2 жылыжай бар: «Байтал» ЖШС және «АстанаЭкоСтандарт». «Байтал» ЖШС өнімділігі 600 тонна (200 тонна томат, 400 тонна қияр) жылыжайының алғашқы түсімі наурыз айында күтіледі. Бұдан басқа, мамыр айында «АстанаЭкоСтандарт» ЖШС өнімділігі 1900 тонна (900 тонна томат, 1000 тонна қияр) жылыжай кешенінің алғашқы түсімі күтіледі.

2012-2013 жылдарға 4 жылыжайдың құрылысы жобаланды, солардың жалпы өнімділігі 2 800 тонна болатын екеуінің құрылысы ағымдағы жылы аяқталады. 2013 жылы өнімділік көлемі 1030 тонна шамасында болатын 2 жылыжай қолданысқа беріледі. Аталған объеектілер толық қуатында жұмыс істесе, 2013 жылы қаланың мезгіл арасындағы жылыжай өнімдеріне (қияр, томат) деген сұранысын қала тұрғындары санының өсуін есепке ала отырғанда 80 %-ға қамтитын болады.

Қала аумағында көкөніс сақтау қоймалары құрылысының 11 жобасы іске асырылуда. Қала сұранысының сақтау көлемі 60 мың тонна. 2012 жылы жалпы сақтау көлемі 31000 тонна болатын 6 жобаны аяқтау жоспарлануда. 2013 жылы 5 жоба аяқталады, мұнда 35000 тонна өнім сақталынады, яғни бұл қала тұрғындары санының өсуін есепке ала отырғанда азық-түлікті сақтау көлемінің ағымдағы сұранысын қамтитын болады.

2.9. Әлеуметтік сала



2.9.1. Халықты әлеуметтік қорғау және кедейлік деңгейін төмендету
Жергілікті бюджеттен төленген әлеуметтік төлемдердің жалпы сомасы 2012 жылдың 1 наурызына 251,6 млн. теңгені құрады.

«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 187,8 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Барлық әлеуметтік көмек ақшалай төлем ретінде берілді, олардың мөлшері жергілікті бюджеттің қаржылық мүмкіндіктерімен және мұқтаж азаматтардың санымен айқындалады, олардың ішінде:

18 жасқа дейінгі балалары бар, орта есеппен жан басына шаққандағы табысы тұтыну себеті мөлшерінен төмен отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы – 4 915,6 мың теңге;

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек – 3 590,4 мың теңге;

тұрғын үй жәрдемақысы – 13 170,6 мың теңге;

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және оларға теңестірілген тұлғаларға, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне коммуналдық төлемдері, тұрғын үйді ұстауы, дәрі – дәрмектік қамтамасыз етуі, абоненттік төлемі үшін – 21 603,9 мың теңге.


2.9.2. Жұмыспен қамту
Елорданы дамытудың әртүрлі жобаларын іске асыру қосымша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Есепті кезеңде 2 806 (2010 жылдың қаңтар-ақпанында – 2 338) жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде экономикалық қызмет түрлері бойынша: өнеркәсіпте – 267, саудада – 264, құрылыста және коммуналдық шаруашылықта – 654, көлік және байланыста – 165, білім және денсаулық сақтауда – 624, өзгелері – 886. Оның ішінде шағын бизнес саласында – 1801.

2011 жылдың басынан бастап 2577 адам жұмыс іздеп өтініш білдірді. Осы азаматтардың жалпы саны – 1 652 әйелдер, 14-29 жас аралығындағы жастар 1 428 адам.

Жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтар саны 2012 жылдың 1 наурызына 4 840 адамды құрайды.

Жұмыспен қамту мүмкіндігін арттыру, жұмыссыздарды еңбек нарығында қолдау және бейімдеу мақсатында Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларын қолдануда, оның ішінде: жұмыс іздестіруге жәрдемдесу, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ жұмыспен қамту саласында қосымша әлеуметтік қорғау шараларын ұйымдастыру (бұл оқудан бос уақытта оқып жатқан жастар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар, «Жастар тәжірибесі» кәсіптік диплом алдындағы тәжірибе, халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындары).

Халықты жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің басты элементі кәсіби дайындықты ұйымдастыру, жұмыссыз азаматтардың біліктілігін көтеру және қайта дайындау болып табылады.

2012 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органының деректер қорында 1738 бос орын бар.

2012 жылдың басынан бері 5444 шетелдік мамандарды тартуға 5444 рұқсат қағаз іске асуда. Нақты 652 жұмыс берушіде 5444 шетелдік азамат пен 20 279 қазақстандық азамат жұмыс істеуде. Қосымша 578 жұмыс орны құрылды және 57 қазақстандық маманға шетелдік мамандарды алмастыра алатынын дәлелдейтін құжаттар (сертификаттар) беріліп, қайта оқытылды. Шетелдік мамандарды қазақстандық азаматтардың алмастыруы – 112.


2.9.3. Білім
Астана қаласының білім жүйесі 253 білім ұйымдарынан тұрады,

Қаланың мектепке дейінгі ұйымдар желісін 111 мекеме құрайды: оның ішінде мемлекеттік меншік нысанындағы мектепке дейінгі ұйымдар саны 69 («Мектеп-балабақша» - 5 кешен), жеке меншік –41, ведомстволық 1.

06 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 2011 жылы – 54,2 %-ды құрайды.

2011-2012 оқу жылы басында Астана қаласында 82 мектеп қызмет етеді, оның ішінде: 69 мемлекеттік және 13 мемлекеттік емес мектеп.

Оқу орындарының тапшылығы 14 382 құрайды.

Кәсіби және техникалық білім беру саласында білім беру қызметін 37 ұйым жүзеге асырады, оның ішінде: кәсіби лицейлер – 7, мемлекеттік колледждер – 5, мемлекеттік емес колледждер – 25.

13 қосымша ұйым (жаңа Оқушылар сарайын қоса есептегенде) және 10 арнайы білім ұйымы қызмет етеді.

М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Шаттық» қалалық Дельфий ойындары өтті. Ойын қорытындысы бойынша 27 алтын, 30 күміс, 29 қола медаль иегерлері анықталды.

Мектеп директорларына «Эксклюзивті білім мүмкіндігі шектеулі балалар өмірінде жағымды өзгерістерге жетудің құралы» тақырыбында семинар өткізілді.

«И мы тебя сохраним, русская речь, великое русское слово» атты Орыс тілі және әдебиетінен V кәсіптік бейімдеу олимпиадасы 8-11 сынып оқушылары арасында өтті. Бұл іс-шараға 180 оқушы қатысты. Барлық қатысушыларға сертификат, үздіктерге номинацияларда диплом мен грамоталар берілді.


2.9.4. Денсаулық сақтау
Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының жүйесінде есепті кезеңде 32 медициналық ұйым қызмет етеді, оның ішінде: 14 аурухана ұйымы, 9 АМСК ұйымы, 1 қалалық жедел жәрдем станциясы, 6 өзге және 2 білім беретін медицина ұйымы.

Бұдан басқа, қала тұрғындарына 1 971 кереуеттік қоры бар республикалық маңызы бар 8 аурухана, 494 кереуеттік қоры бар 4 ведомстволық аурухана ұйымы, 32 кереуеттік қоры бар 2 жеке меншік нысанындағы аурухана ұйымы қызмет көрсетеді.

Астана қаласының емханалық көмек көрсететін ұйымдарында 2012 жылдың қаңтарында 893 689 ауру, 2011 жылдың есепті кезеңінде – 820 393, соның ішінде АМСК ұйымдарында 700 230 адам емделді (2011 жылдың есепті кезеңінде – 644 689).

Астанада медициналық-демографиялық көрсеткіштері мынадай:

Ана өлімі 2011 және 2012 жылдардың ақпанында 0-ге тең. Жоғарыда аталған кезең 2011-2012 жылдары ана өлімі жағдайы тіркелмеді.

2012 жылдың ақпанына халықтың туу көрсеткіші 4,5%-ға төмендеп, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (26,5) 25,3 -ды құрады.

Сондай-ақ халықтың табиғи өсім көрсеткіші 2,8%-ға, 2011 жылдың ақпанында 1000 адамға шаққанда 21,1-ден 2012 жылы 20,5%-ға дейін төмендеді.

2012 жылдың ақпанындағы жалпы өлім көрсеткіші қорытындысы – 11,1 %-ға төмендеді, 2011 жылы қаңтардағы 5,4-тен 2012 жылғы ақпандағы 1000 адамға шаққандағы 4,8-ге дейін.

Астана қаласы бойынша 2012 жылдың ақпанында сәби өлімі көрсеткіші 1,1%-ға көбейді, 2011 жылғы 8,8-ден ағымдағы жылы 8,9-ға дейін.

2.10. Мәдениет және спорт


Мәдениет. Мәдениет мекемелері мен кәсіпорындарының желісі мынадай: 23 кітапхананы біріктіретін бір «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі»; 17 қазыналық кәсіпорын; 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Оның ішінде түрлері бойынша: кітапхана – 23; театр – 6; мұражай – 4; концерт ұйымдары – 1 (Мемлекеттік филармония); мәдени-демалыс кәсіпорындары (сарайлар, орталықтар) – 5; цирк – 1; кинопрокат ұйымы – 1; өзгелері – 2 (Дыбыс жазу студиясы, Астана Сазы).

Мұражай қызметі

Мұражайларда ақпан айы бойы 6 жаңа көрме ұйымдастырылды, 70 экскурсия өткіілді, 11 дәріс оқылды; аталған іс-шараларға 6896 адам қатысты.



Театр қызметі

Ағымдағы жылдың ақпан айында 23 спектакль көрсетілді, 3130 көрермен тамашалады.



Қуыршақтар театры ақпанда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Орман ертегісі» және «О, тоба» спектакльдерін көрсетті, сондай-ақ театр ұжымы Павлодар, Екібастұз қалаларында гастрольдік сапарда болып, «Атамекен» спектаклін қойды.

Барлығы 32 іс-шара өткізілді, онда 3942 көрермен қатысты.



Саз өнері саласында

«Жастар» сарайында ақпан айында келесідей іс-шаралар: Саратов қаласының Қазіргі заманғы ұзын қуыршақтар театрының балаларға арналған театрландырылған көрінісі, «АнгиорС» балалар вокалды студиясының концерті, «Мейірімділік» қоғамдық бірлестігінің қайырымдылық концерті, «Қазақша КВН» өткізілді.

Есепті кезеңде Тәуелсіздік сарайында «Иран ислам республикасының өнері мен мәдениеті» және «Өнердің жаһандануы» атты көрмелер өткізіліп, бұл іс-шараларға 1050 адам қатысты.

Астаналық цирк

Астаналық циркте Мәскеу және Астаналық цирк әртістерінің қатысуымен «Қиял-ғажайып шегінде» көрсетілімі көрсетілді, оған 2300 көрермен қатысты.

Санкт-Петербург әртістерінің қатысуымен өткен «Морские слоны» көрсетілімінде теңіз пілдері, жонглерлар, акробаттар, клоундар болды.

Кітапхана қызметінде

Ай бойы қаланың барлық кітапханаларында оқырмандар арасында Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын насихаттау бойынша мақсатты ақпаратты- түсінік беру жұмысы жүргізілді. Оқырмандардың аталған құжатпен өз бетінше танысуға мүмкіндігі болды.

Ай бойы кітапханаларда 47295 оқырман болды.
Спорт. Астана қаласында дене тәрбиесін және спортты әрі қарай дамыту мақсатында, оқушылар мен жастардың спортпен тұрақты шұғылдану мүмкіндігін кеңейтуге балалар-жасөспірмдер спорт мектептері, спорт клубтары, және басқа да спорттық-көпшілік және сауықтыру шараларының орталықтары желісін кеңейтуге байланысты дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Астана қаласында 506 спорт ғимараты, оның ішінде 180 спорт залы, 21 жүзу бассейні, 15 спорттық кешен, 4 стадион, 5 Спорт сарайы, 51 іштен салынған спорт залдары қызмет етеді.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және қала тұрғындарын жүйелі түрде дене тәрбиесімен шұғылдануға тарту мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айы бойы келесідей елеулі іс-шаралар өткізілді:

- 1993-1995 жылдары туған жастар арасындағы Астана қаласының қазақша күрес бойынша ашық Чемпионаты;

- әуесқойлар арасындағы Астана қаласының шайбалы хоккейден ашық Чемпионаты;

- 1994-1995 жылдары туған жастар арасындағы Астана қаласының самбодан біріншілігі;

- Астана қаласы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында «Салауатты ұрпақтың келешегі ғаламат» атты ұранмен шаңғы жарысы бойынша қайырымдылық акциясы;

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылымдық бөлімшелерінің арасындағы шаңғы жарысы;



- мүгедек спортсмендер арасындағы Астана қаласының жүзуден ашық жеке біріншілігі.
________________________________




Каталог: UserFiles -> new16
new16 -> Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы
new16 -> Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы «29» желтоқсандағы
new16 -> Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы желтоқсандағы
new16 -> Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорт ы
new16 -> Әлеуметтік-экономикалық дамуының паспорт ы 2013 жылдың қаңтар айы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет