«Астана қаласының тұрғын үй қорының жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық салада халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы және Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілетін жұмысы



жүктеу 74.98 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі74.98 Kb.
«Астана қаласының тұрғын үй қорының жай-күйі, тұрғын үй-коммуналдық салада халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы және Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілетін жұмысы туралы» мәселесі бойынша жария тыңдаудағы ұсыныстар

Астана қаласы мәслихатының жария тыңдауларына қатысушылары ұсынылған материалдарды қарастырып және қаланың тұрғын үй қорының жай-күйін, тұрғын үй-коммуналдық салада ұсынылатын қызметтердің сапасын жақсарту және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру барысын талқылап, қалада халықтың өмір сүруі үшін жайлы жағдайды қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту бойынша белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

Астана қаалсының тұрғын қоры 2011 көп пәтерлі тұрғын үйді құрайды, оның ішінде 528 үй күрделі және ағымдық жөндеуді, 230 апатты және бұзуға жатады. Өткен жылыту кезеңінде 63 тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.

«Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК және «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұлттық компаниясы тартылған Бағдарламаның пилоттық жобасын іске асыруға 2011 жылы 11 көп пәтерлі тұрғын үйге күрделі және ағымдық жөндеуіне 463,7 млн. теңге сомасында қаржыландыру бөлінді. 2012 жылға 23 үйге жалпы сомасы 812 млн. теңгеге жөндеу жүргізу, оның ішінде 8 үйдің күрделі жөндеуі (312,5 млн. теңге) және 15 үйдің (500 млн. теңге) ағымдық жөндеуін жүргізу жоспарланып отыр.

2011 жылы «Қалалық жылжымайтын орталық» МКК тоғыз көп пәтерлі тұрғын үйге ағымдық жөндеу жұмыстары, оның ішінде «Алматы» ауданында бес үй, «Есіл» ауданында екі және «Сарыарқа» ауданында екі үйге жүргізілді. Бөлінген 343 млн. теңге сомасынан 316 игерілді, қалған 27 млн. теңге сомасы тұрғын үйлердегі лифттерді жөндеуге бөлінді. Тұрғын үйлердің терможаңартуын жүргізу кезінде «Алматы» және «Сарыарқа» аудандарының жеті көп пәтерлі үйлерінде автоматты жылу пункттері орнатылды. «Есіл» ауданындағы автономды жылытылатын екі көп пәтерлі тұрғын үйде (Жаңа әуежай көшесі, 113) жылу есептегішті орнату және қазандықты ауыстыру (Дулыға көшесі, 21) бойынша жұмыстар орындалды. Жалпы ұзындығы 7,5 км сумен жабдықтау, жылыту және кәріз желілерінің магистраль құбырлары ауыстырылды.

«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұлттық компаниясы 2011 жылы жалпы сомасы 120 млн. теңгеге «Алматы» ауданының екі үйіне күрделі жөндеу жүргізді. Сонымен қатар, 2011 жылдың қазанында Потанин көшесі, 12/2 мекенжайындағы жатақханаға күрделі жөндеу басталды.

Бағдарламаны іске асыру барысында халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы кондоминиум объектісінің жалпы мүлкінің жөндеуіне шығындарды төлеу үшін атаулы көмек көрсетті.

Энергия көздерін, магистраль жылу желілерін, электр желісі объектілерін, сумен жабдықтау және суды бұруды салу және қайта жөндеу бойынша жобалар тұрақты негізе іске асырылуда.

2011 жылы бекітілген графикке сәйкес, құны 72 млрд. теңге болатын жаңа ТЭО-3 құрылысы, құны 23,9 млрд. теңге құны болатын ТЭО-1 қайта жөндеуі, жалпы құны 144 млрд. теңге болатын ТЭО-2 қайта жөндеу және кеңейту жұмыстары жүргізілуде.

Сол жағалауда салынып жатқан денсаулық сақтау объектілерін жылу энергиясымен қамтамасыз ету үшін, № 31 және № 32 көшелерінің қиылысында қуаттылығы 17 Гкал/с автономды қазандықтың құрылысы басталды.

Қаланың электрмен жабдықтаудың беріктілігі мен елорданың дамып келе жатқан аудандарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 41 млрд. теңге болатын қаланың айналысында ВЛ-220 кВ сақинасын салу жалғасуда.

Жылумен жабдықтау беріктілігін арттыру және жаңа тұтынушыларды жылу энергиясына қосу мақсатында, № 2, ТМ-4, ТМ-23, ТМ-29 сорғы станциясымен ТМ-18, ТМ-19 қайта жөндеу бойынша жобалар іске асырылуда.

Берік, тұрақты сумен жабдықтау және ағынды суды бұруды қамтамасыз ету үшін «Астана қаласын сумен жабдықтау және кәрізі» жобасы (жапон жобасы) іске асырылды, оның шеңберінде 81,1 млрд. теңге игерілді және 126,5 су құбыры желісі, 20,5 км кәріз желісі салынды.

Жаңа көп қабатты тұрғын үй кешендерін пайдалануға берумен лифтілік қондырғылардың саны да артып келеді. Бүгінгі күні қызмет көрсететін ұйымдар тұрғын үй қорының техникалық қызмет көрсетуі және ағымдық жөндеуі бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Астаналифт» ЖШС мақсатты жарна жинау есебінен лифттердің жұмысын диспетчерлік бақылаудың заманауи автоматты кешенін және кәсіпорынның қызметтеріне картамен төлеу жүйесін енгізді.

Қауіпсіз қала бағдарламасы бойынша және қаладағы криминогендік жағдаятты жақсарту мақсатында, пәтерлердің меншік иелері кооперативтерінің төрағаларымен бірлесіп, аула аумағы мен автомобиль тұрағын қоса алумен, көп қабатты тұрғын үйдің периметрі бойынша бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Жария тыңдау жүргізу процесінде қалалық мәслихаттың депутаттарының, шақырылғандар мен жария тыңдауға қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Халыққа ұсынылатын тұрғын үй-коммуналдық қызметтерінің сапасын арттыру бойынша жүргізілген жұмысқа қарамастан, жария тыңдауға қатысушылар жергілікті атқарушы органдардың және тұрғын үйді жөндеу және жаңғырту бойынша мамандандырылған ұйымдардың қызметін жеткілікті деңгейде ақпараттық жария етілмейтіндігі, кондоминиум мүшелерінің мердігерлер дайындық жұмысы процесіне, орындаған жұмыстардың сапасына бақылау жасау және орындалған жұмыстарды қабылдау жұмыстарына төмен белсенділігін атап өтті.

Кондоминиумді тіркеудің, тұрғын үйлердің техникалық паспорттарының болмауы, тұрғындардың белсенді болмауы, кейде қатысудан бас тартуы Бағдарламаны іске асыру үшін кедергі жасайды.

«Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК Бағдарламаға сәйкес ағымдық жөндеуді жүзеге асыру бойынша қаржыландыру мәселелері толық деңгейде шешілмеді. Тұрғын үйлерді техникалық зерттеу, жобалау және оларды жөндеуді техникалық қадағалауды қаржыландыру мәселесін қарастыру талап етіледі.

Құрылыс салушылардың жаңадан салынған үйлерді алдағы уақытта күтіп ұстау және қызмет көрсету үшін өздерінің аффиллирленген кәсіпорындарына тапсыруға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау қажет.

Ішкі үйлік газ шаруашылығын күтіп ұстау мәселесі шешімін тапқан жоқ.

«Иесіз» желілердің техникалық жай-күйіне бақылаудың болмауы барлық электр кешенінің апатсыз және сенімді жұмысына теріс ықпал етеді.

Қалада тозығы жеткен және апатты тұрғын үйлердің санының артуы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі күні қалада 230 апатты және тозығы жеткен үй саналады.

Жылу энергетикалық кешен кәсіпорындарында автоматтандырылған жүйенің енгізілуіне байланысты, қаланың техникалық және кәсіптік оқу орындарының базасында білікті кадрларды дайындау мәселесін шешу талап етіледі.

Талқылау қорытындысы бойынша, қаланың тұрғын үй қорының жай-күйін, тұрғын үй-коммуналдық салада ұсынылатын қызметтердің сапасын және Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілетін жұмысты жақсарту үшін, жария тыңдаудың қатысушылары ұсынады:


  1. Астана қаласының әкімдігіне:

  • жариялылық пен ашықтықты толық деңгейде қамтамасыз ете отырып, 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырсын;

  • ресурсты үнемдеу проблемасын шешу мақсатында және пәтерлер (орын-жайлар) меншік иелерін тұрғын үй қорын жөндеу және терможаңарту процесіне тарту үшін ағартушылық және арнайы әдебиетті тираждау және тарату, семинарлар, көрмелер мен конференциялар ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарын тарта отырып, қоғамдық акциялар мен жарнама кампанияларын өткізу арқылы халықтың арасында энергияны үнемдеуді насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырсын;

  • босатылған учаскелерде қолжетімді тұрғын үйді салу үшін әлеуетті құрылыс салушылардың инвестицияларын тарту мақсатында тозығы жеткен және апатты тұрғын үйлерді бұзу бойынша іс-шараларды әзірлесін. Аталған санатқа жатқызылатын үйлерді зерттеуді жүргізсін;

  • Ішкі үйлік газбен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсету және жөндеу, газ қондырғыларын қауіпсіз пайдалану нормаларын сақтауды мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселесін қарастырсын.

Көп қабатты тұрғын үйлерге тексеріс жүргізсін және газ баллондары заңсыз пайдаланатындарды айқындасын, оларды орталықтан газбен жабдықтау немесе электрмен пайдалануға ауыстыру бойынша шараларды қабылдасын.




2. Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясына, Астана қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментіне:

- тұрғын үй секторының энергия тиімділігін арттыру үшін жөндеу жұмыстарының сапасы, энергияны үнемдеу және іске асырылып отырған Бағдарлама шеңберінде ғимараттарды қайта жөндеу және пайдалануға беру кезінде энергия тиімділігін арттыру бойынша талаптардың орындалуына бақылауды күшейтсін.



3. Астана қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы энергетикалық кешен кәсіпорындарымен бірлесіп:

- жылу энергетикалық кешенде тарифтердің өсуінің ықпалын азайту үшін тұтыну көлеміне байланысты тұтынушылар топтары бойынша дифференцияланған тарифтерді қолдану тәжірибесін жалғастырсын;

- энергетикалық кешеннің және өмір тіршілігін қамтамасыз ету жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, өндіріс объектілерінде, әлеуметтік салада және тұрғын алапта жылу режимін сақтау мақсатында, «иесіз» электр және жылу желілерін «Астанаэнергосервис» АҚ кәсіпорнының теңгеріміне тапсыру мәселесін зерттесін.
4. Білім басқармасы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп:

- тұрғын үйлерге, қаланың энергетикалық кәсіпорындарына қызмет көрсету үшін, қажет етілетін білікті кадрлардың нақты қажеттілігін анықтай отырып, орта және кәсіптік білім беру ұйымдарының кадрларды дайындау мәселесін зерттесін және шараларды қабылдасын.

4. «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК және «Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұлттық компаниясы:

- орындалатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз ете отырып, жылуды тұтынуды есептеу және реттеудің автоматты жүйесін қосымша орнатумен, тұрғын үйлерді жөндеу және терможаңарту бойынша жұмысты жандандырсын.



5. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандары әкімдерінің аппараттары аудандардың пәтерлердің (орын-жайлардың) меншік иелері кооперативтерінің қауымдастықтарымен бірлесіп:

- кондоминиум мүшелері мен пәтерлердің (орын-жайлардың) меншік иелері кооперативтерінің түсіндіру жұмысын жүргізу арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырсын;

- электр энергиясын, жылуды, суды тұтынушылар мен жеткізушілер арасында қызмет көрсететін ұйымды (ПИК, басқарушы компания) үшінші тарап ретінде қосып үшжақты шарттарды енгізу мәселесін зерттесін;

- көшелерде және аулаларда тазалықты және тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, қосымша қоқыс салатын жәшіктерді орнату және оларға қызмет көрсету мүмкіндігін қарастырсын.



Ұсыныстар 2012 жылдың 1 маусымында өткен жария тыңдауда қабылданды.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет