Астана. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова



Дата03.07.2016
өлшемі13.47 Kb.
2010-02-13 12:51:00.0

«Болашақ» түлегі Елбасының Жолдауын түсіндіру мақсатында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болды
АСТАНА. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «Дипломмен ауылға» бағдарламасына аграрлық сала мамандықтарын енгізу мәселесі шешіліп жатыр.

 Бұл туралы бүгін Елбасының ел халқына арнаған биылғы Жолдауын талқылау және түсіндіру мақсатында Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттерімен кездескен «Болашақ» стипендиаттары қауымдастығының мүшесі, «AMG Холдинг» бас директорының орынбасары Алтай Құлғынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 А.Құлғынов, Қазақстан Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының негізгі аспектілеріне тоқтала келе, Елбасы отандық жоғары оқу орындарына әлемдік ЖОО-лардың рейтингісіне енуді міндеттегенін айтты. Ал қазақстандық жоғары мектептердің рейтингісін көтеру алдымен, білікті және бәсекеге қабілетті студенттерден басталатынын, ол үшін әр студент өз бетінше ізденуі тиістігін және оқып жатқан мамандығын тереңінен зерттеп, ғылыммен айналысу қажеттігін қадап айтты. «Ең бастысы, өз кәсібінің маманы болу. Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасына аграрлық мамандықтарды енгізу мәселесі шешілу үстінде», - деді ол.

 Сондай-ақ А.Құлғынов, Президент өз Жолдауында Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне жеке тоқталғанын тілге тиек етіп, әлемнің 56 мемлекеті мүше болып табылатын бұл Ұйымға төрағалыққа Қазақстан, тәуелсіздік жылдарындағы үлкен еңбегінің арқасында қол жеткізгенін жеткізді. «ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге әйгілеу мүмкіндігімен қатар, үлкен жауапкершіліктерді де жүктеп отыр», - деді ол.



 Кездесу барысында «Болашақ» түлегі адам капиталы, экономиканы диверсификациялау, агроөнеркәсіп кешені мен индустрияны дамыту мәселелеріне баса тоқталды.
Каталог: docs
docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет