Астана ақшамы. – 2011. №18. – 12 ақпан Қожабеков Ғ. Жеңіс пәтерге жеткізді



жүктеу 21.68 Kb.
Дата06.06.2016
өлшемі21.68 Kb.
Астана ақшамы. – 2011. - № 18. – 12 ақпан

Қожабеков Ғ.


Жеңіс пәтерге жеткізді

Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Азия ойындарында ел намысын қорғап, жеңіс тұғырына көтерілген астаналық спортшыларды қабылдап, Мемлекет басшысы атынан пәтер сыйлады.

Өз елінің дамуына елеулі еңбек сіңіріп жүрген адамдармен қашанда кездесуге қуаныштымын. Көптен дайындалған Азия ойындары да мәресіне жетті. Бұл – тұтастай Қазақстанның абыройы деп есептеймін. Біз жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иелендік. Қазақстан бұған дейін Азия ойындарында бірінші орын алып көрген емес еді. Бұл – сіздердің және жплпы қазақстандық спорттың табысы, бұл – Тәуелсіздіктің 20 жылдығына жасалған керемет тарту болды, - деді кездесу басында И. Тасмағамбетов.

Байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан құрамасының қоржынына алтын медаль түсірген астаналық спортшылармен емен-жарқын әңгімелесті. Қала басшысы елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған Азиаданың маңызы туралы айтып, осы ойындарға дайындық барысы әлемдік экономикалық дағдарысқа тұспа-тұс келгенін, осы жағдайда орай оның өтпей қалуы қарастырылғанын, бірақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың батыл шешімі арқасында жүзеге асқанын атап өтті. Шын мәнінде, Астана мен Алматыда өткен VII қысқы Азия ойындары ел тарихындағы айрықша оқиға болып, Қазақстанның ел екенін көрсетіп берді.

Азия ойындарында чемпион атанған астаналық спортшыларға пәтер кілтін тапсырған Астана әкімі «Біздің қазақта «Баласы бәйгеге қосылғанда, үйдегі атасы тақымын қысып отырады» деген сөз бар. Осы орайда біз бәріміз сіздерге жанкүйер болдық. Бүгінде өз балаларын спортқа баулып, оларды табысты жас адам қатарында көргісі келетін көптеген ата-аналар бізден спорт үйірмелері туралы сұрап жатыр. Бұл - өте маңызды іс. Ең бастысы, Азия ойындары кезіндегі қазақстандықтар теледидар алдында отырып, сіздерге жанкүйер болып, қолдау білдірді. Халық бірлігі нығая түсті. Сіздер спорттық нәтижелерге қол жеткізіп қана қоймай, қазақстандықтардың рухын асқақтаттыңыздар. Сіздер барша халықты жеңіс жолында бір тудың астына біріктіре алдыңыздар. Мұның өзі орасын жетістік» деп түйіндеді өз сөзін.



Астана қаласынан пәтер алған спортышалардың қатарында VII қысқы Азия ойындарының төрт дүркін чемпиондары, шаңғымен бағдарлаушылар Ольга Новикова мен Михаил Сорокин, осы жарыстың эстафетасында жеңімпаз атанған Эльмира Молдашева болды. Сондай-ақ Гуанчжоуда өткен Х VI жазғы Азия ойындарының чемпиондары - боксшы Данияр Елеусінов (С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 2 курс студенті), көркем гимнастшылар Мая Зайнулина мен Анна Альябева, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері боксы Василий Левит, дзюдошылар Тимур Болат пен Айым Әбділдина жаңа пәтерге ие болды. Бірнеше бапкерлер де осындай құрметке бөленді.

Кездесу соңында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Данияр Елеусінов пен шаңғымен бағдарлау бойынша мемелекеттік жаттықтырушы Ирина Щеглова қала әкіміне көрсетіп жатқан қолдау-көмектері үшін алғыстарын жеткізіп, естелік сыйлықтарын ұсынды. Бірі – бокс қолғабын, екіншісі – компас сыйлады. Әкім ризашылығын жасырмай «Екеуі де жұмысқа қажет болып қалады» деп әзілдеді. Ал біз болсақ, елдің мерейін өсірген спортшыларға да, спортшыларымыздың мәртебесін көтерген мемлекеттің қамқорлығынада риза болдық.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет