Астана Ақшамы. – 2012. №67. – 19 маусым Қожабекова Ғ. Данияр Елеусінов, боксшы: Арманым – Лондоннан алтын алу



жүктеу 29.41 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі29.41 Kb.
Астана Ақшамы. – 2012. - №67. – 19 маусым

Қожабекова Ғ.


Данияр Елеусінов, боксшы: Арманым – Лондоннан алтын алу
Лондон ойындарында қазақ жанкүйерлері үміт артып отырған спортшының бірі боксшы астаналық Данияр Елеусінов болып отыр. 2009 жылы Астана қаласындағы №54 мектеп-лицейді бітірген. Қазір С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқиды. Биыл 21 жасқа толған дарынды боксшы былғары қолғапқа мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап арбалып өсті. Әкесі Марат Қаппасұлы кезінде шаршы алаңның шаңын қаққан боксшы болған. Сол әке жолын қуған Дәурен мен Данияр да бүгінде әкелерінің баптауъмен Қазақстан ұлттық құрамасының белді боксшыларына айналды. Екеуі де еліміздің жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы бірнеше мәрте чемпиондары.

Шаршы алаңдағы шалт қимылымен, жеңіске деген жігерімен ерекше-ленген Даниярға Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлері айрықша мән бере білді. Республикалық жарыстарда тұрақты топ жарып жүрген Даниярдың жолы 2006 жылы алғашқы рет шетелге түсті. Мұхит асып Мексикаға барды. Осында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде қарсыластарын бет қаратпай, жеңіс тұғырының биік сатысынан көрінді. Бір жылдан соң тағы да үлкен сынға сапар шекті. Бұл жолы ол жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып, күміс жүлдемен оралды. Осылайша екі бірдей әлемдік жастар додасынан абырой арқалаған жас боксшы үшін енді ересектер бәсекесіне кірісу кезеңі де басталып кетті. 2010 жылдың басында Данияр тұңғыш рет ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысып, өзінің талантты боксшы екенін дәлелдеп берді. Салмағында Мерей Ақшалов, Ержан Мүсәпіров, Әділет Егізеков сынды тәжірибелі қарсыластары болса да, астаналық боксшы жеңімпаз атағын жеңіп алды. Сондай-ақ, чемпионаттың үздік боксшысы болып танылды. Осы жылдың соңында Қытайдың Гуанчжоу қаласында XVI Азия ойындары да өткен еді. Міне, осы дүбірлі додада Данияр төрт жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыластарынан оқ бойы озық көрінді. Осы жарысты мұкият қараған АИБА президенті By мырзаның өзі «Қазақстандық былғары қолғап шебері Елеусінов - өте талантты боксшы. Оның боксы болашақта әлемдік жарыстарда жарқырап көрінетініне сендіреді» деген пікірін де айтқан еді.

Азияның олимпиадасына баланатын ойындардан жеңімпаз болып
келген жап-жас жігітті жанкүйер қауым ыстық ықыласпен қарсы алды. Астана қаласының әкімі ИманғалиТасмагамбетов елорда төрінен пәтер берді. Ел намысы үшін төгілген терінің осылайша ақталғанын көрген Данияр Елеусінов алдығы жарыстарға аса серпінді кірісті.

2011 жылғы Қазақстан чемпионатында тағы да айдарынан жел ескен астаналық боксшы бес кездесу өткізіп, барлық қарсыластарынан басым түсті. Бұл жеңіс Данияр үшін өте қымбат болғаны сөзсіз. Өйткені, осы чемпионаттың қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталып, Баку қаласында өтетін әлем біріншілігіне аттанды. Өкінішке қарай, бұл жарыста Даниярдың денсаулығы сыр беріп, ширек финалға жетпей қалды. Сонымен қатар Лондон олимпиадасына берілетін лицензиядан да шет қалды. Алайда, жас боксшы уақытша сәтсіздікке аса мән бермей, Лондонға жолдама беретін Азиялық іріктеу турниріне тыңғылықты дайындыққа кірісті.



Астанада өткен соңғы лицензиялық жарысқа құрлықтың кіл мықтылары жиналды. 64 келі салмақта сынға түскен Данияр Елеусінов әлем чемпионатында кеткен есесін осы жарыста еселеп қайтарды десе болады. Жарыс барысында ол шаршы алаңға төрт рет шығып, барлық жекпе-жегін айқын басымдылықпен аяқтады. Сөйтіп, бала кезінен «Олимпиадаға қатысып, Қазақстан намысын қорғаймын» деген арманына да жетті. Ендігі мақсаты - Олимпиада жүлдесі үшін өтетін айқастарда биіктен көріну болып отыр. Бүгінде Алатаудың баурайында ұлттық құрама сапында жаттығу өткізіп жатқан Данияр Елеусінов қайтсем де Лондон төрінде қазақ туын желбіретемін деп тер төгіп жүр.

Ел намысын арқалаған астаналық боксшының Олимп тұгырынан көрінетініне біз де сеніммен қараймыз.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет