Астана ақшамы. – 2013. №63. – 6 маусым Рәшитқызы Ә. Беларусь делегациясы келді Беларусь Республикасының Қазақстандағы «Беларусь экспо-2013»



Дата09.07.2016
өлшемі9.33 Kb.
#187421
Астана ақшамы. – 2013. - №63. – 6 маусым

Рәшитқызы Ә.


Беларусь делегациясы келді
Беларусь Республикасының Қазақстандағы «Беларусь ЭКСПО-2013» Ұлттық көрмесі аясында бір топ беларус делегациясы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде болды. Делегацияны Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Михаил Русый бастап келді.

Шараға Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, университет ректоры Ақылбек Күрішбаев қатысты. Меймандар университеттің профессоры, оқытушылары, студенттер, магистранттары мен доктаранттары алдында екі ел арасындағы тәжірибе алмасулар жайын атап өтті. Ал, Ақылбек Қажығұлұлы өз сөзінде Беларусь елінен шақыртылған лекторлардың мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және бұл мақсаттағы жаңа технологияларды қолдану туралы дәрістеріне тоқталып өтті.



Сонымен қатар, 2013-2015 жылдар аралығында Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы жетекші ғылыми жобаларды бірге атқару туралы бюджеттік жоспар да дайындалған.

Кездесу соңында Михаил Русыйға «ҚазАТУ-дың Құрметті профессоры» атағы берілді. Өз кезегінде Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары да Ақылбек Қажығұлұлына арнайы сыйлық табыстап, алғысын білдірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет