Астана ақшамы. – 2014. №118. – 18 қазан Нұрғали Қ. Тағаттылық – татулықтың қазығы



Дата25.02.2016
өлшемі18.53 Kb.
#19936
Астана ақшамы. – 2014. - № 118. – 18 қазан

Нұрғали Қ.


Тағаттылық – татулықтың қазығы
Бейсенбі күні Рухани келісім күніне орай Астана қаласы әкімдігіне қарасты дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстанның діни әралуандығы» тақырыбында дөңгелек үстел жиыны өтті.

Жиынды ашқан әрі жүргізіп отырған Дін проблемаларын зерт­теу орталығы басшысының орынбасары Есбосын Смағұлов жиынға қатысушыларды күн тәртібіндегі мәселе бойынша емін-еркін пікір алмасуға шақырды. Бұдан кейін алғашқы сөз Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жорабек Дәуреновке берілді.

Ол жұртшылықты 18 қазан - Руха­ни келісім күні елімізде орныққан бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтудың маңызды шарасы дей келе, Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаеваның құттықтауын оқып берді. «Халықаралық Рухани келісім күні алғаш рет 1992 жылы 18 қазан күні аталып өткен еді. Содан бері бұл - еліміздегі маңызды күндердің бірі болып қалыптасты. Рухани келісім жерімізде мекендеп жатқан әртүрлі этностардың бір-бірімен тату-тәтті өмір сүру мүмкіндігін арттыруға ықпал етіп келеді. Бұл күн бірлік пен мейірімділік, игілік пен өркендеудің нышанына айнала берсін!» делінген құттықтау хатта.

Ал, жиында сөз сөйлеген С.Сейфуллин атындағы Агротехникалық университетінің оқытушысы, философия магистрі Аманжол Ахметбеков бейбітшілік пен келісімнің тиімді моделі - еліміздің табысты дамуына да әсер ететінін атап өтіп, қоғамның және саяси мәдениет деңгейінің көрсеткіші толеранттылықта жатқанын айтты.



Армян халқының «Ван» этномәдени орталығының төрағасы Салумин Саак та пікірін білдіріп, еліміздегі өзге этностарға жасалған жағдайдың өзектілігіне тоқталды. «Мен Қазақстанды мекен еткеніме отыз жылдан асты. Осы уақыт ішінде елімізде діни қарым-қатынастар саласында, өзгелердің діни көзқарасын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеу тұрғысынан көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Қазақтың өзге этносқа де­ген құрметі әлеуметтік келісімнің негізгі қазығына айналды» деді ол.

Жиын барысында қатысушылар еліміздегі көптеген этностар мен діни конфессиялардың қақ тығысқа түспей, бейбіт өмір сүру бағыттары мен оның Астана қаласындағы көріністері жөніндегі мәселелерді талқылады. Сондай-ақ; қаладағы діни және этномәдени бірлестіктердің осы бағытта қосар үлесі мен атқарылар істері сараланып, бүған қатысты ұсыныстар әзірленді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет