Астана ақшамы. – 2014. №18. – 15 ақпан Сәтімбек Е. Жауынгерлерге құрмет көрсетті Кеше «Тұран-Астана»



Дата24.02.2016
өлшемі10.69 Kb.
#14758
Астана ақшамы. – 2014. - №18. – 15 ақпан

Сәтімбек Е.


Жауынгерлерге құрмет көрсетті
Кеше «Тұран-Астана» университетінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлерді марапаттауға арналған салтанатты жиын болып өтті.

Шара барысында Астана қаласы Қор­ғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы Евгений Массалимов бір топ астаналық Ауған соғысына қатысқан ардагерлерге естелік медальдар тапсырды.



– Әскердің ресми түрде шығарылуы – бұл атап өтерлік оқиға болуымен қатар, қайғы-қасіретімізді еске түсіретін күн. Ауған соғысына қатысқан сарбаздар, офицерлер мен генералдар берген анттарына берік болып, әскери бауырластықтың, ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетті, – деп атап өтті ол.

Қайғылы да қасіретті соғыстың жолымен жүріп өткен отандастарымыз бұл оқиғаларды әрдайым еске салып отыратындығы анық. Бүгінде қаламыздағы көптеген мекемелерде интернационалист - жауынгерлер құрметіне кездесулер, фестивальдар, спартакиадалар өтуде. Мәселен, осындай шаралар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Астана медицина университетінде, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, Политехникалық колледжде болып өтті. Кездесуде жауынгерлер ұрыс кездеріндегі ерліктері туралы, өздерінің қиын-қыстау сәтте қалай жол тауып шыққандықтары жөнінде әңгімеледі. Салтанатты іс-шаралар мерекелік концертпен аяқталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет