Астана ақшамы. 2011. №141. 6 желтоқсан



Дата08.07.2016
өлшемі19.28 Kb.
#185200
Астана ақшамы. – 2011. - №141. – 6 желтоқсан

Досан Ш.


Баянды білім белесі

Елордалық жоғары оқу орындарының ақылы бөлімінде білім алып жүрген 20 студент желтоқсанның 16-нан бастап оқуын мемлекеттік грант қаражаты есебінен жалғастыратын болды. Үлгерімі үздік деп танылған білімгерлерге кеше Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағанбетов оқу гранттарын табыс етті.

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы қарсаңынды мемлекет тарапынан мұндай мерекелік сыйға ие болғандар қатарында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Астана Медицина университеті, Қазақ гуманитарлық заң университеті, Туран университеті, Еуразия гуманитарлық институты және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің студенттері бар.

Қалалық әкімдік тарапынан берілген бұл мүмкіндік ең алдымен ата-аналар үшін зор қуаныш болды.

Өйткені, жоғары оқу орындарында білім алып жатқандардың басым бөлігі – қарапайым отбасынан шыққан балалар.

Ал, жыл өткен сайын аспандап бара жатқан оқу ақысы баласын оқытамын деуші ата-ананың қалтасына әжептәуір салмақ салып отыр.

...Мереке қарсаңында табысталған Астана қаласы әкімінің оқу гранты өнерімен, үздік білімімен ерекшеленген студенттердің тегін оқуға ілуіне мүмкіндігі бар екенін жастардың есіне бір салғандай болды.

Грантты иеленген 20 жасқа қойылар ендігі міндет те, талап та – мемлекетімізді өркендету жолында еңбек ету, тер төгу.

Қала әкімі сөзінде осыны ерекше айтып өтті.

«Қиындықсыз жеткен табыс ешуақытта баянды болмайды.Сендер өз мақсаттарыңа жету жолында әлі талай белестерді бағындырып, қиындықты жеңулерін керек. Ал, осы жолда сендерге білектің күші емес, бойларындағы ұстаздың берген білімі көмектеседі. Сондықтан мемлекеттің сенімін ақтауға тырысындар. «Судың да сұрауы бар». Біздің ертеңгі күні сендерден сұрайтынымыз осы болмақ», - деді ол.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген «Болашақ» бағдарламасының арқасында тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері талай талантты жас шетелден білімін шындап қайтты.

Қала басшысы білімге құштар жастарға мемлекет қай кезде де қамқорлығын аямайтынына және бұл үрдістің 20 жыл бойы үзіліссіз жалғасып келетініне тоқталды.

«Болашақ» түлектерінің көбі бүгінде мемлекеттік қызметте, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда, әртүрлі мемлекеттік және харықаралық жобаларда жұмыс істеп, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүргенін де мақтанышпен жеткізді. Соларды үлгі тұтып, солардан үйренуге шақырды.



«Шәкіртін тапқан ұстаз бақытты, ұстазын тапқан шәкірт бақытты. Сендерді білім нәрімен сусындатып, өмірден өз жолдарынды табуға жол сілтейтін ұстаздарың бар. Сондықтан, сендердің болашақтарың жарқын. Өздеріндей білім алам деп, биікке ұмтылған мақсатты шәкірт тәрбиелеп отырған ұстаздарың да бақытты», - деп тәмәмдады сөзін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет