Астана ақшамы. 2015.№23. 28 ақпан Өтемұрат О. Жастар сабақтастықты жақтайды



жүктеу 16.82 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі16.82 Kb.
Астана ақшамы. – 2015. -№23. – 28 ақпан

Өтемұрат О.



Жастар сабақтастықты жақтайды

Кеше С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына жастарды белсенді атсалысуға шақырған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты патриоттық акция өтті.



Қазақ хандығының қүрылуынан бастап Теуелсіз Қазақстанға дейінгі жол бейнеленген театрландырылған қойылымда жастар түрлі этностардың ұлттық биін билеп, ел бірлігін, халықтың ауызбіршілігін дәріптеді.

Аталмыш шараға С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ ректоры А.Күрішбаев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары А.Башмаков қатысты.

«Бүгін біздің студенттеріміз мерзімінен бұрын өтетін Президент сайлауын қолдап,патриот екендерін танытты. Жастар қоғамдағы позитивті өзгерістердің барлығы Елбасы есімімен тікелей байланысты екенін біледі. Алдағы уақытта Елбасымен бірге еліміз биік белестерді бағындыра береді деп нық сеніммен айта аламын» деді университет басшысы.

Флешмоб соңында ҚазАТУ студенттерінің атынан Әділет Ахметов 26 сәуір күні өтетін кезектен тыс Президент сайлауына жастарды белсенді қатысуға шақырған үндеу жариялады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет