Астана Елбасы деп соққан жүрегі



жүктеу 35.67 Kb.
Дата19.06.2016
өлшемі35.67 Kb.
Астана – Елбасы деп соққан жүрегі”

республикалық балалар суретінің

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ереже
1.1. “Астана -Елбасы деп соққан жүрегі!” (әрі қарай – Конкурс) атты балалар суретінің конкурсы Қазақстан Республикасы Астанасының туған күніне орайластырылған (2010 ж. 6 шілде).
1.2. Конкурсты өткізудің мақсаты тұлғаның қазіргі заманға лайықты үйлесімді дамуын тәрбиелеу, балалардың әр қайсысының өз елінің ажырамас бір бөлшегі екенін ұғындыруды қалыптастыру, балаларды қоғамның және еліміз өміріндегі барлық маңызды оқиғаларға араластыру, Республикалық дәрежедегі шығармашылық жобаларға қатыстыра отырып ұлттық мәдениетке және отан сүйгіштікке, рухтандырушылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
1.3. Балалар суретінің тақырыбы
“Президент Н.Ә. Назарбаев – жаңа астананың қалануында бастаушы”

“Туған күніңмен Астана”

“Ескі және жаңа Астана”

“Астана – Сарыарқа маржаны”

Астана – жаңа архитектуралар қаласы”

“Ақ Орда – Астана жүрегі”

“Байтерек – жаңа елорданың нышаны”

“Бейбітшілік және келісім сарайы – Астана мақтанышы”

“Қазақстандағы аса ірі мешіт – Нұр Астана”

“Есіл сулары жағалауларды шағылыстырып әдемілендіреді”

“Астана көпірлері”

“Астана ескерткіштері”

“Атақты Ақмолалықтар”

Конкурсқа қатысушылар конкурстың негізгі идеясына сәйкес келетін басқа да тақырыптар ұсына алады.



ІІ. Конкурстың ұйымдастырушысы және құрылтайшысы
2.1. Конкурстың құрылтайшысы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (әрі қарай – Крмитет).

2.2. Конкурстың ұйымдастырушысы Әбілхан Қастеев атындағы Алматы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебі.

2.3. Конкурсты ұйымдастырушы қамтамасыз етеді:

- Конкурсты өткізудің кең көлемде жария етілуін;

- Конкурсқа қатысушыларға бір келкі талаптың болуын;

- Конкурс жеңімпаздарын анықтауға;

- Конкурс жеңімпаздарын марапаттауға

2.4. Конкурсты ұйымдастырушы атқарылған жұмыстар көрмесін өткізуге құқылы.


ІІІ. Конкурсқа қатысушылар
3.1. Конкурсқа жалпы білім беретін мектеп оқушылары, қосымша білім беретін ұйымдар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, республиканың балалар және жастар ұйымдарының мүшелері қатыса алады.
3.2. Конкурс екі жас аралық топтармен өткізіледі.

1 топ -10 жас пен 13 жас аралығында

2 топ – 14 жас пен 17 жас аралығында

ІV. Конкурстың ережесі, уақыты және қатысу үшін берлетін суреттердің орны, суреттерге қойылатын талаптар.
4.1. Конкурсқа форматы А3 болатын қағаз бетіне (картон) түсірлген суреттер қабылданады. Жұмыс форматы басқа да шамаларда болуы мүмкін мысалға – керілген тік бұрыш немесе төрт бұрыш, аумағы шамамен А3 болатын.

4.2. Суреттер қандай техникада салынса да бола береді (тушь, майлы, гуашь, акварель, пастель, түрлі – түсті қарындаш, фломастер, борлар, компютерлік графикағ аралас техникалар т.б.).

4.3. Конкурсқа жіберілген суреттер кері қайтарылмайды, авторларына рецензия жіберілмейді.

4.4. Суреттерге бірлескен авторлық жіберілмейді.

4.5. Суреттер ата-ана немесе мұғалімнің көмегінсіз салынуы керек.

4.6.Ұсынылған суреттердің оң жақ төменгі бұрышында қатысушының аты-жөні, таңдап алынған тқырыбы жазылған жазуы болуы керек. Суретке қосымша жеке ақ парақта келесі ақпараттар болуы тиіс: қатысушының туған күні (айы, жылы, күні), мекен жайы, телефоны, оқу орны.

4.7. Суреттердің тақырыбы жоғарыда көрсетілген тақырыптарға сай келуі тиіс.

4.8. Бағалау өлшемі болып: таңдап алынған тақырыпқа жұмыстың сәйкес келуі, суреттің түп нұсқалығы, суреттің ашық және айқындылығы, ақпараттандырушылық дәрежесі, жұмысты орындаудың сапалылығы.

4.9. Суреттер қосымша рәсімдеусіз қабылданады.

4.10. Конкурсқа қатысушы бір адамнан қабылданатын сурет 1- ден артық болмауы тиіс.

4.11. Аталған талаптарға сай келмейтін жұмыстар қарауға жатпайды.

4.12. Облыстық іріктеу конкурстары Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінде 2010 жылдың 15 наурызы мен 15 сәуір аралығында өткізіледі.

4.13. Облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері аймақтық іріктеу конкурсының 5 жеңімпазын анықтайды.

4.14. Конкурстың мәресіне Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері Әбілхан Қастеев атындағы Алматы бейнелеу өнері және техникалық дизайн мектебіне облыстардан 5 конкурстық суреттерді 2010 жылғы 20 және 25 сәуір аралығына дейін көрсетілген мекен – жай бойынша жібереді Алматы қаласы, М. Әуезов көшесі 38А индексі 050026.

Барлық қызықтырушы ақпаратты мына телефондар арқылы білуге болады 8(7273) 75-89-22.

4.15. Конкурсты ұйымдастырушылар әр облыстан, Астана және Алматы қалалары бойынша балалар конкурсының үш жеңімпазын анықтайды.

4.16. Конкурс нәтижесі бойынша барлық жеңімпаздардың жұмыстарының көшірмесі мерекелік альбом болып шығарылады.

4.17. Жеңімпаздардың суреттері Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің арнайы сайтына енгізіледі www.bala-kkk.kz.



4.18. Барлық іріктеу конкурсына қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Алғыс хаты тапсырылады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет