«Astana» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы



бет2/9
Дата23.02.2016
өлшемі494 Kb.
#4757
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Агроөнеркәсіптік кешен


2010 – 2014 жылдар кезеңінде Астана қаласы бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары 10 есе ұлғайып, 2013 жылдың соңында
76 бірлікті құрады, оның 71 бірлігі ауыл шаруашылығы кәсіпорны, 5 бірлігі шаруа (фермер) қожалығы. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 2013 жылдың аяғында 2,1 мың гектарға жетті.

2013 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1 621,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімі – 1 111,1 млн. теңге, мал шаруашылығы өнімі – 275,7 млн. теңге, көрсетілетін қызметтер – 235,1 млн. теңге. Өңір ретіндегі ерекшелігіне қарай Астана қаласында негізгі өнімдердің қомақты бөлігін шығаратын меншікті өндірістер жоқ. Қаланың өзінде өндірілетін өнімдер үшін шикізат ел өңірлерінен және басқа елдерден сырттан әкелінеді. Қазақстанның орталық, шығыс және оңтүстік облыстары қаланың тұтынушылық нарығына азық-түлік өнімдерін жеткізуші негізгі өңірлер болып табылады. Ақмола облысы азық-түлік өнімдерінің ірі жеткізушілерінің бірі ретінде қала береді, оның 17 ауданы елорданы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етеді.

Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының деректері бойынша елорда өзі тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 13 %-ын ғана қамтамасыз етеді. Азық-түлік белдеуінің аймағынан жеткізу тағы да 35 %-ды қамтамасыз етеді.

Мыналар Астана қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуінің дамуына келеңсіз әсерін тигізген ілеспе факторлар болып табылады:

1) заманауи техникалық стандарттарға сай келетін сақтау қоймаларының жетіспеуі;

2) жабық жерлерде көкөніс пен жеміс өсірудің болмауы;

3) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы өндірістердің болмауы;

4) жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі меншікті өндірістердің болмауы;

5) қаланың қайта өңдеуші кәсіпорындарының моральдық және физикалық тозған жабдықтары үлесінің жоғары болуы;

6) өнеркәсіптік қайта өңдеуге жарамды шикізаттардың жетіспеушілігі;

7) логистика мен өткізу нарығымен байланысты инфрақұрылымдық объектілердің жетіспеушілігі;

8) алғаш өңделген және бөліп салынған, қуатты жеміс-көкөніс өнімдерін сақтайтын жерлердің болмауы;

9) кеңес уақытында салынған ескірген технологияларлың салдарынан сақтау қоймалары тиімділігінің төмен болуы;

10) қазіргі көкөніс сақтау қоймаларындағы жүктеменің көп болуы. Астанадағы көкөніс сақтау қоймаларына деген қажеттілік 58 163 тоннаны құрайды. Жақын маңдағы аудандардың жұмыс істеп тұрған кәсіпорындары 12 600 тоннаға есептелген. Осылайша, көкөніс сақтау қоймасы сыйымдылығының қазіргі тапшылығы 45 563 тоннаға жуық.

ӘКК жоғарыда аталған проблемаларды шешуге белсенді қатысады.

Осы саланы дамыту бойынша ӘКК Астана қаласында азық-түліктің тұрақтандыру қорын қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысады, ол бағаның маусымаралық құбылуынан және картоп, басты пияз, күріш, өсімдік майы мен қант жеткізудегі іркілістерден сақтануға мүмкіндік бермек.

Қалада ӘКК басқаратын тек бір ғана сервистік-дайындау орталығы бар. Оның міндеті жеміс-көкөніс өнімдерін өсіруді, қайта өңдеуді, сақтауды, жеткізуді, сатуды ұйымдастыру болып табылады.

Қаланы ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерімен қамтамасыз ету шеңберінде ӘКК өнім өндіруден бастап оны сатуға дейінгі буындардың бәрін қамтитын ауыл шаруашылығы кластерін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу болады, ол жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің «сатып алу – сақтау – өңдеу (жуу, кептіру, бөліп салу, кесу және т.б.) – өткізу» толық циклін қамтамасыз етеді. ӘКК кешенді тәсілі қосылған құн қалыптастырудың «алқаптан сөреге дейінгі» тізбектерінің бәрін қамтып, барлық сатылардағы делдалдық қызметтерді қамтамасыз етеді. Осылайша, ӘКК мамандандырылған сақтау үй-жайларының тапшылығын азайтуға, маусым арасындағы кезеңде көкөністің қажетті көлемін сақтауға ықпал етеді, сондай-ақ нарықты тиісінше молықтыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, ӘКК ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге көптеген экономикалық, әлеуметтік және басқа да проблемаларды еңсеруге көмектесе отырып, оларды ынталандыратын болады, оларға сервистік қызметтер көрсетеді, сондай-ақ қаланың шағын агробизнесінің орасан зор ішкі әлеуетін тиімді пайдалануға ықпал ете отырып, нарықта дәруменді өнімдер бағасының қымбаттауын тежеу мақсатында сатып алу қызметін жалғастыратын болады.

Көкөніс сақтау қоймалары бойынша. Қазір қалаға 60 мың тонна сақтау көлемі қажет. Биылғы жылы жалпы қуаты 5000 тонна болатын көкөніс сақтау қоймасы мен қуаты 500 тонналық жеміс сақтау қоймасын пайдалануға беру жоспарланған. Жалпы қуаты 8000 тонна көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды. 2016 жылға қарай 5500 тонналық тағы да 2 көкөніс сақтау қоймасы тапсырылғаннан кейін қала мұқтаждығының 42 %-ы қамтамасыз етіледі.

Астана қаласының аумағында жалпы сақтау көлемі 12 мың тонна болатын 3 көкөніс сақтау қоймасы жұмыс істейді:


Объектінің атауы

Сақтау қуаты, мың тонна

«Картоп және көкөніс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

6,5

«Агро-Нива» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

0,5

«Кироль Сарыарқа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5

Қазіргі уақытта көкөніс сақтау қоймаларының жүктелуі – 30-32%.

Жылыжайлар бойынша. Маусымаралық кезеңде қаланың жылыжай өнімдеріне қажеттілігі 8 мың тоннаны құрайды. Бүгінгі күні қуаты жылына
2,5 мың тонна болатын 2 жылыжай жұмыс істейді, жалпы қуаты жылына
6,9 мың тонна болатын 3 жылыжай салынып жатыр, олар 2015 жылы іске қосылады, соның нәтижесінде қала жылыжай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз етіледі.

Көкөніс пен жемістерді сақтау қоймаларынан сату базарлардағы маусымдық бағалардың өсуін күрт қысқартады. Бұл ретте, өңірде бар көкөніс сақтау қоймалары 1970 – 1980 жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқанын және сапасы жақсы және қомақты көлемдегі өнімдерді сақтауды қамтамасыз етуге қабілетті заманауи технологияларды енгізе отырып, жөндеуді талап ететінін атап өткен жөн. Қоймалардың көпшілігінде тоңызату жабдығы жоқ, желдету жүйесі жұмыс істемейді.

Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында қала маңынан көкөніс сақтау қоймалары мен жылыжайлар салу қажет, бұл сұраныс жоғары болған кезеңде жеміс-көкөніс өнімдерінің тапшылығына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Шағын және орта бизнес субъектілерін көкөніс сақтау қоймалары мен жылыжайлар салуға тарту осы сегменттегі бәсекелестіктің дамуына алғышарт жасап, қала үшін жеміс-көкөніс өнімдерін жыл бойы үзіліссіз жеткізуді қамтамасыз етеді, мұның өзі бағаны тұрақтандыруға және төмендетуге ықпалын тигізбек.

Өңірде жеміс-көкөніс өнімдерінің бағасын тежеу үшін ӘКК Астана қаласының айналасынан азық-түлік белдеуін дамыту жөніндегі жоспарды іске асыратын операторға айналды. Осы жоспарды іске асыру шеңберінде ӘКК Астана қаласының аумағында сату үшін жеміс-көкөніс өнімдерін сатып алды. Оның үстіне, ӘКК Астана қаласының азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыруға жұмылдырыған, осыған байланысты тауарлардың жеміс-көкөніс және бакалея топтары сатып алынды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет