«Астана-Щучинск» автомагистралін қайта салу 2006 жылы қолға алынып, 2009 жылғы



Дата04.07.2016
өлшемі174 Kb.
#176005
«АСТАНА-ЩУЧИНСК» АВТОМАГИСТРАЛІ
«Астана-Щучинск» автомагистралін қайта салу 2006 жылы қолға алынып, 2009 жылғы қарашада аяқталды. Қазақстандағы алғашқы автобанның құрылысына Қазақстан, Иран және Италия елдерінің компаниялары қатысты.

Жолды 6 жолақтан тұратын 1 техникалық санатқа көшірудің және қоршаулар орнатудың нәтижесінде жол-көлік оқиғасы жиі орын алатын автомагистраль еліміздегі қауіпсіз жолдардың біріне айналды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғаларының саны 8 есе азайған.

Көлік және коммуникация министрлігі аталған статистикалық мәліметті есепке ала отырып, республикамызда 1 техникалық санаттағы автомобиль жолдарының санын біртіндеп арттыруды көздеп отыр.

Әрине, мұндай санаттағы жолдарды күтіп ұстау айтарлықтай қаражатты талап ететіндігін де айтып өту керек.

Мысалы, ұзындығы 210 км құрайтын «Астана –Щучинск» автомагистралін қардан тазалауға, жарықтандыруға, көгалдандыруға, кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жыл сайын 1,3 млрд. теңге қажет болса, Ақмола облысы автомобиль жолдарының желілерін (2000 км) күтіп ұстауға жыл сайын 3,8 млрд. теңге қажет.

Осы себепті жолды күтіп ұстауға жұмсалатын қаражатты ақтау мақсатында жүріп өту ақысына ең төменгі тарифті енгізу арқылы аталған жол учаскесін ақылы ету жөнінде шешім қабылданды. Ал, бюджеттен босатылған қаражат Ақмола облысы автомобиль жолдарының желілеріне ағымдық жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын болады. Бұл өз кезегінде 40 000 шаршы метр аумаққа кішігірім жөндеу жұмыстарын жүргізуге, облыс автожолдарында жиі қар басатын учаскелерге қар тоқтату қоршауларын орнатуға мүмкіндік береді.

Жолмен жүріп өту ақысына келер болсақ, Астанадан Бурабайға дейін (210 км) жүріп өткені үшін жеңі автокөлік иесі 200 теңге төлейді. Осылайша, ақылы жолдың 1 км үшін орташа бағасы 1 теңге көлемінде бекітілді. Мысалы, көрші Ресейде жоғары жылдамдықтағы тас жолмен жүріп өту құны 5 есе қымбат болса, Испанияда ақылы жолдың 1 км үшін 18 теңге, ал Францияда 15теңге, Польшада 7,5 теңге төлеу қажет.

Баламалы жол туралы айтатын болсақ, «Рим –Милан» бағытындағы ақылы автомагистралі арқылы жүру ұзақтығы 6 сағатты құраса, осы аралықтағы балама жолдың ұзақтығы 14 сағатты құрайды. Оңтүстік Корея еліндегі «Букиежу – Масан» бағытындағы ақылы жолдың ұзақтығы 3 сағатты құраса, осы бағыттағы бала жолдың ұзақтығы 6 сағат. Иранда «Тегеран –Рашт» бағытындағы ақылы автомагистральмен жүру ұзақтығы 3,5 сағат болса, осы бағыттағы балама жолдың ұзақтығы 6,5 сағат.



Кейбір елдерде ақылы жолдардың баламасы тіптен жоқ. Мысалы, Қытайда негізгі автомагистральдердің баламасы жоқ.

«Астана – Щучинск» тас жолы туралы айтатын болсақ, бүгінгі күні аталған автобаның екі балама жолы бар: облыстық маңыздағы «Астана –Степногорск – Щучинск» және республикалық маңыздағы «Астана –Атбасар –Щучинск».

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет