«Астана-Теплотранзит» АҚ Директорлар кеңесінің



бет1/3
Дата12.06.2016
өлшемі247 Kb.
#131074
  1   2   3

«Астана-Теплотранзит» АҚ

Директорлар кеңесінің

2012 жылғы 27 желтоқсандағы

шешімімен бекітілді




«Астана-Теплотранзит» АҚ

ТЕХНИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

Астана 2012ж.

Мазмұны
1 тарау. Жалпы ережелер
1.1. Кіріспе 4

1.2. Техникалық саясаттың мақсаттары мен міндеттері 4

1.3. Таратушы жылу желілік кешеннің мәселелері 4

2 тарау. Жылу тораптарындағы техникалық саясаттың негізгі бағыттары

2. Көлік жүйесі мен жылу энергиясының (жылу тораптары) таратылу 5

2.1. Жылу тораптарының жағдайы 5

2.2. Қолдануға ұсынылатын құрал-жабдық пен технологиялар 5

3. Жылумен қамтудың ішкі жүйесі 7

3.1.Жылу энергиясы мен жылу тасымалдағыштарды есепке алу құралдарына

негізгі талаптар (ЖЭжЖТЕҚ). 7

3.2. ДЖБҚ (деректерді жинау және беру құрылғысы) талаптар 8

3.3. Жылу пункттерінің орналасуы 9

3.4. Жылу пункті құрылғысы, жылумен тұтыну жүйелеріне талаптар 10

4. Жедел-диспетчерлік қызмет 15

4.1. ЖДҚ міндеттері 15

4.2. Техникалық саясатты жүзеге асыру принциптері 15

4.3. Жылу тораптары жұмысының жылу және гидравликалық режімдерін қамтамасыз ету 16

4.4. Жылу режімдерін ұйымдастыру принциптері 16

4.5. Гидравликалық режімдерді ұйымдастыру принциптері 17

5. Өлшеп бақылау құралдары және автоматика 17

5.1. Технологиялық процеспен басқарудың автоматтандырылған жүйесінің (ТПБАЖ ТБК) бағдарламалық-техникалық кешені 17

5.1.1. Деректерді табыстау (байланыстың тәсілдері мен құралдары ) 18

5.1.2. Ақпарат жинау (жұмыс істеу режімдері) 18

5.2. Метрологиялық қамтамасыз ету 19

6. Электрмен қамту жүйесі 19

6.1. Қосалқы станциялар мен таратушы құрылғылар 19

6.2. 6–10 кВ ажыратқыштар 20

6.3. Трансформаторлық қосалқы станциялар 20

6.4. РҚА жаңа құрылғылары 21

6.5. Электр энергиясын есепке алу. Есепке алу жүйесіне жалпы талаптар 23

6.6. Реактивті қуаттылықтың өтемақы құрылғылары 24

7. Сорғы станциялары 25

8. Өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы 26

9. Қоршаған ортаны қорғау 27
10.Терминдер мен анықтамалар 28
11. Қолданылған құжаттаманың тізбесі 29

1 ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. КІРІСПЕ
Техникалық саясат «Электр энергетикасы туралы» Заңы, «Бу және ыстық су құбырларын техникалық пайдалану ережелерін» ХСН 4.02-02-2004, ҚР ҚНжЕ 3-01-01-Ас-2007, ҚР СП 4.02-04-2003 және ҚР аумағындағы басқа құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптары есебімен әзірленген.

Техникалық саясат тозған және ескірген құрал-жабдықтарды ауыстыру және жаңа, үдемелі технолногиялар қолданумен байланысты, сондай-ақ жылумен қамту объектілерінің жаңка құрылысы кезінде техникалық қайта жарақтандыру мен қайта жаңарту бойынша іс-шаралар орындау кезінде басымдылықтарын орнатады. Техникалық саясат көлік жүйесі объектілері мен жылу энергиясын тарату үшін әзірленген.

«Астана-Теплотранзит» АҚ техникалық саясаты мыналарды қолдану үшін арналған:

- «Астана-Теплотранзит» АҚ-да жаңа құрылыс көлемдерін жоспарлау, қолданыстағы жылу тораптары мен сорғы станцияларын кеңейту және жаңартуға техникалық шарт беру, жоспарлау кезінде;

- орталықтандырылған жылумен қамту тораптарының жоспарлайтын заңды және жеке тұлғаларымен;

- құбырлар шығарумен айналысатын және қазіргі заманғы технологиялар бойынша жиынтықталған энергетикалық кешенді кәсіпорындармен;

- жылумен қамту жүйелері үшін құрылғыларды шығару бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындармен;

- жобалау, құрылыс және монтаждау ұйымдарымен.

Техникалық саясатта ұсынылған технологиялардың экономикалық тиімділігі қарастырылмайды. Нақты жобалау сатысындағы жүзеге асырылатын Техникалық шешімнің ұсынылған жиынтығынан тиіміділік пен таңдау есебі ұсынылады.
1.2. ТЕХНИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Жылу ысыраптарын төмендету, гидравликалық режімнің тұрақты болуы, жылумен қамту жүйесінің сенімділігін арттыру, қызмет көрсету шығынын төмендету үшін жылумен қамту жүйесін жобалау, құру және пайдалану кезінде шешім қабылдауда жобалау, құрылыс-монтаждау, пайдаланушы ұйымдармен жылу тұтынушылар арасында бірыңғай стратегия құру техникалық саясаттың негізгі мақсаттары мен міндеттері болып табылады.


1.3. ТАРАТУШЫ ЖЫЛУ ЖЕЛІЛІК КЕШЕННІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Астана қаласының жылу тораптары 1965 жылы салынып басталды. Осыған байланысты 2012 жылдың басындағы жағдай бойынша жылу тораптарының көптеген бөлігі өзінің қызмет ету мерзімінен асып кеткен және ауыстыруды қажет етеді. 1999 жылға дейін жылу тораптарының салынуы дәстүрлі тәсілде жүргізілген (болатты құбыр төселім түріне байланысты жайма болат немесе шыны мата жабынымен минералды мақтамен оқшауланған).Төсемнің дәстүрлі тәсілі кезінде қызметінің нормативті мерзімі 12-16 жылды құрайды. Алайда жер суының жоғары деңгейіне, топырақтың агрессиялылығына, су құбыры мен кәріз желілеріндегі апаттарға байланысты жерасты жылу трассаларын үнемі су басып кетеді, осының салдарынан құбыр жедел тоттанады, оқшаулау қабаты суланып, жарамсыз жағдайда болады, жылу ысыраптары ұлғаяды, ал қызмет ету мерзімі 5-7 жылға дейін төмендейді. Жерасты төсемі үшін пенополиуретанды (ППУ-лық) оқшаулау мен полиэтиленнен жасалған қорғаныш қабықшасымен алдын ала оқшауланған құбырлар мен қалыпты бұйымдарды қолданумен жылу тораптары төсемінің жаңа технологиясы аталған мәселенің шешімі болып табылады. Аталған технология қазіргі кезде ең тиімді болып табылады, себебі жылу тораптарының қызметі 30 жылға дейін ұзартылады, жер суы мен агрессивті ортаның ықпалы жойылады, пайдаланушы шығындар төмендейді, жылу ысыраптары ең төмен болады. Алдын ала оқшаулаған өнімнің салынуы мен әзірленуі кезінде монтаждау технологиясын бұзатын кейбір құрылыс салушылар мен алдын ала оқшауланған құбырлар мен бұйымдарды өндірушілердің өз ісіне ықылассыздығы жалғыз мәселе болып қалады.

Жылу тораптарындағы бір мәселесі тұрғын үй, білім, денсаулық сақтау, маңызды объектілерді пайдаланушы ұйымның балансына өз уақытында тапсырмау болып табылады. Бұл жағдайда құрылыс салушылар жылу тораптарын тиісті түрде пайдаланумен айналыспайды, бұл олардың қызмет ету мерзімін азайтуға алып келеді.
2 ТАРАУ. ЖЫЛУ ТОРАПТАРЫНДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ

2. КӨЛІК ЖӘНЕ ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН (ЖЫЛУ ТОРАПТАРЫН) ТАРАТУ ЖҮЙЕСІ
2.1. Жылу тораптарының жағдайы
«Астана-Теплотранзит» АҚ балансында тұрған жылу трассасының жалпы ұзындығы 2012.01.01 күнгі жағдайы бойынша - 549,573 км, соның ішінде

Сулы жылу трассалар 540,881 км

Булы құбырлар 8,692 км.

Нормативті мерзімнен жоғары (22 жылдан көп) пайдалануда тұрған жылу трассасының ұзындығы 20 пайызды құрайды.


2.2. Қолданылуға ұсынылатын құрал –жабдықтар мен технологиялар.
Астана қаласын сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:

  • пайдалануға нормативті мерзімінде жұмыс істеп шыққан барлық жылу трассаларын ауыстыруға тырысу; жылу тораптарына жаңа жылумен тұтынушы жүйелерін қосуға тек қана толығымен автоматтандырылған (өлшеудің коммерциялық құралдарды қоса) жылу пункттерімен ғана жүзеге асыру;

- жылу тораптарын жаңарту және жаңа құрылыс кезінде ЖДҚ диспетчерлік пунктіне шығаруымен МЕМСТ 30732-2006 сәйкес жедел дистанциялық бақылау (ЖДБ) жүйесімен жерасты төсемі үшін полиэтилен қабықшасындағы пенополиуретаннан жасалған немесе жерүсті төсемі үшін болатты (мырышталған) сақтау төсемімен жылу оқшаулауы бар жоғары зауыттық дайындығымен болатты құбырлар мен ернемекті бұйымдар қолданылсын;

- ЖДБ жүйесімен жабдықталған барлық құбырларда ОДП (орталық диспетчерлік пунктіне) сулануы мен зақымдалуы туралы деректерді беру үшін модемі бар зақымдану детекторы орнатылсын;

- ППУ-дық оқшаулаудағы жылу трассалары түйістерінің бітелуін (муфталарды монтаждау және түйістерді толтыру) арнайы оқытудан өткен мамандармен орындалсын;

- диаметрі 400 мм және одан жоғары ППУ-дық оқшаулаудағы жылу трассаларды бітеу үшін радиациалық қалқанды полиэтиленнен жасалған муфталарды қолдануға болмайды;

- диаметрі 400 мм және одан жоғары ППУ-дық оқшаулаудағы жылу трассаларды бітеу үшін электр дәнекерлі муфталарды қолдану керек;

- түйістерді толтыру кезінде құбырдың әр диаметріне арналған жеке өндіруші зауытта өлшеніп оралған пенопакеттерді ғана қолдану керек;

- жерүсті жылу трассаларының жөндеуін орындау кезінде мырышталған болаттан жасалған үстіңгі қабатымен минералды мақта оқшаулауын қолдануға болады;

- таратушы жылу тораптарында тиісті техникалы0-экономикалық негіздеме кезінде КАСАФЛЕКС құбырларын қолдану мүмкін болады – тотталмаған болаттан жасалған спираль түрінде қатпаршақталған арынды құбыры, жедел дистанциялық бақылау (ЖДБ) жүйесімен пенополиуретандық (ППУ) оқшаулауы және полиэтиленнен жасалған сыртқы гидрооқшаулау қабықшасы бар иелмелі құбыр жүйесі. Сондай-ақ жылу тасығыштың тиісті параметрлері кезінде ішкі қабаты тігілген полиэтиленнен, арамидті талшықтан жасалған арматураланған жоғары төзімді жіптен, немесе жедел диспетчерлік бақылау жүйесімен (ЖДБ) пенополиуретандық оқшаулауы (ППУ) бар жоғары модульдық талшықпен арматураланған жоғары температуралық полимерлерден көпқабатты құрылымды және полиэтиленнен жасалған сыртқы гидрооқшаулаушы қабықшаны ұстанатын арынды құбыр болып табылатын ИЗОПРОФЛЕКС құбырын қолдануға мүмкін болады;

- аз қабатты құрылысты іске қосуды ОЖП арқылы орындау керек, мұнда ОЖП бастап ИЗОПРОФЛЕКС құбырларымен тұтынушыға дейін таратушы тораптардың құрылғысына жол беріледі;

- жылу тораптарының жаңартылуы мен жаңа құрылысы кезінде байланыс модемімен жылу энергиясының автоматтандыру, бақылау және есепке алу құралдары орнатылуы тиіс. Шағын процессорлық техника базасында байланыс құрал-жабдықтарын енгізген жөн. Есепке алу және бақылау құралдарын ХСН 4.02-02-2004 15.4 т. сәйкес орнатылсын;

- жылу тораптарында құбырлардың қорғау жүйесін қысымның жоғарлауынан енгзілісін;

- жылу трассаларында тығыздылықты бақылау жүйесімен шарлы тиекті арматура ғана қолданылсын;

- жылу магистралдарынан тармақталуында тиекті реттеуші арматура орнату керек;

- жылу тораптары құбырларының тереңдігін мүмкіндігінше ең аз қабылдау керек.;

- автожол астындағы жылу трассаларының өту жерлерін ҚІШ блоктарынан жасалған темірбетонды арнада орындау керек, ал ашық түрде жұмыс жүргізу мүмкін болмаған жағдайда – «тесу» әдісімен қаптамада орындалсын. Аула аралық өту жері астында – жеңілдеткіш бетонды тақтайлар қолдануға болады;

- жылу трассалардың төсемін гүлі жоқ гүлзар астынан және жаяу жол жүру жер астынан қарастыру керек;

- балалар мектебі мен мектепке дейін, емдеу-профилактикалық мекеме аумақтары бойынша жылу трассаларының төсемін күшейтілген оқшаулауымен монолитті темір бетондыарнада орындау ;

- адамдар жиналған жерлерде жылу трассасын темір бетонды арнада орындау керек;

- жылу трассалардың тез босатылу мүмкіндігі үшін құрғатқыш құдықтарынан нөсерлі немесе тұрмыстық кәріз құдықтарына құрғатқыш желі құрылғысын орнату керек.
3. ЖЫЛУМЕН ҚАМТУДЫҢ ІШКІ ЖҮЙЕЛЕРІ
3.1. Жылу энергиясы мен жылу тасығышты есепке алу құралдарына (ЖЭжЖТЕҚ) негізгі талаптар

Жылу энергиясын және жылу тасығыш параметрлерін есепке алу түйініндегі жылумен тұтыну жүйелерінде мыналар анықталуы және мұрағатталуы тиіс:

- есепке алу құралдары жұмысының уақыты;

- алынған жылу энергиясы;

- әр сағат сайын су беруші құбыр және кері ағынды құбыр бойынша қайтарылатын жылу тасығыш көлемі;

- су беруші және су бұрушы құбырлардағы жылу тасығыштың орташа сағаттық температурасы;

- әр сағат үшін алынған жылу энергиясы;

- жылумен тұтыну жүйесіндегі жылыстау нәтижесінде жоғалтылған желі суының салмағы;

Жылу энергиясының есепке алу түйіні Мемстандартпен метрологиялық аттестациядан өткен және Қазақстан Республикасы өлшеу құралдары мемлекеттік тізілімінде тіркелген өлшеу құралдарымен (жылу санағыш, жылу есептегіш, жылу тасығыш параметрлерін тіркейтін құралдар және т.б.).

Жылу энергиясын есепке алу үшін типтері өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету Мемлекеттік тізіліміне енгізілген коммерциялық есепке алу құралдары қолданылуы тиіс. Бұнымен бірге оларға бұған құқығы (лицензиясы) бар ұйымдарды бастапқы және кезеңдік салыстырып тексеру туралы таңбасы болуы керек.

Салыстырып тексеру аралығы ЖЭжЖТЕҚ сәйкес қабылданылуы тиіс.

Есепке алу түйіні құралдары жылу тасығыш параметрлерінің жылу энергиясы ең анық есепке алынуы, салмағы мен тіркелуін бұзатын олардың жұмысына рұқсатсыз енуден сақталынуы тиіс.

Жылу санауыштар мен ақпараттық өлшеу жүйелері энтальпия кірмесінің мүмкіндігі немесе жылу көзіндегі қосалқы су температурасының болуы керек.

Жылу санауыштар мен ақпараттық өлшеу жүйелері есепке алу түйіні құбырларының жұмыс істеу қабілеттілігінің диагностикасын автоматты түрде жүргізуі және қандай да бір құралдың жөндемсіздігі болған жағдайда жөндемсіздікті табу уақытын белгілеу және таблода хабарлама беруі тиіс.

Жылу санауыштар мен ақпараттық өлшеу жүйелері жылумен тұтыну негізгі параметрлерінің сағат бойынша мағынасын мұрағаттау мүмкіндігін 45 тәуліктен кем емес кезеңге, жылумен тұтыну негізгі параметрлерінің тәуліктік мағынасын – 1 жылға.

Жылу санауыштар мен ақпараттық өлшеу жүйелері тіркелуге құралдарды қосу үшін қағаз жүзінде тасу үшін шығуы болуы тиіс.

Жылу санауыштар мен ақпараттық өлшеу жүйелеріэнергиямен жабдықтаушы ұйымдардың диспетчерлік пунктіне ((RS-232С, RS-232 немесе RS-485) ақпарат беруі үшін стандартты шығуы болуы тиіс.

Тұтынушылардың жылу пункттерінде орнатылған есепке алу түйіндері құралдары салыстырып тексеру аралығы ұзындығында қамтамасыз етілуі тиіс:

- 20 0С жоғары су беруші және су бұрушы құбырлардағы температураның ауытқуы кезінде және 10-нан 20 0С-қа дейін температураның ауытқуы кезінде кем дегенде 4% салыстырмалы кемшіліктерімен тұтынылған жылу энергиясының санын өлшеу;

- оның шығынынан кем дегенде 2% салыстырмалы кемшіліктерімен жылыту жүйесінің су беруші және кері ағынды құбыры бойынша өтетін желі суының салмағын өлшеу;

- кем дегенде 0,1% салыстырмалы кемшіліктерімен есепке алу түйіні құбырларының жұмыс уақытын өлшеу;

- мына талаптарды қанағататтандыратын кемшілігімен су беруші және су бұрушы құбырларда температураны өлшеу:

Δt ≤ ± (0.3+0.002*t), мұндағы t – жылу тасығыштың температурасы.
3.2. ДЖБҚ-ға (деректерді жинау және беру құрылғысы) қойлатын талаптар
Астана қаласында орнатылған жылу есептегіштердің барлық түрлері «Астана-Теплотранзит» АҚ серверінде орнатылған және ДЖБҚ көмегімен есепке алу құралынан ақпарат жинауды жүзеге асыратын «Теплосбор» бағдарламасымен жұмысы үшін бейімделуі тиіс. Қазіргі кезде «Теплосбор» бағдарламасына мына құралдар түрлері бейімделген: multikal, SA-94/2, ТСР-030, 031 (Взлет), ВКТ-7,ТВА,ТС-07.

Аталған бағдарлама сауал бойынша жаңылыс болған кезде қате коды мен күнін көрсетумен ЖЕЖ жұмысында қате, жаңылысы туралы есепті шығаруымен ЖЕЖ жұмыс істеу қабылетін тексеруі тиіс.

Аталаған бағдарлама сауал бойынша кері ағынды желі суы мен судың жылыстау температурасы бойынша ысып кетуінің болуы туралы есеп шығаруымен жылумен тұтыну жүйесі жұмысы режімдерін тексеруі тиіс.

Аталған бағдарлама сауал бойынша тұтынылған жылу энергиясының (Гкал) жиынтықталған саны, су беруші құбыр бойынша өткен жылу тасығыштың жиынтықталған саны мен кері ағын құбыры бойынша (тонна) өткен жиынтықталған саны, жылыстауға (Гкал) жылу энергиясының саны, су беруші және кері ағын құбырындағы орташа айлық температураны, атқарылған сағат саны, жөндемсіздігімен атқарылған сағат санын шығарып алуы тиіс.

Аталған бағдарлама 4 тармақта көрсетілген параметрлердің тәулік бойынша ақпаратын шығаруды қамтамасыз етуі тиіс.

ПО қосылуын қамтамасыз ету және GPRS хаттамасы бойынша деректерді тапсыру мүмкіндігі үшін, жылу есептегішке қойлатын мына техникалық талаптарды орындау керек:

- жылу есептегіште мына біріктірілген интерфейстердің бірі болуы тиіс : RS-232, RS-422, RS-485 или Ethernet;

- жылу есептегіш MODBUS стандартты коммуникациялық хаттаманы ұстануы тиіс (өнім беруші хаттаманың іске асыру анықтамасын электронды түрде ұсынады).


3.3. Жылу пункттерінің орналасуы
Тұрғын ғимараттарда жылу пункттерінің орналасуы сыртқы қабырғадағы ғимараттың геометриялық орталығына жақынырақ қабылданады.

Тұрғын ғимараттарда іске қосудың тәуелсіз сызбанұсқамен орнатуға болады:

- ғимараттың ұзындығы 6 қабатқа дейін (цоколдық қабатты қоса алғанда) 5 кіреберіске бір түйін (ұзындығы шамамен 120 метр);

- ғимараттың ұзындығы 10 қабатқа дейін (цоколдық қабатты қоса алғанда) 3 кіреберіске бір түйін (ұзындығы шамамен 70 метр);

- ғимараттың ұзындығы 14 қабатқа дейін (цоколдық қабатты қоса алғанда) 2 кіреберіске бір түйін (ұзындығы шамамен 50 метр);

- 14 қабаттан жоғары бір кіреберіске бір түйін.

Әр түйін көршілес блоктардың қандай да бір жүктемелерін қосусыз аталған блок немесе блоктар тобында бар жылумен тұтыну түрлері бойынша жүктемелермен қамтамасыз етеді.

Іске қосудың тәуелді ссызбанұсқасы кезінде :

- ғимараттың ұзындығы 10 қабатқа дейін (цоколдық қабатты қоса алғанда) 3 кіреберіске бір түйін (ұзындығы шамамен 70 метр);

- ғимараттың ұзындығы 6 қабатқа дейін (цоколдық қабатты қоса алғанда) 5 кіреберіске бір түйін (ұзындығы шамамен 120 метр);

Барлық жабдығымен жылу пунктінің орналасуы 0.000-тен жоғары, -3.000 төмен емес орындалуы тиіс.

Жылу пунктінің ең аз биіктігі аражабыннан шығып тұрған бөлігінен 1,8 м болуы тиіс.

Жылыту жүйесінің жылу пунктінің, орталық тармағының барлық жабдықтары жылу пункті шегінде орналасуы тиіс. Басқа инженерлік жабдықтарды жылу пункті орынжайы шегінде орнатуға болмайды .

Жылу пункті орынжайының көлемдері жылу пункті жабдықтарын еркін орнату, ауыстыру, қызмет көрсетумен қамтамасыз етуі тиіс.

Шағын қабатты құрылыс объектілерінің қосылуын орталық (топты) жылу пунктіне қарастыру керек.
3.4. Жылу пунктінің құрылымы. Жылу тұтыну жүйелеріне қойылатын талаптар
Жылу түйіні мен жылумен тұтыну жүйелерінің жылу механикалық жабдықтарын орнату техникалық пайдалылығы экономикалық немесе уақытша жылумен тұтыну алдынан басымдылығы бар. Жылу торабы бойынша жылу пункті жабдығының орап байлау диаметрлері қысым жоғалтудың бір метрге 10 мм аспаған жағдайда қабылданады.

Жылу торабы бойынша жылу түйініндегі құбырдың ең аз диаметрі 32 мм қабылданады.

Жылытылатын жылу тасығыштың (жылыту, желдету, ЫСҚ) реттелетін автоматикасы су беруші құбырда ғана орнатылады.

Бір жылу түйіні шегінде (қысым құламасы тұрақтылығын реттегіш, «өзінен кейінгі» қысымды реттегіштетн басқа) әр түрлі өндіруші – фирмалардың реттелетін клапандарын орнатуға жол берілмейді.

Кез-келген жылумен тұтынушы жүйеге реттелетін клапан қайталап қосымша реттелетін клапансыз біреу орнатылады. Сыртқы немесе ішкі контурлардың реттелетін клапандар айналасына жерді суландырушы байпас желілердің құрылғысына жол берілмейді.

Кез-келген түрдегі желдету, жылыту, ЫСҚ тура әркеттегі температура реттегіштерінің орнатылуы ұсынылмайды.

Жылытудың жылу алмастырғыштары жобалау жүктемесінен 100% бойынша 2 қабылданады.

Желдетудің жылу алмастырғыштарын жобалау жүктемесінен 100% бойынша 2 қабылданады.

Ыстық сумен қамту, еден үсті жылыту, бассейндегі судың жылытылуына жылу алмастырғыштар резервсіз орнатылады..

ЫСҚ жылу алмастырғыштары 2-сатылы аралас немесе бірізді сызбанұсқа бойынша ғана қабылданады, 1 саты жобалау жүктемесінің 58 %, 2 саты жобалау жүктемесінің 100 % (+37 С дейін жылытылатын контурдың жылытылатын жылу тасымалдағышпен 1-інші сатыдағы жылытуды қамтамасыз ететін жылыту мен ЫСҚ жүктемелерінің өзара қатынасы).

Жылу торабының температуралық кестесі техникалық шарттарға сәйкес қабылданады.

Жылу тұтынудың кез-келген жүйелері үшін жылу алмастырғыштарды таңдау 5С жылытылатын және жылытылатын контурлардың температураларының ең аз айырмашылығы кезінде қатаң түрде жүргізіледі (5 С және одан көп Т11 -ден Т1 көбірек, немесе Т 21-ден Т2 көбірек).

ЫСҚ және жылытудың ең жоғары жүктемесі кезінде ЫСҚ 1-інші сатысынан шығу жерінде желі суының есепті ең аз температурасы +20 С-тан төмен болмауы тиіс.

Жылуды пайдаға асыру үшін (еденүсті жылыту) еденнің жылытылуы ЫСҚ 1-інші сатысынан кейін жылытылатын судың орташа температурасы бойынша есептелінеді.

Еденді жылытуға арналған жылу алмастырғыш жылдың ауысу кезеңіне де (1-інші сатыдағы ЫСҚ жылу алмастырғышынан кейін еденүсті жылытудың жылу алмастырғышына кіру жерінде жылытылатын су температурасын анықтағаннан кейін) ең нашар жағдайға сияқты есептелінеді.

Бір парақтағы жылу алмастырғышқа келісім беру кезінде фирма, жылу алмастырғышты жеткізуші, жылу алмастырғыштың есебін орындайтын инженердің аты-жөні, есепті орындау күні, объект, объектің мекенжайы, тапсырыс беруші, шығу деректері, нәтижелерімен есеп, жылу түйінінде жылу алмастырғышты қолдану, жылу алмастырғыштың техникалық сипаттамасы көрсетіледі.

Қысым ауытқу реттегішімен мыналар белгіленеді:

- су қозғалысы бойынша желдетуден бастап ЫСҚ-дың 1-інші сатысына дейін жылу торабының кері ағынды құбырын қосу кезінде жылыту және ыстық сумен қамтумен жылу түйініне бір жалпы;

- су қозғалысы бойынша желдетуден бастап ЫСҚ-дың 1-інші сатысына дейін жылу торабының кері ағынды құбырын қосу кезінде желдету, жылыту және ыстық сумен қамтуымен жылу түйінідегі екі әр түрлі;

- жылу торабы бойынша бассейндегі судың жылытылуын қосу қысым ауытқу тұрақтылығының реттегішіне дейін жүргізіледі;

- желдету және жылытуды ғана қосу кезінде іске қосылатын жүктеменің арақатынасына тәуелді біреуден басқа, екі реттегіш орнату мүмкін;

Су қозғалысы бойынша ЫСҚ 1-інші сатысына дейін желдетудің қосылуы жылытудан су шығынымен +37С дейін 1-інші сатыдағы судың жылыту мүмкіндігі болмаған кезде және 1-інші сатыдан шығу жеріндегі жылытылатын судың +20 С –тан аспайтын температурасымен орындалады.

1-інші сатылы жылу алмастырғыштан шығу жерінде жылытылатын жылу тасымалдағыштың +20 С аспайтын температураны беретін жылыту және ЫСҚ (желдету болмаған кезде) жүктемелерінің арақатынасы кезінде ЫСҚ 1- сатысының шығу жеріндегі жылытылатын судың температурасын +37 С төмен түсіруге жол беріледі.

- жылу торабы бойынша бассейнде суды жылытуды іске қосу қысым құламасының тұрақтылығын реттеуішке дейін жүргізіледі;

- желдету мен жылытуды іске қосқан кезде іске қосылатын жүктемелердің қатынасына байланысты бір немесе екі реттеуіштті орнату мүмкін;

Судың қозғалысы бойынша ЫСҚ-ның 1-ші сатысына дейін желдетуді іске қосу жылытудан су шығынымен +37С дейін 1-ші сатыдағы суды қыздыру мүмкіндігі болмаған жағдайда және 1-ші сатыдан шығуда қыздырылатын судың +20 С-ден төмен температурада орындалады.

1-ші сатыдағы жылу алмастырғыштан шығу кезінде қыздырылатын жылу тасығыштың +20 С температурасымен беретін жылыту және ЫСҚ (желдету болмағанда) қатынасы кезінде ЫСҚ-ның 1-ші сатысынан шығу кезінде қыздырылатын судың температурасынан +37 С төмендетуге жол беріледі.

ЫСҚ-ның бірнеше аймағы болған кезде аймақтар ЫСҚ жылу алмастырғыштарына бірдей (+-5 % ) жүктемелер бойынша бөлінуі тиіс.

ЫСҚ-ның әр түрлі аймағының 1-ші сатыдағы жылу алмастырғышын орнату өзара параллель және әрбір жылу алмастырғышқа қыздыратын және қыздырылатын жылу тасығыштың жүктемелеріне пропорционал ағуды қамтамасыз ететін орамда орындалады.

Жылыту және желдету жылу алмастырғыштың параллель орнатылуы әрбір жылу алмастырғышқа қыздыратын және қыздырылатын жылу тасығыштың жүктемелеріне пропорционал ағуды қамтамасыз ететін орамда орындалады.

Жылу торабы бойынша жылу алмастырғыштарда қысым жоғалту қыздыратын жылу тасығыштың ең жоғарғы шығынын есептегенде 10 000 Па дейін қаблданады.

Шығу келте құбырларының диаметрлері жылу түйінінен келетін құбырдың диаметріне тең немесе бір диаметрге аз (жылу алмастырғышта қысым жоғалтудың есептемесі расталған кезде) қабылданады.

Жылу алмастырғыштарды дайындайтын зауыттың құрылымын ауыстыруға жол берілмейді.

Жылу алмастырғыштарды орнату қатаң түрде тігінен орындалады.

2 жүрісті жылу алмастырғыштарды орнатуға тек аталған объектіде жылу тұтынудың осы түрі бойынша жүктемелердің өсу мүмкіндігі болғанда ғана рұқсат етіледі.

Жылу алмастырғыштардың есептемесі бойынша бағдарлама келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

- осы бағдарламаны техникалық қолдайтын (жаңарту, түзету, т.б.) мамандары бар фирманың болуы міндетті;

- кез келген сауал бойынша нәтиже алу үшін деректер әр түрлі болған кезде кері есептеу мүмкіндігі (тілімше санынан, қыздыратын және қыздырылатын жылу тасығыштардың шығынынан, жүктемелерді анықтау, екі контур бойынша кедергі);

- жылу алмастырғыштардың кедергісі келте құбырлар, білдектер мен тілімше жинағымен бірге есептелуі тиіс.

Барлық тиекті арматура дәнекерленетін шарлы (сыртқы, ішкі контурлар) болып орындалады.

Жылу түйіні саңылауларындағы тиекті арматура жылу түйінінің кері ағын, су беруші құбырлардағы ойып орнату орнына жақын орнатылады.

Жылу тораптары бойынша жылу түйінінде теңгерім арматурасын орнатуға жол берілмейді.

Жылу түйінінде қосылу басымдылықтары:

- дәнеке қосылыс;

- ернемекті қосылыс;

- бұрандалы қосылыс.

Егер одан да жоғары басымдылықты қолдануға мүмкіндік болса – ол орындалуға тиіс (жылу энергиясын ееспке алу құралдарының шығын өлшеуішінен басқа).

Лайсүзгіштер ОРГЭНЕРГОСТРОЯ үлгілері бойынша қабылданады.

Кез келген түрдегі торлы сүзгілермен жабдықталған лайсүзгіштерді орнатылмайды.

Тіректер жылу түйінінде басқа бөліктерді бұзбай және иілмей жылу түйінінің кез келген бөлігін алуға мүмкіндік болатындай етіп орнатылады.

Тіректерді лайсүзгіштердің астына екі жақтан орнату міндетті.

Автоматикадағы температура сегзісі құбырдың диаметрінен 50 мм қоса алғанда төмен түсуі тиіс.

0-ден 130 С, 150 С дейін белгі сызығы бар спирт және биметал термометрлер орнатылады.

0-ден 10 атм (1,0 Мпа, 10 бар) белгі сызығы бар, дәлдік классы 1,5, корпусы қаңылтыр, корпус диаметрі 100 мм манометрлер орнатылады.

Температура (термометрлер) және қысым (манометрлер) бойынша өлшеу нүктелерін орнату жылу түйіндерінің ұсынылатын үлгілік принциптік сызбанұсқаларына сәйкес қабылданады.

Жылу пунктінің құбырлары, қалған жабдықтары боялған, құбырлы оқшаулаумен (KFlex түрдегі) оқшауланған болуы тиіс. Мыналардан басқа – шарлы крандар, автоматика, сорғылар, реттеуіштер.

Манометрлер 3 жүрісті крандарда орнатылады.

Желдету жүйесі мен жылыту жүйесін жылу алмастырғыштардың бір тобынан іске қосу ұсынылмайды.

Орнатылатын сүзгінің диаметрі сүзгі орнатылатын құбырдың диаметріне тең болуы тиіс (өтімөлшеуіштердің, автоматиканың, жылу алмастырғыштың, сорғылардың қорғанысын қамтамасыз ету үшін).

ЫСҚ-ның айналу желісін іске қосу ЫСҚ-ның 1-ші және 2-ші сатысының арасында ғана орындалады.

Кез келген полимерлі құбырдың калориферлерін орауға тыйым салынады.

Желдету жүйесінің температуралық кестесі тәуелсіз сызбанұсқа кезінде 90-65 С, тәуелді сызбанұсқа кезінде 95-70 С.

Тұрғын ғимараттарына арналған жылыту жүйесінің температуралық кестесі мыналардан жоғары қолданылмайды:

- тәуелсіз сызбанұсқа кезінде 90-65 С – болат су және газ құбырларынан жасалған жүйе кезінде, 85-65 С – кез келген полмимерлі материалдардан жасалған құбырлар кезінде;

- тәуелсіз сызбанұсқа кезінде 95-70 С – болат су және газ құбырларынан жасалған жүйе кезінде, кез келген полмимерлі материалдардан жасалған құбырларды тәуелсіз қосылыс кезінде қолдануға рұқсат берілмейді.

Фанкойлдарда төмендетілген температуралық кестеге жол беріледі.

Теңгерімі бар жылыту жүйесін тәуелді сызбанұсқа бойынша қосуға тыйым салынады.

Жылытудың бір құбырлы жүйелерінде тек автоматтық теңгерімдер (AB-QM түрдегі) орнатылады.

Жылыту жүйесінің тірегіндегі теңгергіштің жанына шарлы кран немесе тиекті шұра орнатылады.

Жылыту жүйесінде теңгергіш және металл полимер құбырлар болған кезде су беруші құбырда тиекті шұрадан кейін торлы сүзгі орнату міндетті.

Тіреуде бір теңгергіш болған кезде теңгергіш әрқашан кері ағын құбырда орнатылады.

Фанкойлдарды жылыту жүйесі 4 құбырлы болып қана жобалануы тиіс, жылытуда тек 2 жүрісті реттеуіш клапан болуы тиіс, 3 жүрісті қайта өткізгіш клапан қолданылмайды.

Фанкойлдарды жылыту жүйесінде бөлек жылу алмастырғыш болуы тиіс.

Бір жылу тұтыну жүйесінде (бір жылу алмастырғышта) бір фирманың теңгергіштері орнатылады. Бір тұрғын үй кешеніне, бір бюджеттік объектіге, заңды тұлғаға бір ғана фирманың теңгергіші орнатылады. Бір жылу тұтыну жүйесінде әр түрлі өндіруші фирманың теңгергіштерін қолдануға жол берілмейді.

Термобастиегі газбен немесе термостатикалық сұйықтықпен толтырылуы тиіс. Парафинді термоэлементтері бар термобастиегін қолдануға жол берілмейді.

Саты торларын жылыту жүйесі су жүретін сұлбасы бойынша ғана орындалады, құбыр жиектерінде тұйықтау учаскелер мен тиекті арматураны орнатуға жол берілмейді. Саты торларының құралдарын іске қосу жылыту құралдары бойынша қатаң түрде төменнен жоғарыға қарай жүргізіледі.

Монтаждау кезінде қиманың диаметрін сақтамайтын полимерлі құбырларды қолдануға жол берілмейді.

Негізгі тіреулер, пәтер бойынша ажыратумен жылыту жүйесінің пәтер бойынша тармақшалану қатаң түрде кіреберіс бөлігінде орнатылуы тиіс, пәтерлердегі жылыту жүйесінің бұл жабдығын орнатуға жол берілмейді.

Пәтер бойынша тармақшалану қатаң түрде құлпы бар қорапта орнатылады, жоғарғы су беруші тармақшаланудың деңгейі қабат еденінің деңгейінен +0,800 м, төменгі кері ағын тармақшаланудың деңгейі қабаттың деңгейінен +0,600 м етіп орындалады.

Ауыспалы шығыны бар жылу тұтынудың барлық жүйелерінде айналудың жиілікті түрлендіргіштері боуы тиіс.

Жылу тұтыну жүйелерінің теңгергіші бар жоба (ЖЖ бөлігі) теңгергіш клапандарды өндіруші фирмалардың төрағалығымен келісілген, ашылған сызбанұсқамен толықтырылуы тиіс.

Объекті іске жіберілгеннен кейін энергиямен қамтушы және қызмет көрсетуші ұйымдарға есеп берумен теңгергіштер реттеледі.

Ішкі контурдағы желдетудің реттеуші клапандарында қысым құраламасының есептемесі 10 метр болуы тиіс.

Калориферлердегі автоматикада кірме ағындық ауа температурасын сақтаған кезде берілетін ауа көлемін азайту, ағынды ауа температурасын бақылау, сыртқы температураға байланысты кері ағын жылу тасығыштағы температураны бақылау мүмкіндігі болуы тиіс.

Рекуператоры бар калорифер калориферлік құрылғы құрылымынан конденсаты ағызып алуға арналған тұғырығы болуы тиіс.

Транзиттік орынжайлар бойынша ауа температурасынан жоғары температурамен жылытылған ауаның ауажібергі ғимараты бойынша өтуі калориферден шығу кезінде ауа температурасына (ағынның есептік температырасына) кірме ағындық ауаның есептік температурасын қамтамасыз ететін оқшаулаула орындалуы тиіс.

Жоғары температурасы бар, орынжайлар арқылы өтетін сырттан калорифке дейінгі ауажібергілер оқшауланған болуы тиіс.

Ішкі контурдың айналу сорғыларын орнатуда ең төменгі 2 сорғы болуы тиіс, тек 3,4 сорғыны (1-уі резервте) орнатуға жол беріледі.

Іргетас сорғыларының қатаң түрде діріл қондырығылары болуы тиіс, діріл қондырғыларынсын – сорғының дірілі болмаған кезде.

Жылу тұтыну жүйесінің қосымша қуат алуы айналым сорғыларының соруы кезінде орындалады.

Кеңейткіш бак қосымша қуат алу жүйесінің алдында судың қозғалысы бойынша іске қосылады.

Сақтандырғыш клапаны жылыту жүйесінің кері ағын құбырында орнатылдады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет