Астанада VI бүкілқазақстандық студенттік универсиада аясында бокстан жарыстар өтеді



Дата09.07.2016
өлшемі14.64 Kb.
#186588
http://www.inform.kz/kaz/article/2370973
15.04.2011 / 10:59

Астанада VI Бүкілқазақстандық студенттік универсиада аясында бокстан жарыстар өтеді

АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Үстіміздегі жылғы сәуір айының 20-24 күндері аралығында Астанада VI Бүкілқазақстандық студенттік универсиада аясында бокстан жарыстар өтеді.

Спорттың бірнеше түрін қамтитын Бүкілқазақстандық студенттік универсиаданың кезекті жарыстарын өткізу мәселесі өткен ақпан айының 15-і күні ҚР Білім және ғылым министрлігі дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығында талқыланды. Кеңеске Қазақстандағы жоғары оқу орындарының басшылары қатысты. 

Өз кезегінде, елордадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, бүгінгі күні оқу орны қабырғасында спорттың жоғары шеберлік дәрежесіндегі 10 спортшы білім алатынын негіз етіп, VI универсиада аясындағы бокстан жарыстарды өз университетінде өткізу ұсынысын жасады.

Айта кетейік, жарты ғасырдан астам тарихы бар Астанадағы Аграрлық университет елге сапалы білімімен ғана емес, белді спортшыларымен және дарынды шығармашылық ұжымдарымен белгілі. ЖОО-дан түлеп ұшқан тәжірибелі боксшылардың арасынан Бейжің ойындарының қатысушысы Мерей Ақшаловты айтуға болады, ал бүгінгі күні білім нәрін сусындап жүрген жас өрендердің арасында спорт шебері, Гуанджоуда өткен 16-шы Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы Данияр Елеусінов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қазақстан чемпионы Бақытжан Қожабеков, Қазақстан чемпионы Ілияс Сүлейменов, Қазақстан чемпионы, халықаралық жарыстардың жүлдегері Думан Әлімовтер бар.

«Республикалық деңгейдегі жарыстың университет қабырғасында өтуі - спорттың бұл түрінің студенттеріміз арасында таралуына септігін тигізіп, бас қаламыздың беделін тағы бір мәрте арттыра түседі деген сенімдеміз. Өз кезегімізде жарыстарды жоғары деңгейде өткізуге барынша жағдай жасаймыз», - деп атап өтті тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Александр Майер.



Бүгінгі күнге дейін жарысқа қатысу ниеттерін Астана, Алматы, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе қалаларының ЖОО-лары  білдірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет