Астананың арнайы орта білім беретін оқу орындары тағы бір жаңа колледжбен толықты



Дата28.06.2016
өлшемі17.06 Kb.
#163702
23.07.2010 / 16:53
Астананың арнайы орта білім беретін оқу орындары тағы бір жаңа колледжбен толықты

АСТАНА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің базасында колледж ашылды. Ашылғанына 10 күн болған колледж алғашқы қатысушыларын қарқынды қабылдау үстінде.

«Астана қаласы Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің үстіміздегі жылғы шілденің 13-і күнгі №468-ші бұйрығына сәйкес, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ға техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру қызметін жүзеге асыруға АБ №0129867 лицензиясы берілді.

Жаңа колледж білім беруді 9 мамандық бойынша жүзеге асырмақ: кәсіптік оқыту; есеп және аудит; стандарттау, метрология, және сертификаттау; электрмен жабдықтау; агрономия; орман шаруашылығы, бақ-саябақ және ландшафты құрылыстар; ауыл шаруашылығын механикаландыру; зоотехния және ветеринария.

2010-2011 оқу жылына білім ордасы 9 және 11 сыныптарды аяқтаған 230-ға жуық абитуриентті қабылдауды жоспарлап отыр. Айта кетейік, Ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырған, бірақ 50 балл жинай алмаған 11-ші сынып түлектері емтихансыз қабылданады.

ҚазАТУ-дың бірінші проректоры Айтжан Әбдіровтың айтуынша, лицензия кеш берілгендіктен, колледж мемлекеттік гранттардың үлестірілуіне кешігіп қалған. Сондықтан биылғы оқу жылына абитуриенттер тек ақылы негізге қабылданады.

«Мемлекеттік жоғары оқу орнының базасында колледжді ашудағы басты мақсат - білім қуған ауыл жастарына қол ұшын беру. Себебі, жыл сайын көптеген ауыл жастары Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша қажетті ұпайларды жинай алмай, елдеріне оралып жатады. Бұл ұсынысты университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына ауылдарда жүргізілген кәсіптік бағдарлау шаралары кезінде, ауыл жастары мен олардың ата-аналары білдірген болатын. Ал баспанаға мұқтаж жастардың мәселесін оңтайлы шешу үшін жатақханадан орындар беруді қарастырып отырмыз», - дейді ол.

А.Әбдіров атап көрсеткендей, колледжде оқытылатын мамандықтар, Қазақ агротехникалық университетінің мамандықтарына әдейі сәйкестендіріліп таңдап алынған. Мысалға, 11-ші сыныпқа оқуға түскен жас, колледжде 1 жыл 10 ай оқиды, одан кейін ешқандай емтихан тапсырмай-ақ университетке қабылданып, 2,5-3 жыл білім алады. Сонымен бірге оларға оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер беріледі.

Колледж директорының міндетін атқарушы болып ветеринария ғылымдарының кандидаты Сағындық Әшімов тағайындалды.



http://www.inform.kz/kaz/article/2289167

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет