Қастандылық, өпшенділік. Жеке адамның басқаларға және қоршаған әлемге шабуыл, қастандық жасау тенденциясын көрсететін қасиеті немесе мінезінің бітісі



жүктеу 0.68 Mb.
бет1/4
Дата23.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК

ПОӘК 042-

«Корпоративтік этика» пәнінің оқу-әдістемелік материалдар

Басылым № 1 11.09.2014ж.



6М050700 «Менеджмент» мамандығы үшін

«КОРПОРАТИВТІК ЭТИКА»

ПӘНІНІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей - 2014

Мазмұны

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Магистранттар өздік жұмысы


1 ГЛОССАРИЙ

Агрессивтілік — қастандылық, өпшенділік. Жеке адамның басқаларға және қоршаған әлемге шабуыл, қастандық жасау тенденциясын көрсететін қасиеті немесе мінезінің бітісі.

Альтруизм - басқалардың мүддесі жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын моральдық принцип, басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу.

Апатия – немқұрайдылық күй. Қандайда бір іс-қимылға деген құлшыныстың жоқтығы.

Ассоциация - адамдардың қандай да бір нақтылы нәтижелерге жету мақсатында әртүрлі қауымдастықтарга, одаққа және топқа бірігуі әрі олардың тығыз қарым-қатынасының нәтижесі немесе үрдісі.

Аттракция - басқа адамға деген тартымды сезімнің пайда болуы. Бұл профессионалдық педагогикалық жарамдылықтың негізгі көрсеткіші болып саналады.

Бірлескен кәсіпорын - Бірлескен шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында тараптардың арасында құрылған заңды тұлға

Басқаpма Белгiлi бip мекеменiң ipi саласы, әкiмшiлiк мекемесi.

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік мекемелер.

Дағдырыс - мәселенің аса асқынып, ушығып, басқа мәселелерді кері ысырып, алдыңғы орынға шығатындай деңгейге көтерілу дәрежесі.

Жедел телефон желісі - Құқықтық немесе этикалық талаптар орындалмаған жағдайларда, түрлі дилеммалар мен басқа да мәселелер бойынша барлық қызметкерлердің хабарламалар жіберетін немесе кеңес алатын қол жетімді желі.

Лидер — қоғамға, ұйымға немесе топқа ықпал етуге қабілетті тұлға. Халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мақсат-мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам лидер ретінде танылады.

Мимика – бет әлпеттің қозғалысы, адам сезімін білдірудің бір формасы, адамның ішкі сезімін, көңіл-күйінің әр алуан сәттерін (көңілдену, қайғыру, ашулану, т.б.) білдіретін бет - әлпеттің мәнерлі қимыл-өзгерісі.

Мораль – адамдар мен әлеуметтік бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағида; адамның мінез-құлқын реттеу қызметтерін атқаратын әлеуметтік институт.

Мотив – адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет.

Имидж — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету.

Интеpвью Тiлшi таpапынан алынатын әңгiме-хабаp.

Интуиция - қарастыру, көру, андау, сонымен бірге рухани көру, ұғыну, шабыттану, түсіну, ұғыну. Ақиқатты дәлелсіз тура нақты қабылдау қабілеті.

Психологиялық тосқауыл — жаңа жүйе мен оны пайдаланушы арасында туындайтын бөгеу.

Рефлекс — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы.

Рефлексия (лат. reflexio - кейінге оралу) - бейнелеуді, сондай-ақ таным актисін зерттеуді білдіретін термин.

Стресс - қатты күйзелу, абыржу, мөлшерден тыс ширақтылық деген сияқты бірнеше мағынаны қамтитын жалпылама сөзбен айтылған адамның ерекше күйі.

Темперамент - адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы.

Фанатизм— индивидтің белгілі бір сенімдерге деген, басқа ешқандай баламаны қабылдамайтындай болып қалтқысыз берілгендігі; бұл оның іс-әрекетінде және басқалармен қарым-қатынасында айқын көрінеді.

Фрустрация - алға қойған мақсаттарына жете алмаған, жоспарлары күл-талқан болып күйреген адам басынан өткеретін уайым, үрей билеген психологиялық жай-күй.

Характер - тұлғаның мінез бітімі, ой-сезім дүниесіне тән психологиялық, моральдық сипат-ерекшеліктері.

Эгоцентризм - тұлғаның өз мақсаттарында, ойларында, күйзелістерінде шоғырлануы, сыртқы ықпалдарды, басқа адамдардың күйін объективті қабылдау қабілетінің шектелуі.

Эйфория – объективті жағдайға сай келмейтін көтеріңкі, қуанышты көңіл-күй немесе мамыражай бейқамдық; мимикалық және жалпы қозғалыстың ширығу, психикалық қозу нышандарының байқалуы.

Экспрессия - адамның вербалды емес жолмен өзінің ішкі күйін немесе ішкі әлеміндегі ақпаратты басқа адамдарға болмысынан немесе үйреніп алған қимыл-қозғалыстар (мимика, пантомимика, жестілер) арқылы жеткізетін жүйе.

Эмоция Адамдаpдың қоршаған оpтамен қаpым-қатынасында пайда болатын iшкi жан дүниесiндегi күйiнiш пен сүйiнiш сезiмi.

Эмпатия – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі.

Эстетика Көpкемдiк таным теоpиясы, әсемдiк туpалы, көpкем шығармашылықтың жалпы заңдаpы және адамның болмысқа эстетикалық қатынасы туpалы философиялық iлiм.

Этика 1.Мораль түралы, оның дамуы, оның мәні мен принциптері, қоғамдағы нормалары жайындағы ілімдер жүйесі. 2. Белгiлi бip қоғам мүшелеpi үшiн қағида болып табылатын мiнез-құлық тәpтiп ноpмасы.

Этикет Қаpым-қатынастың (дипломатиялық оpтада, саpай қызметкеpлеpiнiң аpасында) қалыптасқан үлгic

Қатынасу, тілдесу — қатысушының екеуіне де ақпараттың түсініктілік шарты орындалған кезде бір қатысушыдан екінші қатысушыға ақпаратты жеткізудің екі жақты процесі; екі немесе одан да көп адамдардың әлеуметтік-психологиялық өзара әрекет ету процесі.

2 ДӘРІСТЕР

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет