Астық массасының сусымалылығы мен өздігінен сұрыпталынуы Астық массасының қуыстылығы


Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау қасиеттері



бет4/4
Дата11.09.2023
өлшемі33.78 Kb.
#477176
1   2   3   4
Дәріс 2

Астық массасының жылулық-физикалық және масса айырбастау қасиеттері
Бұлар туралы түсінік астық массасын сақтағанда, кептіргенде, белсенді желдеткенде болатын жылу алмасу құбылыстарын түсіну қажет.
Жылусыйымдылық - астықты қыздыруға қажетті жылудың мөлшерімен сипатталады және меншікті жылу сыйымдылық шамасымен айғақталады. Соңғысы әдетте астықтың құрғақ заты мен судың жылу сыйымдылықтарының арасыңдағы орташа өлшенген шамамен есептейді. Астықтың құрғақ заты үшін ол шама 1550 Дж/кг*К немесе 0,3-0,4 ккал/кг. Судың жылу сыйымдылығы 4190 Дж/кг.К немесе 1 ккал/кг*С. Сондықтан астық ылғалдылығының жоғарлауына байланысты оның меншікті жылу сыйымдылығы артады. Жылу сыйымдылықты астықты кептіргенде ескереді, өйткені жылу шығыны астықтың алғашқы ылғалдылығына тәуелді болып келеді.
Жылуөткізгіштік — астықтың жылуөткізгіштік қасиетін сиппаттайды. Оның коэффициенті 0,13-тен 0,2-қа Вт/м*К дейін ауытқиды, яғни жылу өткізгіштігі нашар. Ол астық массасының органикалық құрамы мен ауаның болуына байланысты. Астық массасы ылғалдылығының жоғарылауына байланысты оның жылуөткізгіштігі артады, алайда төменгі деңгейде қалады.
Температура өткізгіштік — астық температурасының өзгеру шапшандығын, оның жылу инерциясын көрсетеді. Астық массасы өте төмен температура өткізгіштік коэффициентімен сипатталынады, яғни жоғары жылу инерциясына ие. Температура өткізгіштік коэффициенті 7*10"7-1,9*Ю"7м2/с шамасында ауытқиды.
Астық массасының температура өткізгіштігінің төмендігінің пайдасы да бар: дұрыс салқындатылғанда, тіпті жылдың жылы мезгілінің өзінде, астық массасында төменгі температура сақталады. Сонымен астық массасын суықпен өңдеп ұзақ уақыт бұзылмайтын етуге мүмкіндік туындайды. Температура өткізгіштіктің төмендігінің теріс жағы, ол қолайлы жағдайлардың нәтижесінде белсеңді физиологиялық процестер әсерінен (астық, микроорганизмдер, кенелер мен жәндіктер тіршілігінен) бөлінген жылу астық массасында бөгеледі де, оның температурасының көтерілуіне өздігінен қызуына) әкеліп соғады.
Астық массасындағы температураның өзгеру жылдамдығы сақталу тәсілі мен қойма түрлеріне байланысты. Қоймаларда астық үйіндісінің биіктігі онша биік болмағанда атмосфералық ауа әсеріне элеваторлардың силостарына қарағанда көбірек ұшырайды. Ал элеваторда астық массасы атмосфералық ауа әсеріне аз кездеседі, өйткені жылуөткізгіштігі төмен силос қабырғаларымен айтарлықтай қорғалған.
Термоылғалөткізгіштік — астық үйіндісінде температура өзгеруінен оның массасындағы ылғалдың орын алмастыру құбылысы. Термоылғалөткізгіштіктің нәтижесінде ылғалдың жылы қабаттардан шамалы жылынған қабаттарға ауысуы жүреді.
ЬІлғал ауысу құбылысы астық массасын сақтағанда үлкен іс-саналық маңызға ие болады. Ол үйіндінің әр қабатыңда температура өзгерісі болғанда байқалады, әсіресе күзгі-қысқы және көктемгі-жазғы кезеңдердегі максималды температура ауытқуларында (градиенттерінде) туындайды. Қойма қабырғаларының әркелкі жылынуы, жылы астық массасының суық асфальт немесе кірпіш еденді қоймаларда ауысуы, күн көзінде кептіру де ылғалдың жылы қабаттардан салқын қабатқа ауысуына себеп болады. Бұл қабаттарда ылғалды ауа салқындағанда су тамшылары пайда болады, басқаша айтқанда ылғалдың конденсациясы байқалады. Сонымен термоылғалөткізгіштіктің әсерінен үйіндінің жекелеген қабаттары ылғалданады да өзінің тіршілік әрекетін күшейтеді. Оларда астықтың өздігінен қызуы, тіпті дәннің өнуі байқалуы мүмкін

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет