Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық


Сабақта ата-аналарға арналған жаднама жасаңыз



бет134/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Сабақта ата-аналарға арналған жаднама жасаңыз.
Тренер төмендегі тізімге өз ұсыныстарын қоса алады:

  • Балаңызға мамандық таңдауға еркіндік беріңіз.

  • Баламен бірге таңдалған мамандықтың артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылаңыз.

  • Болашақ мамандық таңдауда тек материалдық емес, моральдық қанағаттану тұрғысын да қарастырыңыз.

  • Мамандық таңдағанда балаңыздың жеке қасиеттерін ескеріңіз.

  • Мамандық таңдауда келіспеушіліктер болса, мамандармен кеңесіңіз.

  • Мамандық таңдауда балаға қысым жасамаңыз, қақтығыс әдетке айналуы мүмкін.

  • Баланың арманы орындалуы үшін оған қолдау көрсетіңіз.

  • Егер балаңыз таңдау жасауда қателессе, ұрыспаңыз, қатені түзетуге болады.

  • Балаңыз қандай да бір мамандыққа қызығушылық танытса, оны әдебиет, үйірме сабақтары, мамандармен кеңесу арқылы қолдаңыз.

  • Балалар ата-анасының жұмысқа деген көзқарасын қабылдайтынын ұмытпаңыз.







19-слайд.
"Гуманитарлық технологиялар" тестілеу және дамыту орталығы 1996 жылы М. В. Ломоносов атындағы ММУ психология факультеті базасында құрылды. Ғылыми жетекшісі - психология ғылымдарының докторы, профессор А.Г.Шмелев.
Тиімді әдіснамалық қағидаттарға сәйкес білікті мамандар құрастырған тесттердің мамандық таңдауда көмегі зор.
Мына сайттан https://proforientator.ru/tests/ мамандық таңдауға қатысты көптеген тегін тестер таба аласыз. Сондай-ақ, мамандықтар мен оқу орнын таңдау үшін кеңейтілген диагностика мен сарапшы психологтің кеңесін қамтитын ақылы қызметтер бар. «Ата-аналарға арналған» тестерден өту ұсынылады. Тест қорытындысын алуға болады. https://proforientator.ru/profline/test/bf6efe998697d3af05bec2e93202a2db
Ата аналарға балаларының тестен өтуін қадағалауға тапсырма беріңіз.
https://proforientator.ru/profline/test/e79b0f78687316c17d66ff3979f5c21c
Содан кейін нәтижелерді салыстыруға болады. Бұл балаңызды оның қызығушылығын, қалауын қаншалық жақсы білетініңізді көрсетеді. Қандай да бір қауіптің алдын алуға көмегі тиюі мүмкін.
Мүмкін сізді немесе балаңызды басқа тестер қызықтыратын шығар. Бәлкім сізге дұрыс таңдау жасауға сол тестердің нәтижелері көмектесіп қалар. Егер солай болса, ой-пікірлеріңізді басқа тыңдаушылармен бөлісіңіз.







20-слайд. Мамандық таңдауға көмек ретінде төмендегі кітаптарды ұсынамыз. (Қосымша материал)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет