8-сабақ
Атадан өсиет, анадан қасиет
Отбасылық дәстүрлер мен құндылықтар: ұрпақтан ұрпаққа
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың балаларын отбасылық өмірге дайындау және рефлексия жасау дағдыларын дамыту
Міндеттері:
1. Ата-ананы баланың болашақ отбасылық өміріне қажетті тұлғалық қасиеттерін дамытуға ынталандыру.
2. Дәстүрлі білім беру тәжірибесін жаңарту.
3. Ата-аналарды «жауапты әке болу» ұғымымен таныстыру.
4. Баланың бойында отбасылық өмірге қажетті қасиеттерді қалыптастыру үшін ата-ананың өз мінез-құлқын талдау дағдыларын қалыптастыру.
Ұлттық құндылықтар мен тұлғалық қасиеттер:
• ата-аналық парыз, жеке тұлғаны құрметтеу, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу, сенім, ашықтық;
• жауапкершілік, сезімталдық, мейірімділік, жауаптылық, позитивті ойлау, эмпатия, ынтымақтастыққа дайын болу, юмор сезімі.
Күтілетін нәтижелер
Бұл сабақтың соңында ата-аналар:
ұлттық тәрбие тәжірибесіне жүгінетін болады;
«жауапты әке болу» туралы түсініктерін кеңейтеді;
балалардың болашақ отбасылық өміріне қажетті қасиеттерін дамыту үшін өз іс-әрекетін бейнелеу дағдыларын қалыптастыра алады.
балалардың болашақ отбасы өміріне қажетті қасиеттерін дамытуда өзіндік мінез-құлық желісін анықтай алады.
Ресурстар:
Қазақ суретшілерінің картиналарының репродукциясы, иллюстрациялары; бейнетаспа; басылған кестелер.
Тақта, флипчарт, маркерлер, А4 парақтары, қаламдар.
Жоспар
I. Кіріспе: отбасы мен халық/ұлт арасындағы іргелі байланыс туралы әңгіме.
II. Негізгі бөлім.
1. Ұлттық мәдениет отбасындағы тәрбие дәстүрінің негізі (суретті қарау, әңгімелесу, кластер құру).
2. Қазіргі әкелік (бейнефильм көру, пікірталас).
3. Қазіргі әкенің қасиеттері (топтық жұмыс, пікірталас).
4. Қазіргі әкенің қасиеттері (кестемен жұмыс).
5. Ұл балалардың болашақ отбасылық өміріне қажетті қасиеттерді тәрбиелеуге бақылау парағын құрастыру.
III. Қорытынды: ой толғау, қорытындылау.
Сабақтың ұзақтығы – 45-50 минут.
Достарыңызбен бөлісу: |