Мiнез-құлық қағидалары
Үлкендердiң, ұстаздардың жанында инабатты болу.
Қонақ күткенде, дастарқанда отырғанда сыпайы болу.
Қандай бiр жиынға барғанда сәлем берiп кiрiп, ешкiмдi мазаламай ыңғайлы жерге отыру.
Әлеуметтiк жиындарда жағымсыз киiм кимеу, жаман иiс су себiнбеу.
Әркiмге жылы жауап берiп, қажетсiз сөз сөйлемеу.
Басқа бiреу сөйлегенде сөзiн бөлмеу.
Жолдастарының жанында кiшiпейiл болу.
Сөйлегенде дауысты көтерiп, айқайламау.
Екi кiсi сөйлескенде рұқсатсыз арасына кiрмеу.
Жиындарда соңынан келгендерге орын берiп, жайғастыру.
Көпшiлiктiң арасында беталды есiней бермеу.
Сөйлеу әдебi
Қажетсiз көп сөз сөйлемеу.
Бiреуге тiлiн тигiзiп, ренжiтпеу.
Ешкiмнiң сөзiн бөлмеу.
Бiреудi шектен тыс мадақтамау.
Анық сөйлеу.
Жаман, былапыт сөзге әдеттенбеу.
Басқа бiреудi мазақ етiп, ат қойып, айдар тақпау.
Көпшiлiктiң ортасында басқалардың көңiлiн аударып, тығылып сөйлеспеу, сыбырласпау.
Орындай алмайтын iсiне уәде етпеу.
Сөзімді қорытындылай келе, қазақтың ырым-тыйымдары негізінен мұсылмандық әдеп қағидаларына негізделген деп айтуымызға болады.
Модератор:
Құрметті дөңгелек үстелге қатысушылар, біз Сіздермен бір сағаттың шамасында осынша құнды дүниелермен танысып, маңызын ашуға тырыстық. Отбасында немерелерімізді тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің негізі саналатын ұлттық әдеп мәселесі, соның ішінде ырымдар мен тыйымдарды кеңінен ашуға мүмкіндік берген бүгінгі «Даналық мектебінің» білім алушылары және спикерлерімізге рақмет айтамыз!
Ұлттық тәрбиені ұлықтай берейік! «Даналық мектебінің» жұмысы арқылы әрбір отбасындағы аналарымыз даналық деңгейінде тағылым берердей болсын!
Келесі кездескенше!
Достарыңызбен бөлісу: |