Интерактивті әңгіме
Құрметті достар! курстың алғашқы сабағына қош келдіңіздер. Сабақтың тақырыбы – «Ата-аналар өмірінің жобасы – бақытты адам».
«Балаларды жақсы етудің ең жақсы жолы – оларды бақытты ету», – дейді ирландиялық әдебиет классигі Оскар Уайлд.
Сіздер бақытты бала дегенді қалай түсінесіздер? (Тыңдаушылардың жауаптары). Рахмет! Сіздер көп нәрсені дұрыс сипаттадыңыздар! Баланың тұлғасына көңіл аударғандарыңыз қуантады. Жеке тұлғада адамның қалай ойлайтыны, нені мақсат ететіні, нені бағалайтыны және нені маңызды деп санайтыны көрінеді. Тұлға үнемі дамып отырады. Жеке тұлғаны тәрбиелеу сәтті болуы үшін балаға не қажет екенін, оның қажеттіліктері қандай екенін түсініп, даму үшін қолайлы жағдай жасау керек. Баланың саламаттығын не құрайды деп ойлайсыз? (Тыңдаушылардың жауаптары)
2022 жылы Қазақстанда қабылданған «Балалардың хал-ахуалы индексі» мемлекеттік құжатында «хал-ахуал» ұғымы баланың физикалық және психикалық денсаулығын қолдауға және жақсартуға, сапалы білім берумен, даму мүмкіндіктерімен, қауіпсіздігімен және басқа да жағдайлармен қамтамасыз етуге бағытталған факторлардың жиынтық әсері кезінде қалыптасқан баланың жай-күйі ретінде айқындалады.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, саламаттықтың маңызды шарттары: денсаулық, қауіпсіздік, жаңа нәрселерді білуге, айналасындағыларға түсінікті болуға, қарым-қатынас жасау қабілетіне деген қанағаттану екенін белгілеп қойайық. Мұны басқаша физикалық саламаттық, когнитивтік саламаттық, эмоционалдық саламаттық, әлеуметтік саламаттық деп атауға болады.
Топтық жұмыс
Баланың саламаттығы деген не екенін талқылайық. Ол үшін «Саяхат» тәсілі бойынша топтарға бөлініп жұмыс істейміз. Біз 5 топқа бөлінеміз. 1-4 топ – зерттеушілер, 5 топ – сарапшылар.
1-4 топтарға (зерттеушілерге) арналған тапсырма.
Топқа ат қойыңыздар. Саламаттық түрлеріне саяхат жасаңыз. Баланың физикалық, когнитивтік, эмоционалдық, әлеуметтік саламаттығы неден көрінетінін жазыңыз. Нәтижені презентациялаңыз.
5- топқа (сарапшыларға) арналған тапсырма.
Топтардың жұмысын бақылау барысында жазбалардың мазмұнына талдау және қорытынды жасаңыз. Баланың саламаттығын қамтамасыз ету үшін ата-ананың жауапкершілігі қандай екенін тұжырымдаңыз. Өз тұжырымдарыңызды айтыңыз.
Түсініктеме. Құрметті ата-аналар! Сіздер өздеріңіздің өмірлік тәжірибелеріңізге негізделген зерттеу жүргіздіңіздер. Сарапшылар өз қорытындыларын берді. Мұның бәрінің артында тұрған ең басты нәрсе – баланы тәрбиелеу үшін қоғам алдындағы жауапкершілікті түсіну. Бұл мәселеге қазақстандық заңнамада үлкен көңіл бөлінген. Ата-аналар танысуы керек барлық заңнамалық актілердің тізімі цифрлық платформада бар.
Жауапты ата-ана болу үшін өз мінез-құлқыңызды талдауды, қателіктеріңізді түсінуді және оларды түзетуді үйрену керек.
Осы жайындағы бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |