Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет42/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Сұрақтар:
1. Сіз балаларға арналған қауіпті компьютерлік ойындарды кездестірдіңіз бе?
2. Сіз балаңыздың агрессивті ойындарға құмар екенін байқадыңыз ба?
3. Басқа ойыншылардың қатысуымен онлайн ойындар болды ма?
4. Бейтаныс адамдар компьютерлік ойын ойнауды ұсынған жағдайлар болды ма?
5. Балаңыз компьютерлік клубқа жиі сұрана ма?
6. Балаңыз компьютерлік ойындар үшін тамақтанудан, серуендеуден және ұйықтаудан бас тарта ала ма?
7. Баланың көңіл-күйі компьютердегі ойын нәтижелеріне байланысты ма?
8. Баланыз компьютердегі ойындарда өткізген уақытын өтірік айтатын/жасыратын жағдайлар болып тұра ма?
9. Сіз баланың компьютерлік ойындарға байланысты оқудан зардап шегетінін байқадыңыз ба?
10. Бала компьютерлік ойындарға байланысты жеке гигиенаны елемей кетті ме?
11. Бала білек, мойын, арқа, көз және т. б. жерлерінің ауырсынуына шағымданды ма?


Спикер топқа сұрақ қояды? 5 сұраққа оң жауап бергендер бар ма? Барлық 11 сұраққа оң жауап берген кім бар? Кімнің оң жауаптары мүлдем жоқ? Спикер ата-аналарға жұмыстары үшін алғыс айтады.
Мағынасын ашу: 5 немесе одан да көп сұрақтарға оң жауап бергенде – сіздің балаңыз компьютерге тәуелділікке қауіпті жақын жерде. Ол шынайы өмірге деген қызығушылығы жойылады, ол көзбе-көз қарым-қатынастың орнына виртуалды қарым-қатынасты қалайды. Оның компьютерде өткізетін уақытын азайтқан жөн.
"Компьютерлік тәуелділік" терминінің өзі 1990 жылы, компьютерлік технологияның дамуы жылдам қарқын алғанда пайда болды. Психологтер компьютерлік тәуелділікті алкоголь мен нашақорлыққа өте ұқсас эмоционалды тәуелділіктің бір түрі деп атайды. Ол баланы өзінің ойдан шығарылған әлеміне енуге, өзі туралы өз аңызына сенуге және онымен бірге өмір сүруге итермелейді, сондықтан нақты әлемде қалыпты өмір сүру мүмкін болмайды. Бұл ауру жеке тұлғаның екіге бөлінуіне әкеледі деп айтуға болады.
Бейнеролик көру және талқылау
https://youtu.be/1L_UQiYxzMk
Роликті көргеннен кейін спикер компьютерлік тәуелділіктің салдары және оның баланың дамуына әсері туралы айтады.

Компьютерлік тәуелділік мәселесі жаңа және әлі аз зерттелген. Ата-аналар, егер баланың мінез-құлқында басқа айқын белгілер: ақша ұрлау, мектептен кету, қаңғыбастық сияқты ауытқулар болмаса, баланың компьютерге берілуіне назар аудармайды. Бірақ тіпті ықтимал қауіпті де бағаламауға болмайды! Жоғарыда айтылғандардың бәрінен компьютерлік тәуелділіктің алдын-алудың күрделі және ұзақ үдерісі әртүрлі әдістер мен тәрбие құралдарының жиынтығына негізделген деген қорытынды шығады. Бұл үдеріс мұғалімнің, ата-аналардың балалармен жұмысының кезеңділігін қамтиды. Оқушының компьютердегі іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру үшін Сіз өз жұмысыңызды кезең-кезеңімен құрып, жұмысыңыздың қандай түпкілікті нәтижесіне қол жеткізгіңіз келетінін ойластыруыңыз керек. Компьютерлік тәуелділіктің алдын-алуды ұйымдастыруда тәрбиелік іс-шаралардың әртүрлі нысандары мен әдістерін үйлестіру қажет.


Қазақ халқы ежелден мақсатсыз уақыт өткізу жағдайларын құптамаған және "Жақсыдан-үйрен, Жаманнан-жирен!", "Ойыннан өрт шығады", "Ойнақтаған бала өрт басар», "Ойыннан да оміртқа сынады" – деп, өскелең ұрпақты бос сеңделістен сақтандырып отырған.
-Балалардың онлайн ойындар арқылы ақша табуына қалай қарайсыздар? (Ата-аналардың жауаптары).

Эдвард де Бононың 6-шы қалпақ ақылды әдістемесін, яғни баланың эмоцияларын басқара алмауын, ойынға тәуелділіктің үмітсіздігін жеңе алмауын және ата-аналардың ойынға тәуелді баланы түсінбеуін талдау бойынша жұмыс жүргізу.


атата-аналарды 3 шағын топқа бөлеміз, әрқайсысы өздеріне ұнайтын қалпақты таңдау арқылы өз әдісін талқылайды. Бейнероликті қарау және талқылау:
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02tKFBvrQfJ45juCLiKwvBscgDu1VWaTzy9qpM6hXsmikbfvSEVy4CiGq5aCjpBW3ol&id=100020854781214&sfnsn=mo&mibextid=SDPelY
Ұлы Абай Құнанбаев баланы тәрбиелеу үшін оның бойында "ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" деген 3 қасиетті дамыту маңызды және баланы тәрбиелеуге оның ата-анасы жауапты деген.
Абай Құнанбаевтың «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген осы 3 қасиетті пайдалана отырып, адамды қор қылатын – надандыққа, еріншектікке, залымдыққа жол бермей, баланың тәрбиесін ата-аналар осы бастан қолға алса құба-құп болар еді.
Ата-аналарға тарату материалдары беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет