Ата-аналарды білім беру ұйымдарында педагогикалық Қолдау бойынша нұСҚаулық



бет69/220
Дата20.03.2024
өлшемі2.36 Mb.
#496164
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   220
АТА-АНАЛАРДЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ.УМК - для слияния

Жауап нұсқалары:
А
Мен қызымды ренжітуге жол бермеймін, мұндай жағдайды елеусіз қалдыруға болмайды, ал мектеп қайда қарап отыр! Егер қызы ештеңе айтпай жасырса, демек, жағдайдың бақылаудан шығып кеткені. Бүгін мен сынып жетекшісіне қоңырау шаламын, ертең мектепке барып, қызымның сыныптастарымен сөйлесемін, қажет болса, балаларын орнына қойдыру үшін ата-аналарына қоңырау шаламын. Ал егер одан ештеңе шықпаса, балаларды орындарына өзім қоямын! Қызыма да сабақ болады, мұндай нәрсені жай қалдыруға және босаңсуға болмайтынын білсін.
Б
Мен қызыммен жұмсақ сөйлесемін. Ертең сынып жетекшісіне қоңырау шалып, оның сабаққа әзір бара алмайтынын айтамын. Қызыммен сөйлесіп, оны кімнің ренжіткенін білемін, мектептен кейін олармен кездесіп, енді ренжітпеуін сұраймын, барлық ата-аналарға қоңырау шаламын. Мен бұл жағдайдан шығуға тырысамын.
В
Әзірге ештеңе айтпаймын, бұл жағдайды өзі шешсін. Мен шу шығармаймын, қазір барлық бала қатыгез, ол да үндемей қалатындардан емес, мүмкін өзінің де кінәсі бар шығар. Бізге айтпағанына қарағанда, қорқынышты ештеңе жоқ сияқты. Қайткенде де ол өзін қорғай білуі керек, ұжымда өмір сүруді үйренсін, бұл болашақта өзіне қажет.
Г
Біраз уақыт бақылап көрейін, сәті келгенде онымен ашық сөйлесіп, мұндай жағдай менің де басымнан өткенін айтамын және қызымды әрқашанда қолдайтынымды жеткіземін. Ол менің әрдайым сонымен бірге екенімді және бұл жағдайдан да бірге шығатынымызды білуі керек. Сымбатты көрінуі үшін қажет болса, спортпен айналысқанын да қолдаймыз. Дене шынықтыру сабағында нақты не болғанын, оның қаншалықты қиындап кеткенін, қызымның бұл жағдайға қалай әрекет еткенін және өзін қаншалықты қорғай алғанын түсіну керек. Ең бастысы, оның бізбен сөйлесуден қорықпай, өз мәселелерімен бөлісуі үшін, бізге сенуі қажет.


3-кейс
Раушанның анасының мамандығы мұғалім болғанымен, жұмыс істемейді. Міне, екі айдан бері Раушан мектепке бармайды. Мектебінде, сыныбында психологиялық жарақат, стресс немесе жанжал жоқ екені анықталды. Ол тек мектепте оқудан жалықты. Үйінде отырып, қызықты нәрселермен айналысқысы келеді. Анасы, оның айтуынша, Раушанды мектепке баруға үгіттейді, бірақ жағдайды реттеу үшін бірде-бір нақты әрекет жасамайды. Қыз анасын мазақтап, оғаш қылықтар көрсетеді.
Раушанның мұндай мінез көрсетуінің себебі неде? Анасы баласы үшін ақылын тыңдап, кеңес сұрайтын, құрмет тұтатын маңызды жан бола алмады, сондықтан ол жауапкершілікті баланың өз мойнына жүктеді ме?
Қыз қазірдің өзінде ересектердің бақылауынан шыққан, оның ендігі дұрыс дамуы қиын болады. Әзірге Раушан анасымен бірге, бірақ болашақта оларды не күтіп тұр?

Слайд

20 мин.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   220




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет