Атап айтсақ 2000 жылы Еуроодақ Қазақстанға демпингке қарсы анықтауға қатысты нарықтық экономикасы бар елдің мәртебесін берді


ҚАЗАҚСТАН ЭКСПОРТЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ



бет2/4
Дата21.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#152443
1   2   3   4

2. ҚАЗАҚСТАН ЭКСПОРТЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНЫ ТАЛДАУ

2.1.Қазақстанның экспортына талдау


Соңғы он жылда Қазақстанда болған экономикалық қайта құрулар өзінің нәтижелерін беруде. Жаңа жүз жылдықтың басталуымен экономикалық өсім сәйкес келіп, еліміз жүргізілген әлеуметтік-экономикалық реформалардың жемісін көре бастады.

Егер де 1993-2001жылдар аралығындағы сыртқы сауданың статистикасына жүгінетін болсақ, экспорт пен импорттың, жалпы тауар айналымының бірте-бірте (ақырындап) өсу теңденциясын байқаймыз. Бұл жағдайда экспорт пен импорттың құрамы сыртқы тауар рыногының жағдаяты деңгейінің маңызды индикаторы ретінде табылады. Сонымен қатар сыртқы сауданың жағымды сальдосы 1995 жылы бастап сақталынып, 2000 жылы 4,1млрд. долларды құрап өзінің шырқау шегіне жетті (4-кестені қараңыз).[11]


Кесте 4.
1993-2003 жылдар аралығындағы Қазақстанның сыртқы саудасының динамикасы.






1993

1994

1995

1996

1997

Тауар айналымы

6963

6802

12856

10152

10798

Экспорт


3277

3241

5250

5911

6497

Импорт

3686

3561

3806

4241

4301

Сальдо


-409

-320

1194

1670

2196






1998

1999

2000

2001

2002

2003

Тауар айналымы

9786

9279

14177

15010

16199

21226

Экспорт


5436

5592

9126

8647

9709

12900

Импорт

4350

3687

5051

6363

6490

8326

Сальдо


1086

1905

4075

2384

3219

4574

Америка Құрама Штаттар экономикасындағы рецессияның салдарынан әлем нарықтарында баға жағдаятының біршама төмендеуіне қарамастан, Жапониядағы және Еуроаймақта өсімнің баяулауы жалғасып жатқан 2001 жылы Қазақстанда соңғы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде экономикалық өсімнің ең жоғарғы қарқынына жетудің сәті түсті. Жалпы ішкі өнім нақты өсімі алғаш рет 13,2% құрады. Бұл өсім өнеркәсіп және ауылшаруашылығындағы өндіріс өсімінің жоғарғы қарқындарының есебінен қамтамасыз етілді.

Байланыс қызметінің көлемі 38,5% өсіп, бөлшектік тауар айналымының көлемі 14,2% жетті.

Өндірістің айтарлықтай өсуі тау-кен өндірісінде (17%) және өңдеу өнеркәсібінде (14%) байқалды. Мұнай мен газ өндірудің көлемінің ұлғаюы көмірсутегі шикізатының экспортынан түсетін кірісті былтырғы жылдың деңгейінде сақтап тұруға, ал дайын өнімді өндірудің ішкі өндірісінің дамуы тұтыну нарығының өсуі жағдайында импорттың көбеюін тежеді.

Соңғы екі жылда Қазақстанда мемлекет импорт алмастыру саясатын белсенді жүргізді, нәтижесінде отандық кәсіпорындар барлық қуатымен жұмыс істеп, жаңа жұмыс орындары пайда болып, экономиканың нақты бір секторында іскерлік белсенділіктің артуын қамтамасыз етті. Қолда бар және жаңадан пайда болып жатқан салаларды қорғай отырып, мемлекет отандық өндірушілерге өнімдердің саласын арттырып, сыртқы рынокқа шығуына жағдай жасап, сөйтіп еліміздің экспортық потенциалын кеңейтуде.

Мемлекет тарапынан жәрдемнің берілуі тамақ және жеңіл өнеркәсіптің, ауылшаруашылығының өнімдерін өңдеу өнеркәсібінің дамуына ықпалын тигізді. Алайда сырқы сауданың нашар дамыған инфрақұрылымын бәсекеге қабілетті өнімдерді таяу және алыс шетелдердерге шығару және маркетингтің, заманға сай тәсілдерін тиімді пайдалану мүмкіндіктерін шектейді.

Қазақстан Республикасының статистикалық Агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек Қазақстанның 2001 жылы тауар айналымы алдыңғы жылмен салыстырғанда 6% артып, 15млрд. Америка Құрама Штаттар долларын құрады сауда балансының жағымды балансы 2,4 млрд. долларды құрады.

Ал тәуелсіздігіміздің өткен 10 жылындағы экспортымыздың құрылымына келетін болсақ, экономикамыздың шикізатқа бағытталуының күшейгенін және экспорттың тауарлардың шектелген бір тобына шоғырланғанын байқауға болады. Әлемдік рыноктағы негізгі экспорттық позициялар бұрынғысынша шикізат, мұнай, металл мен астық болып отыр.

2001 жылы минералды өнімдер, жалпы экспорттың 82,5%; азық-түлік тауарлары және оларды өндіруге арналған шикізаттар 5,2%; химия өндірісі өнімдері 4,8%; асыл және жартылай асыл тастар, асыл металлдар 3,1% құрап экспортың бағытталуы сақталды.

Астықты экспорттау көлемінің айтарлықтай қысқаруына, егіннің аз жиналуы және Ресей Федерациясы жағынан сұраныстың төмендеуі әсерін тигізді.

2001 жылы импорттық тауарлардың құрамының 28,5% машина мен құрал-жабдықтар, электротехникалық құрал жабдықтар; 9,7% көлік құралдары; 14% пластмасса мен каучукты қосып алғандағы химиялық өнімдер; 14,3% минералдық өнімдер құрады.

2001 жылы жалпы экономикалық өсімге жағымды әсер еткен негізгі факторларды да айта кеткеніміз жөн болады.



  • еліміздегі берік саяси тұрақтылық;

  • жекелеген тауар рыноктарындағы әлемдік бағаның тиімді жағдаяты мен қолайлы инвестициялық климат;

  • жеке кәсіпкерліктің жаппай дамыуы, импорт алмастыру саясаты мен отандық тауар өндірушілердің бәсекелік артықшылықтарының артуы;

  • халықтың өмір сүру деңгейінің жақсару нәтижесінде ішкі сұраныстың артуы;

  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының басқа елдеріне қарағанда экономикалық дамудың жоғарғы қарқыны;

Қазіргі әлемдік экономикада елдердің минералды-шикізат саясаты негізгі төрт экспорттық, импорттық, изоляциялық, теңестірілген моделге негізделген. Импорттық саясатты Америка Құрама Штаттары, Жапония және тағы басқалар дамыған елдер, изоляциялық саясатты Оңтүстік Африка Республикасы, бұрынғы Кеңес социалистік республикалар одағы, Қытай, ал теңестірілген саясатты Канада, Австралия, Норвегия ұстанады. Осылардың ішіндегі экспорттық моделді қарастырсақ. Бұл модель жағдайында өндіруі басқа елдерге қарағанда бәсекеге қабілетті шикізат базасы сыртқы рыноктың мүддесі үшін пайдаланылады және бұл экономиканы минералды шикізат ресурстарының әлемдік бағасының кез-келген ауытқуына тәуелді етеді.[16]

Таяу жылдарда Қазақстанның болашағы ірі мұнай-газ кеніштерін зерттеп, игерумен байланысты өте зор. Осы себептен де отандық эканомиканы дамытудың жақсы бір мүмкіншілігі туып тұр.

Сыртқы сауданың географиялық бөлінуі де маңызды рөл атқарады. Экспорттағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үлесі 2000 жылы 26,5%-тан, 2001жылы 30,4 % артқан, керісінше импорттағы үлесі кеміген . Ал 2002жылы қаңтар-сәуір айларындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының экспорттағы үлесі 27 %, импорттағы үлесі 47,4%, ал осы көрсеткіш 2001жылы сәйкесінше 31,8% және 55,6% құраған.

Экспорттың айтарлықтай үлесі оффшорлық аймақтарға бағытталған. Мысалға: 2001жылы олардың үлесіне 19% тиген. Бермуд және Виргин аралдарының Қазақстан Республикасының экспортындағы үлесі олардың экономикалық потенциалына сай келмейді. 1998-2001жылдары Бермуд аралы тұтас экспорттың 12 % тұтынған, ал мысалға сол кездегі Ұлыбританияның үлесі 4,2% құраған. Қазақстанның мұнай жеткізушілері еліміздің теңіз портының алыстығынан, сәйкес жүк кеден декларациясын толтырып, Қазақстан шекарасынан өткеннен кейін, оффшорлық аймақтарда орналасқан еншілес кәсіпорындардың делдалдың көмегін пайдалануға мәжбүр болып отыр. Бермуд және Виргин аралдары Қазақстаннан жасанды түрдегі төмен бағамен экспортталып келген шикізатты әрі қарай қайта сататын оффшорлық аймақтар ретінде танылып отыр. Экспорттаушылардың осындай қызметін мемлекеттік органдармен реттеуге мүмкіндік болмай тұр. Ал бұл жағдай экспорттың шикізатқа бағытталуын сақтап қана қоймай, трансферттік бағаларды пайдалану салдарынан Қазақстанның тікелей экономикалық қауіпсіздігіне қауіп тудырады.[32]

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің рыногы. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, жаңа тәуелсіз мемлекеттер екі бағытты таңдады: біріншісі – бұл өздерінің шикізат ресурстарындағы кемістікті барынша алып тастау, екінші - бұл әлемдік рынокқа қайта бағытталу.

Бүгінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы әріптес елдері арасындағы қатынас олардың өздерінің ұлттық мүдделерін есепке алып жүргізіп жатқан экономикалық саясатын өзара сыйлау қағидасына құрылған. Осылай бола тұра Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдері жағынан сауда режимдерін унификациалауға деген ерекше талпыныстар байқалмайды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шегіндегі Қазақстанның тауар айналымы негізінен Ресей мен 2-3 көрші елдермен ғана шектеледі. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шегіндегі экономикалық интеграцияның деңгейін жеткіліксіз және нақты байыпты түзетуді қажет етеді деп бағалауға болады. Осылайша, ол ұлттық экономиканың қажеттіліктеріне жауап бермейді.

Сонымен қатар жаңа елдерге тән жаңа тенденцияны, яғни алыс шетелдердің рыноктарына бағытталуын айта кеткеніміз жөн. Егер 90-шы жылдың басында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерімен арадағы тауар айналымы 69%; алыс шетелмен 31% құраса, 1997 жылдан бастап алыс шетелдермен сыртқы сауда байланыстарымызды дамытуға бағытталды. Осындай сыртқы сауда легінің қайта бағытталуы көп жағдайда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдеріне келетін экономикалық пайдаға байланысты.

2001жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің экспорттық-импорттық операцияларының динамикасы әлемдік рыноктағы ахуалдардың даму тенденциясын бейнелейді. Энергоресурстардың әлемдік рыногының жағдаятының әлсіреуі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің сауда операцияларының әсіресе экспорттың өсу қарқынын тежеді. Егер 2000 жылы экспорттың құндық көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 39%, импорт 15% өссе, 2001жылы қаңтар-қараша айларында осы көрсеткіштер сәйкесінше 1% және 16% құраған.[33]

2001жылдың 11-айындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің жалпы экспортының көлемі 131млрд. Америка Құрама Штаттары долларына импорт 73 млрд. долларға бағаланды. Бұл 2000 жылы кезеңіндегіден сәйкесінше 2 млрд. және 10 млрд. көп.

Егер 1994-1998 жылдары Ресейге жіберілген Қазақстан экспортының жыл сайынғы үлесі 39,3%, ал Ресейдің импорттағы үлесі 45,2% құраса, 90-шы жылдың екінші жартысынан бастап Еуропа елдерінің Қазақстанның жалпы тауар айналымындағы үлесі 75%, оның ішінде Еуропа Одақ елдерінің үлесі 30% құраған. 2001 жылы Ресейге кеткен экспорт 20,2%, ал Еуропа мен Еуроаймаққа сәйкесінше 31% және 19,8% құраған.


2.2. Қазақстанның экспорттық өндірісін дамыту
Мемлекеттің экономикалық стратегиясында маңызды орынды алыс және таяу шетелдермен сыртқы экономикалық қатынасты реттеуге және дамытуға, елдің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысуына бағытталған, экспортқа бағытталған саясат алады. Экспортқа бағытталған стратегияның негізгі мәселесі ретінде келешегі зор экспорттық салаларды табу, экономикалық өсімнің жоғарғы қарқыны мен үнемі сұранысқа ие болатын бәсекеге қабілетті, сапалы өнімді шығару жолымен өндірістің тиімділігіне қол жеткізу болып табылады. Тек қана экспорттық потенциалды дамыту ұлттық валютаның айналуы мен нығаюының экономикалық қиындықтарын түпкілікті шешеді және отандық экономика мен халықтың әл-ауқатының артуын қаржыландырудың сыртқы көздерін құрады.

Еліміздің экспортқа бағытталуы еліміздің басқа елдермен өнімдер мен өндірістің әлемдік рыногында өз орындарын жаулап алуға бағытталған экономикалық байланысының сипатын көрсетеді. Экспортқа бағытталудың процесс ретіндегі мәні мынадан бір жағынан экономиканың ашықтығы мен қолғалысынан, ал екінші жағынан осы қозғалыс кезінде еліміздің белгілі бір макроэкономикалық жүйелерін жақындастыру мен экономикалық қатынастарды қолдаудан тұрады.

Экспортқа бағытталған саясаттың мақсаты ретінде экономикалық өсімнің жоғары қарқынымен үнемі өсіп отырған сұранысқа ие немесе әлемдік рынокта тұрақты сұранысқа ие өнімнің түрін шығару жолымен өндірістің тиімділігіне қол жеткізу болып табылады. Бұған алдымен бір жағынан өндірістің тиімділігінің өсуінің көзімен факторлары дұрыс анықталған, екінші жағынан әлемдік рыноктағы бәсекелік таластағы ұлттық салыстырмалық артықшылықтарды таба білген жағдайда қол жеткізуге болады.

Экспортқа бағытталған өндіріс деп - өндірістік қызметті бәсекеге қабілетті, сапалы өнімді шығарып, оны ішкі дамудың мәселелерін есепке ала отырып сыртқы рынокқа өткізуге, еліміздің экономикасын жандандыруға, отандық өндірістің өнімдеріне сұранысты кеңейтуге, экономикалык қатынастарды ұлттық, сонымен қатар халықаралық аспектілерде дамытуға бағытталған кәсіпорынды айтамыз. Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту жүйесімен елдердің ұлттық экономикасы әлемдік экономикаға ықпалдасуы арқылы өзара бірігіп әрекет етуге, өзара сіңісуге мүмкіндік алады. Экспортқа бағытталған өндірісті дамытудың басымдықтары келтірілген.[29]

Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту ғылыми-техникалық алға басуды жеделдетудің, отандық өндірістің алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтарға, жаңа техникалық процесстерге, шикізат пен материалдарға деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың мәселелерін шешуге, экономиканың аса маңызды және келешегі зор салаларындағы қуатты жетілдіруге, басқару мен маркетингтің жаңа тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік беретін халықаралық қатынастардың кеңеюінің нәтижесі деп түсінеміз.

Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту еліміздің валюталық түсімдерін арттырады, сыртқы рыноктағы елімізге жағымсыз бәсеке шарттарын барынша жеңіл етуге және осыған байланысты басқа да өндірістердің тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады. Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту осыған жататын салалардың дамуына әкеледі.

Экспортқа бағытталған өндірісті көлемі бойынша ірі, орташа экспортқа бағытталған өндіріс және экспортқа бағытталуды қажет ететін өндіріс деп бөлуге болады.

Өндірістің қай топқа жататынын оның мынадай салыстырмалы артықшылықтарына: өндірістік потенциал, шығаратын өнімдерінің әртүрлілігі, өндіріс көлемі, қуатты пайдалануы, қызметкерлердің біліктілік деңгейі, кәсіпоррындағы жұмысшылардың саны, орташа айлық жалақысының деңгейі, қалыптасқан шаруашылық байланыстарының жемісі, өнімнің бәсеке қабілеттілігінің деңгейі, инвестициялық қамтамасыз етілу дәрежесі, ғылыми-техникалық даму, өндірістегі экспорттың үлесі, импортқа тәуелділігі, валюталық түсімдеріне т.б. қарап анықтауға болады.

Экономикалық саясаттың ұзақ мерзімдік мәселесі еңбек пен капиталды қажет ететін өндірістен, технология мен ғылымды қажет ететін өндіріске көшу, импорт алмастыру саясатын белсенді жүргізу жолымен республиканың өңдеуші саланың өнімдерінің импортына тәуелділігін жоспарлы түрде төмендетуден тұрады.

Импорт алмастыру өндірісін дамыту еліміздің экономикасын көтерудің келешегі зор бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі таңда Қазақстан аймақтарында импорт алмастыру бағдарламасын дамыту саласында және кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін жандандыруда белсенді жұмыстар атқарылуда. Импорт алмастыру бағдарламасын қолдау және дамыту мақсаты бюджеттен тыс қорлар мен жергілікті бюджет қаржылары есебінен биліктің жергілікті органдары арқылы жүзеге асырылады.[39]

Бірақ та қаржылық шектеу жағдайында шаруашылық қызметті ынталандыру үшін үнемі қосымша қаржы көздерін іздестіруге тура келеді. Әрі қарай нысаны мен бағыты әртүрлі болып келетін жергілікті билік органдары тарапынан кәсіпорындарға берілетін экономикалық көмек, шаруашылық субъектілерінің жағдайын жақсартуға себін тигізеді.

Импорт алмастыру саясатын жүзеге асыру отандық өндірістің құрыла бастауына, жағымды нәтижелерге қол жеткізуге әкеп соқты. Қазіргі кездегі республиканың экономикасы импорт алмастыру өндірісін дамыту кезеңіне өтумен сипатталатын дамудың сапалы, жаңа кезеңіне аяқ басты.

2002 жылы нақты жалпы ішкі өнім 2001 жылы салыстырғанда 9,5% өсті. Бұл өндірістің тұрақтануы мен экономикалық өсудің болғанын білдіреді. Соңғы үш жылдағы экономикадағы алға жылжушылықтар экспорттың көлемінің артуымен, өнеркәсіптік өндірістің инвестицияның жоғары қарқынды өсуімен байланысты.

2002 жылы жалпы ішкі өнімнің 9,5% өсу кезінде негізгі капиталдағы инвестиция 19,1% өскен. Жалпы ішкі өнімнің құрылымында айтарлықтай өзгерістер болған. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағы 2002 жылы 34,1% құрады, ал бұл көрсеткіш 1991 жылы 27,1% құраған. Сонымен бірге осы жылдардағы ауылшаруашылығының үлесі 3,6% есеге, ал құрылыс 1,8% есеге қысқарған. Соңғы бес жылдағы жалпы ішкі өнімнің құрылымындағы жалпы өндірістік тауарлардың үлес салмағы 52,8 %-дан, 46,2% төмендеген(5-кестені қараңыз).[13]

Сонымен қатар жалпы ішкі өнімдегі қызметтің үлесі 1991 жылы бастап бірте-бірте өсіп, 1997 жылы өзінің ең жоғарғы шегіне жетіп, 57,5% құраған. Қызметті өндіретін салалардың жалпы ішкі өнімдегі үлесінің артуы біріншіден, тауарға деген бағадан қызметке деген бағаның асып түсуімен, екіншіден, нарықтық экономикаға тән қаржылық және басқа да делдалдық қызметтің тез дамуымен түсіндіріледі.

2002 жылы әр түрлі меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың негізгі капиталдарына 1193 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйылған немесе 2001 жылы деңгейіне қарағанда 119,1% артық. Заманға сай экспортқа бағытталған өндіріске инвестициялық салымдардың үнемі өсіп отыруы тән құбылыс.


Кесте 5.

Негізгі капиталдарға салынған шет ел инвестициялары.




Көрсеткіштер

1994

1995

1997

1998

1999

2000

2002

ІЖӨ

82,2

91,1

101,7

98,1

102,7

109,8

109,5

Өнеркәсіп өнімдері

71,9

91,8

104,0

97,6

102,6

115,5

109,8

Негізгі капиталға деген инвестиция

84,9

57,5

111,6

141,9

133,1

148,5

119,1

Тікелей шетел инвестициялары (млн.долл.)

653

948

1147

1236

1850

2751




Өткен жылға % түрінде

134,2

145,2

115,0

107,7

149,6

148,7




Экспортқа бағытталған стратегияның мәселесі ретінде келешегі зор экспорттық саланы анықтап, өнеркәсіптік потенциалды тиімді пайдалануды іздеп, экономикадағы құрылымдық өзгерістерді интенсификациялау болып табылады.

Қазіргі кездегі экономиканың жаңа салаларын құру, жаңа технологиялық қайта бөлісті ұзақ мерзімдік жүйелік инвестициялау арқылы жүзеге асырылатын экономиканың бәсеке қабілеттілігін арттыру жолымен шешілетін сапалы және жедел дамудың мәселелері, экономиканың дамуына ұзақ мерзімдік қаржыларды салуды қажет етеді. Нарықтық жүйенің қалыптасуының бүгіндегі шарттары мынандай, тұрақты экономикалық өсім алдымен ішкі инвестициялық потенциалды тиімді пайдалануына байланысты болып келеді.

Өңдеуші өндірістің бәсеке қабілеттілігінің әлсіреуі, экономикалық өсімнің қарқынының теңселуі экспортталатын өнімнің құрылымында шикізат экспортының тым көп болуынан туындауы мүмкін.

Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту мыналарға бағытталған:


  • отандық өндірістің өнімдеріне сұранысты кеңейту, ал бұл өз кезегінде өндірушілерді ынталандырады және еңбек нарығындағы жағдайды жақсартады.

  • әлемдік рыноктағы экономиканы дамытудың жаңа сапасы, яғни бәсеке күресіндегі ұлттық өндірістің өміршеңдігін айқындау.

Әлемдік рыноктағы өзге де бәсекелік позицияларды жаулап алу өнімнің сапасын жақсарту, өндірумен сатуды кеңейту, жаңа рыноктарды игеру бойынша шараларды жасауды қажет етеді. Ал бұл өз кезегінде халықаралық ИСО стандарттарына жетуге мүмкіндік береді.

Экспорттық өндірісті дамыту мен кеңейту экспорттаушыларға салықтық жеңілдіктер мен экономиканың экспорттық секторын дамытуға ұзақ мерзімдік жеңілдетілген несиелерді беру арқылы ынталандырылады. Экспорттық баждан түсетін кірістер мен экспорттық өндірісті қаржыландырудың көзі ретіндегі шетел несиелерін бөлудің сәйкес механизмдерін және сыртқы экономикалық қызметтің заманға сай өндірістік және экономикалық инфрақұрылымын құруға арналған мемлекеттік инвестицияларды пайдалану жолымен экспортқа бағытталған өндірісті дамытуға болады.

Мемлекеттің экспортқа бағытталған стратегиясының негізгі мақсаттарының бірі ретінде ұлттық өндірістің озаттарын тауып, оларды сыртқы әлемдік рыноктың озатына айналдыру болып табылады.[40]

Ішкі рынок пен әлемдік экономикалық ахуалдарды, мемлекеттің ағымдағы және стратегиялық міндеттерін бақылай отырып, үкімет мемлекеттің экспортқа бағытталған сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын экспортқа бағытталған саясатты жасайды.

Экспортқа бағытталған сыртқы экономикалық саясат мемлекеттің қаржы-бюджеттік, валюталық, құрылымды-инвестициялық, ақша-несиелік, бағалық, аймақтық саясаттарымен бірге жасалуы тиіс.

Мемлекеттің құрылымдық саясатының басымдықтары, отандық экономиканың салыстырмалы артықшылықтарымен сәйкес келуї міндетті және жаңа технологиялық әдет-ғұрыптың таралуы негізіндегі ғаламдық техника-экономикалық дамудың объективті бағыттарына ілесуі керек. Экономика мен ғылыми зерттеулерді мемлекеттік қаржыландыруды осы басымдықтарды жүзеге асыруға және сәйкес мақсатты бағдарламаларды орындауға шоғырландыру қажет.

Кәсіпорынның табысты қызмет етуі, шығарылатын өнімнің сапасын көтеру, өндірістік қуатты ұлғайту, өнімнің бәсеке қабілеттілігіне қол жеткізу және рыноктағы орнын нығайту капиталдық салымдарды қажет етеді. Сондықтан да мұқият инвестициялық стратегияны жасау қажет және оны нақты мақсаттарға жету үшін, үнемі жетілдіріп отыру қажет. Фирмалар мен атқарушы билік органдарының инвестициялық қызметі белгілі бір қызмет саласында капиталды көбейтуге бағытталуы тиіс.

Инвестициялық салымдардың тиімділігі былай сипатталады: халық пен бюджеттің кірістерінің өсуі, жұмыспен қамтылудың өсуі және басқа да факторлар. Инвестициялардың серпіні тұтынуға жұғымды, әлемдік рыноктағы жоғарғы сұраныстың нәтижесі ретіндегі белгілі бір ресурстардың экспортының өсуі инвестициялардың соның ішінде тікелей шетелдік инвестициялардың өсуіне әкеліп соғады.

Мемлекеттің құрылымдық саясатын жүзеге асыру мен қалыптастыру жеке инвестициялық белсенділікті алғышартының жиналуына және келешегі зор жаңа технологияларды меңгеру базасында экономикалық өрлеуге кепілдік беру қажет. Қолда бар ресурстарды келешегі зор бағыттарға шоғырландыру, өндірісті жаңарту арқылы ішкі және әлемдік рыноктағы қатал бәсеке күресі жағдайында жұмыс істей алатын бәсекеге қабілетті шаруашылық ұйымдарын қалыптастыруды қамтамасыз ету өте маңызды.

Осы мәселелерді шешудегі қажетті іс-шаралар, бағдарламалар, мемлекеттік тапсырыс, бюджет қаржылары секілді тікелей мемлекеттік әсер етумен шектеліп қалуы тиіс емес.

Ең бастысы жаңа техникалық тәртіптегі өндірісті меңгерудегі жеке бастамаларды, тиімді қолдау тиісті бағыттағы кәсіпкерлердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру болып табылады. Соңғы жылдардағы экономикалық реттеудің тәжірибесі көрсетіп отырғандай шетелдік жеке инвестициялар жоғары құнды өнімді шығаратын бәсеке қабілетті өндірісті құруға жұмсалмайды.

Шетелдік капиталға өзінің өндірісіне бәсеке өндірісті құрудың ешқандай мағынасы жоқ. Шетелдік капитал экономиканың нақты секторын ірі масштабты ұзақ мерзімді инвестициялармен қамтамасыз етпейді. Нәтижесінде өндірістік сектордан қаржылық капиталдың бөлінуі жүреді, бұл республиканың ұлттық мүдделеріне қауіп тудырады.[14]

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясының жүзеге асыру механизмі республикалық және басқарудың жергілікті деңгейінде негізделген нақты және жан-жақты қабылданған шешімдерге сүйенеді.

Дамудың алға қойған мақсаттарына қол жеткізу процессі кезіндегі басқару органдары тарапынан болатын нақты іс-әрекеттер мен шараларға мыналарды жатқызамыз:

дамудың экспортқа бағытталған жобаларына инвестицияларды тарту үшін жағымды жағдайларды туғызу;

қайта құру бағдарламаларының орындалуын бақылау және қалыптастыру;

аймақтық өзін-өзі басқарудың деңгейін көтеру;

өнеркәсіптік потенциалды тиімді пайдалану бойынша бағдарламаны қабылдау және жүзеге асыру;

тауар, қаржы және еңбек ресурстары мен қаржылардың еркін қозғалуы мақсатында еңбек рыноктарындағы аймақтық және аймақаралық бәсеке деңгейінің өсуіне көмектесу.

Қазіргі таңда алдыңғы қатарлы техника мен технологияны, сонымен қатар басқару тәжірибесін игеру жоғарғы жалпы кірістен маңыздырақ болып келеді.

Экспорттық өндірістің дамуының басталуымен қатар, ғылымды қажет ететін импорттық өнімдердің бірқатарын шектеу керек. Шетелдік фирмаларға осындай өнімдерді біздің елде шығаруына жол ашуымыз қажет. Бірақ шығарылатын заттың бір бөлігі отандық заттардан құралуы қажет. Осылайша отандық өндірістің үлесін көбейте отырып, ғылымды қажет ететін өнімді экспортқа шығаруға мүмкіндік туады.

Экспортқа бағытталған өндірісті дамыту стратегиясында маңызды орынды технологияның дамуын және олардың артынан ілесіп келе жатқан технологиялық жаруды болжай алады. Өйткені технологияларды жасау мен меңгеру күрделі процесс болып табылады.

Технологияларға инвестиция салу туралы шешім әдетте технологиялық шарықтаудың немесе оның көмегімен коммерциялық табысқа жетудің уақытына дейін 5-10 жыл бұрын қабылданады. Бұл жерде маңызды орынды экономиканың құрылымды дамуының негізгі қағидалары алады:


  • құрылымды дамудың нысанының жалпы ұдайы өндірістің типіне тәуелділігі қағидасы;

  • дамудың циклділігі қағидасы.

Өнеркәсіп өндірісіндегі нақты өзгерістерді есепке ала отырып, бәсекелік артықшылықтарды жүзеге асыру стратегиясы мен Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылық байланыстарына ықпалдасуы мынандай бірқатар бағыттарды қосады:

  • дәстүрлі машина техника экспортын, соның ішінде техникалық көмек беру объектілері үшін мемлекеттің қолдауы негізіндегі құрастырушы жеткізілімдерді тұрақтандыру;

  • жұмыс күші, өндірістік қор, технологиялық білім, материалдық ресурстар секілді өндірістің негізгі факторларының арзаншылдығына байланысты бәсекелік артықшылықтарға әсер ету.

Осылайша елдер мен мемлекеттер арасындағы экспорттық қатынастар экспортқа бағытталған өндірісті дамыту нәтижесінде дами бастайды. Бұлардың дамуы халықаралық қатынастарды кеңейтеді, ғылыми-техникалық үдеуді жеделдетеді, отандық өндірістің озық құрал-жабдыққа деген қажеттілігін өтейді, экономиканың аса маңызды және келешегі зор салаларындағы қуатты жетілдіреді.

Экспортқа бағытталған өндірістің қызметінің табысты дамуы, көп жағдайда Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған бағдарламасына, жекелеген бәсекеге қабілетті өндрістер бойынша инновациялық даму негізінде нақты іс-шараларды жүргізуге байланысты болып келеді.


2.3. Экспортты ынталандыру және дамыту жолдары.
Дамыған нарықтық экономикалы елдердің сыртқы сауданы реттеу жүйесіндегі негізгі орынды ұлттық экспорттаушыларды ынталандыру тәсілдері алады. Бұл тәсілдер әр түрлі болып келеді.

Экспортты көтермелеудің негізгі құралы болып: субсидиялау, экспорттық-импорттық операцияларды сақтандыру мен несиелеу; салық жеңілдіктері, сонымен қатар капиталдарды әкету мен әкелуді ынталандыру, тауарларды өндіру мен өткізуге мемлекеттің белсенді қатысуы, экспорттық өндіріске ұзақ мерзімді капиталдар салу.[20]

Экспорттаушыларға қаржылық көмек беру кеңінен таралуда. Бұл экспорттаушы фирмаларға әртүрлі қаржы қызметтерін көрсету, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу арқылы қамтамасыз етіледі. Халықаралық ұйымдардың тиым салуына қарамастан, кейбір елдер экспорттаушыларға мемлекеттік бюджеттен ішкі рыноктағы жоғары бағамен әлемдік рыноктағы сол тектес тауарларға деген төменгі бағаның арасындағы айырмашылықты жабу үшін субсидия беруге ұмтылады. Субсидия экспорттаушыларға шығарылатын тауарлардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді және осындай жолмен өз экспорттарын кеңейтуге, ал жеке фирмаларға қиындық туғызатын рыноктарға енуіне мүмкіндік береді. Осы тәжірибені антидемпингтік конвенциялар да ұстанады. Сондықтан да оған қол қойған елдер басқа тәсілдерді іздейді.

Ұлттық тауарлардың экспортын субсидиялаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып ұлттық валютаның бағамын төмендету болып табылады. Бұндай тәсіл Жапонияда шетел рыноктарын жаулап алу үшін әрқашанда қолданылып келген. Осылайша көптеген елдер экспорттық жеткізілімдерді тікелей субсидиялаудан ауытқып, ғылыми зерттеулерді дамытып және оларды өнеркәсіпте пайдалануды қамтамасыз ете отырып, ынталандыруды жоғарғы экспорттық бағытталуы бар өндіріс саласына ауыстырады.

Мемлекеттік несиелеудің нысандары.

Экспортты ынталандырудың ішіндегі маңызды орынды мемлекеттік несиелеудің әр түрлі, соның ішінде жеңілдетілген нысандары алады. Бұл экспорттаушыларға мемлекеттік банктер мен мемлекеттің қатысуымен құрылған арнайы қаржы мекемелері арқылы орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру арқылы қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бұл экспорттық несиелерге сәйкес заңдарға сай мемлекеттік кепілдікті табыстау жолымен де жүргізіледі. Бұл дегеніміз экспорттық несиенің құнын 80-90% жабатын ірі келісім-шарттар бойынша барлық тәуекелді (яғни экономикалық, саяси) өз мойнына алады.

Мемлекеттік несиелеуді ұлттық мемлекеттік банктердің жүргізуі міндетті емес. Мысалға, Жапонияда белгілі бір шарттар орындалса ұлттық банк коммерциялық банктерді қаржыландырады, ал олар өз кезегінде экспорттық компаниялар мен фирмаларға несие береді. Жапонияның экспорттық-импорттық банкінің орта және ұзақ мерзімді несиелендіруінің негізгі объектісі болып, құрал-жабдықтар мен машиналар және олардың бөлшектері, жаңа индустриалды елдердегі өнеркәсіп объектілерін салудың техникалық көмегі шегіндегі келісімі табылады. Сонымен қатар бұл банктің қызмет аясына шикізат тауарлары (мұнай, газ, көмір) және металл сынықтарының импорты мен айналысатын фирмаларды несиелеуде кіреді.

Америка Құрама Штаттарының экспорттық-импорттық банкі шетелдік борышкерлердің құрал-жабдықтар сатып алуына, қызмет немесе техникалық сипаттағы ірі жобаларды жүзеге асыруың қаржыландыру үшін ұзақ мерзімдік, яғни 5-10 жылға дейін ссудалар береді. Сонымен бірге Америкалық бағдарламалар бойынша несиелер, мысалға “Тікелей ссуда” бағдарламасы бойынша шетелдік сатып алушыларға немесе сауда делдалдарына 5млн. доллардан кем емес көлемде беріледі және бұл келісім-шарттың 85% -ға дейінгі құнын жабады.[23]

Америка Құрама Штаттарының экспорттық-импорттық банкісінің “Орта мерзімдік несие” бағдарламасы шегінде экспорттаушының банкісіне 5жылға келсім-шарттың 100% құнына дейінгі сомада несие береді немесе мәміледен пайда болатын борышкерлік міндеттемесін өзіне жүктейді. Сыртқы сауда мәмілелерінің кепілдендірілген сомасының орташа пайызы батыс елдерінде 90%, экспорттық тауарларды шетелдік сатып алушыларға несие беру бойынша 95-100% жетеді. Орташа жылдық өсім 10% болған кездегі жоғарғы кепілдік мерзімі 15жылды құрайды.

Экспортты сақтандыру.

Экспортты ынталандырудың маңызды ерекшелігі болып, халықаралық іс-тәжірибе де күшейіп отырған коммерциялық және саяси тәуекелдіктерге, сонымен қатар жеткізілімнің ұзақ мерзіміне байланысты экспортты сақтандыру болып табылады. Соңғы жылдары сақтандырудың рөлі өсіп отыр. Әсіресе бұл көптеген елдердің валюта-қаржылық жағдайына, несиелерді қайтармауына, әлемнің жекелеген аймақтарындағы әскери қимылдар мен елдегі саяси тұрақсыздыққа байланысты болып келеді.

Көптеген елдерде сақтандырумен жартылай мемлекеттік (сақтандыру қоғамдары) айналысады. Сақтандыру тәуекелдігінің артуына және онымен байланысты шығындардың көбеюіне қарамастан көптеген дамыған елдердің сақтандыру қоғамдары, сақтандыру жарнасын көтеруге бармай отыр. Сондықтан да Америка Құрама Штаттары, Жапония, Батыс Еуропаның сақтандыру ұйымдарының жүріп келе жатқан негізгі жолы – сақтандыру түрлері мен көлемін кеңейту, сатып алушының төлем қабілеттілігін анықтайтын жүйені жетілдіру болып табылады.

Сақтандыру тәуекелдігін жабу деңгейі олардың сипатына мәміленің көлеміне байланысты, әрі ол әр елде әр түрлі. Мысалға Францияда комерциялық тәуекел кезінде шығын 80-85%, саяси және экономикалық 100%; шет ел рыногын зерттеуге байланысты 50-60% көлемінде қайтарылады.

Сыртқы сауданы сақтандыратын Францияның компаниясына түсетін пайда ретіндегі салықтық түсімдер жеке тұлғалар, фирмалар мен компанияларға саяси тәуекел бойынша 0,25%, коммерциялық бойынша 0,85%, валюталық бойынша 0,648 - 0,36% құрайды. Ал мемлекеттік ұйымдар үшін өсімдер 0,5% көбейтілген.

Америка Құрама Штаттарында экспорттық-импорттық банк пен экспорттық несиелерді сақтандыру Ассоциациясы саяси және коммерциялық себептер бойынша 90-100%, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша 98% шығындарды жабады.

Жапонияда сыртқы сауда операцияларын мемлекеттік сақтандырудың тоғыз түрі бар, олардың алтауы экспорт бойынша. Мемлекеттік экспорттық сақтандырудың мәні бұл жерде сатып алушы қабылдаған шарттарды орындай алмаса келісім-шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін шығындарды үкіметтің өзіне алу ретінде көрініс табады.

Салықтық және өзге жеңілдіктер.

Экспортты ынталандырудың тәсілдері болып әр түрлі салықтық жеңілдіктер де табылады. Оның мәні экспорттық тауарларды жеткізушілердің экспорттық операциялардан түскен ағымдағы пайдаға салық салмау, амортизацияға женілдік шарттар беру, экспорттан түскен қаржыны арнайы салық салынбайтын есеп-шотқа аудару, шағын және орта кәсіпорындардың экспорттық өнімдері үшін шетелдік рынокты дамытудың резервін құру және шетелде инвестициялаудың келген шығынды жабу үшін қор құру болып табылады.

Экспортты ынталандырудың халықаралық тәжірибесінде қаржы жеңілдігі тәсілі кеңінен қолданылады. Бұл дегеніміз экспорттық өндіріске қажетті шикізатты импорттау кезінде төленген кеден баждары мен салықтарды қайтару және елдегі жетіспейтін материалдарды жанама салықтардан босату.

Көптеген батыс мемлекеттері ұлттық экспортты ынталандыру мақсатында негізі әр түрлі Үкіметтің дамушы елдерге көмек бағдарламасының негізінде мемлекеттік қаржыландыруды жүзеге асырады.

Соңғы он жылда дамыған мемлекеттердің де өндіріс қуатының шетелден ағылуына ден қойып отыр. Дамыған елдер капиталды белсенді экспорттаушылар бола тұра, шетел инвестицияларының келуіне ынталандыру шараларын қабылдайды.

Бұл көбінесе ішкі сұраныстың қажеттілігін өтеумен қатар, өнімдерінің біразын экспорттайтын өндіріске қатысты болып келеді. Мысалға Ұлыбританияда айтарлықтай қолдауға электрондық есептеу машинасын бағдарламалық қамтамасыз ету, микроэлектроника, оптика, биотехнология, робот техникасы салаларындағы шетелдік фирмалар ие болады.

Осы мемлекеттерде экспорттық потенциалды арттыру мақсатында технология мен шетел инвестицияларын одан ары тарту үшін қазіргі таңда әлемде бес жүзден асатын бажсыз кеден территориялары құрылған.

Сыртқы сауда саясаты 1980 жылға дейін шетел инвестицияларына қатысты қорғанушылық сипатта болып келген Жапонияның өзінде сыртқы сауда және валюталық айырбастаудың бақылауы туралы Заң қабылданғаннан кейін шетел инвестицияларына деген көзқарас күрт өзгерген.[14]

Ұйымдастырушылық-техникалық көмек.

Әлемдік рыноктағы қатаң бәсекелестік жағдайында ұлттық фирмаларға жаңа рыноктарды иемдену мен экспорттық операцияларының көлемін кеңейту үшін мемлекеттердің ұйымдастырушылық-техникалық көмек беру рөлі артып жатыр. Ұйымдастырушылық көмек беру механизіміне мынандай тәсілдер жатады. Атап айтсақ мемлекеттік органдар арқылы әр түрлі коммерциялық ақпараттарды беру, үкімет ұйымдарында жеке экспорттаушылардың мүдделерін білдіру, сыртқы сауда үшін кадрларды дайындау. Шет мемлекеттердің үкімет министрліктерінде экспорттаушыларға ірі тапсырыстарды алуына, оларды халықаралық сауда және оның шарттары туралы ақпараттармен қамтамасыз ететін және шетел рыногында контрагенттерді табуына көмектесетін арнайы бөлімшелері бар.

Экспортты ынталандырудың және қолдаудың мәселелерін шешуде шет елдер осы процеске мемлекеттік органдармен басқарудың барлық деңгейіндегі мемлекеттік аппаратты белсенді тартуда. Сыртқы сауда қызметі саласындағы жаңа приоритеттерді табу процесінде экспорттаушы өндірушілерді несиелеу, сақтандыру, қаржыландыру бойынша шараларды жүзеге асыратын арнайы органдар құрылады.

Қазіргі таңда отандық экспорт еліміздің көп жақты экономикалық достастықты ұйымдастыруға қатысуының кеңеюімен, сыртқы экономикалық қызметтің либерализациялануымен, іскерлік соның ішінде инвестициялық белсенділіктің сипаттарының белгілерінің пайда болуымен Қазақстан экономикасының тұрақтануы үрдісінде дамып жатыр.

Экономиканы модернизациялаудың және оның экспорттық потенциалын нығайтудың маңызды тетігі болып капиталдар салымы көлемінің үздіксіз артуы болып табылады. Экспортқа бағытталған өндірісті және экспортты ынталандырудың қосымша көзі ретінде халықаралық лизингті пайдалану арқылы инвестициялық жобаларды аралас мемлекеттік коммерциялық қаржыландыру болып табылады.

Сыртқы жағдаятты жақсартудың және Қазақстан экспортының кірістілігінің көтерудің қосымша факторы ретінде отандық өнімдерді шет елдерге жеткізудің географиясын кеңейту, экспорт кезіндегі тауарлардың кедеңдік құнын анықтаудың, оны негізсіз төмендетуін болдырмау мақсатында жүйені жасау, өндірушілер мен экспорттаушылардың салалық одағының ұсынған төменгі экспорттық бағаны бекітудің тәжірибесін кеңейту болып табылады.

Бүгінге шейін Қазақстан экспортына тежегіш әсерін тигізетін факторлар мыналар:


  • отандық өнеркәсіп өнімдерінің бәсеке қабілеттілігінің төмендігі;

  • өндіруші өнеркәсіптің көптеген кәсіпорындарының қаржылық жағдайының ауырлығы, бұл ішкі ресурстар және бәсекеге қабілеті бар өндірістің коммерциялануы есебінен келешегі зор экспортқа бағытталған жобаларды инвестициялауға мүмкіндік бермейді;

  • экспорттық өнімдердің саласын бақылау мен сертификациялаудың отандық жүйелерінің жеткіліксіз дамуы;

  • Қазақстан экспортының қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымының жетілдірілмегендігі;

  • Қазақстанның көптеген кәсіпорындарының экспорт саласындағы жұмыс тәжірибесінің және арнайы білімінің жетіспеуі және олардың сыртқы рынокқа шығуының координациялануы;

  • бұрынғы кеңестік кеңістіктегі дәстүрлі өндірістік байланыстардың үзілуі;

  • табиғи монополиялардың қызметтері мен өнімдеріне деген бағаның өңдеуші өнеркәсіптің өнімдеріне деген бағаның өсуімен салыстырғанда асып түсуі;

  • несие мен инвестициялар үшін Қазақстанның халықаралық рейтингінің төмен болуы. Бұл Қазақстан экспортын дамытуда шетел қаржысын пайдалануды қиындатады.

Қазақстан экспортының келешегі мен жағдайын анықтайтын факторлардың жиынтығын есепке алып, бір жағына экспортық қызметтегі бар кедергілер мен қиындықтарды тиімді жеңе білуге, екінші жағынан экспортты дамыту үшін Қазақстанның сыртқыэкономикалық саясаты мен экономикасындағы болып жатқан жағымды өзгерістерді барынша пайдалануға мүмкіндік беретін экспортты ынталандырудың мемлекеттік шаралардың біртұтас жүйесін құру қажет.

Осыған байланысты экспорттаушыларға мемлекеттік қолдаудың тиімді механиздерін құру келесі арнайы бірқатар мәселелерді шешуді көздейді.

Сыртқы сауда ақпараттардың жүйесін және аймақтық және шетелдік өкілдерді қоса алғандағы ақпараттық-консультациялық қызметтерді құру;

Мемлекеттің қатысуымен экспортты сақтандырумен несиелердің механизмдерінің қызмет етуін қамтамасыз ету, сонымен қатар экспорттық несиелер бойынша мемлекеттік кепілдік міндеттемелерді табыстау;

Қазақстанның экспорттық өнімдерін белсенді жылжыту мен отандық кәсіпорындардың мүддесін шетелде қорғау бойынша мемлекеттік органдардың жедел жұмысын ұйымдастыру;

Экспортты ынталандыруға байланысты біріккен шараларды өткізуге қазақстандық іскер ортаны кеңінен тарту ;

90-шы жылдың ортасында Қазақстанның алдында барабар экспорттық стратегия мен еліміздің әлемдік рыноктағы орнын нығайтатын және валюталардың тұрақты жоғарғы дәрежеде келуін қамтамасыз ететін халықаралық экономикалық достастықтың қолайлы нысаны таңдауда тұрды. Экспорттық стратегияны таңдаудан оның жүзеге асыру құралдарына байланысты, экспортты ынталандыру бойынша шаралар жүргізу мен жобалау кезіндегі акценттер өзгереді.

Қазақстанның қазіргі таңдағы мамандануы негізінен 70-шы жылы қалыптасқан және алдымен оның шикізат ресурстарымен анықталады. Осы 90-шы жылдың басында осы кешендегі жағдай геологиялық барлау жұмыстарының көлемінің қысқаруы, бар ресурстарды үйлесімсіз пайдаланғандықтан және қуаттылықтың тозуы салдарынан төмендеген. Осылардың барлығы шикізатқа негізделген еліміздің экспортының дамуына тұрақсыздық элементтерін ендіреді.

Сонымен таяу және орта мерзімдік перспективада Қазақстан экспортында шикізаттық бағыт сақталынады, ал мәселе сәйкес салалардың материалдық-техникалық базаларын бекіту болып табылады.[41]

Осы бағыттағы маңызды қадам болып отын-шикізат салаларындағы инвестициялық қызметті жандандыру болып табылады. Отын-шикізат экспортының тиімділігін арттыру ерекше мағынаға ие болады. Атап айтсақ өңдеудің тереңдігін ұлғайту және шетелге шығарылатын шикізат тауарларымен жартылай фабрикаттардың сапасын жақсарту, келісімнің бағалық және өзге де шарттарын үйлестіру, сыртқы рыноктағы жағдаятқа байланысты шикізат салаларының біртұтас экспорттық потенциалын икемді шебер пайдалану, сонымен қатар мемлекеттің қаржысынан әлемдік бағаның өзгеруіне қарсы, экспорттық резервтерді тұрақтандыратын қор құру; экспорт бойынша шығындарды азайту мақсатында көлік инфрақұрылымын жетілдіру.

Қазақстан экспортындағы отын-шикізат тауарларының басымдығы халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның нақты және аса маңызды бәсекелік артықшылықтардың объективті бейнесі болып табылады. Қазақстанның әлемдік экономикаға тең құқықты әріптес ретінде ықпалдасуы, дайын өнімнің үлес салмағын арттыру пайдасына сыртқы экономикалық айырбастың пропорциясының құрылымын жақсартуынсыз, өндірістік ғылыми-техникалық кооперация, инвестициялық достастық, инновациялық жобаларды бірігіп жүзеге асыру сияқты достастықтың тиімді нысандарын меңгерусіз мүмкін емес. Осындай себеппен Қазақстанның ұзақ мерзімді негізгі экспорттық стратегиясы болып жоғары дәрежеде өңделген тауарлардың экспорты болып табылады.

Ұлттық экспорттық стратегияның маңызды элементі ретінде еліміздің экспорттық потенциалын дамыту үшін халықаралық экономикалық достастықтың әртүрлі нысандарын қолайлы пайдалану болып табылады. Соңғы жылдары мынандай нысандар, шетел инвестицияларын тарту және біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар құру, компенсациялық негіздегі достастық, несиелік келісімдер, лицензиялық сауда, халықаралық лизинг, инжиниринг, еркін экономикалық аймақтарды құру кеңінен таралып отыр.

Экспортты дамытудың шешуші факторы ретінде тауарлардың құрылымын жетілдіру мен ассортименттерді кеңейтуге мүмкіндік туғызатын ұлттық шаруашылықтың бәсеке қабілеттілігін арттыру болып табылады. Сондықтан да өзекті мәселе ретінде отандық өнеркәсіп өнімдерінің бәсеке қабілеттілігін арттыратын, кешенді мемлекеттік бағдарлмалар мен алдынғы қатарлы технологиялар мен өнімдерді меңгеруге жеке, соның ішінде шетел капиталдарының құйылуының ұйымдастыру-құқықтық және өзге де шарттарын белгілейтін мемлекеттік коммерциялық жобаларды дайындап шығару болып табылады.

Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайы мен оның сыртқы-экономикалық қызметінің дамуының өзекті қиындықтарын есепке алып, экспортқа қаржылық көмек беру саласындағы бірінші кезектегі мәселелерге мыналар жатады:

Экспортқа бағытталған ұйымдар мен өндірістің айналым қаражаттарын қамтамасыз ету үшін тартылған өкілетті банктердің несие ресурстары бойынша кепілдік міндеттемелерді беру;

Экспорттаушыларды қорғауды қамтамасыз ету үшін коммерциялық және саяси тәуекелдерден экспорттық несиелерді сақтандыру мен мемлекеттік кепілдік міндеттемелерді табыстау;

Қазақстан экспортын ынталандыратын қаржылық көмек берудің басқа да бағыттарының арасынан мынадай шараларды қарастыруға болады;

Экспорттық жеткілізімдерді қаржыландыратын банктерге мемлекеттік кепілдіктерді табыстау;

Халықаралық саудаға қатысу үшін берілген несиелер бойынша мемлекеттік кепілдік беру;

Сыртқы рынокты игеруге байланысты операцияларды сақтандыру;

Өнеркәсіппен, одан әрі тауарлар мен қызметтердің экспортына байланысты шағымдарды арбитраждық сотта қарау кезіндегі мемлекеттік баждардың көлемін төмендету;

Қазақстандағы экономикалық өзгерістердің қазіргі кезеңінде, ашық нарықтық шаруашылықтың түпкілікті жаңа құқықтық және институциональдық негізін қалыптастырудың белсенді процессі жүріп жатқанда, мемлекеттің экспорттық қызметті ұйымдастыру және өзге де қамтамасыз ету шаралары, нормативті базаны жетілдіру бойынша мақсатты күш салуы ерекше мағынаға ие болады. Мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке, сонымен бірге сыртқы саудаға араласудың азаюына байланысты, оның осы саладағы жалпы ұлттық мақсаттар мен мәселелерді жүзеге асыруға жанама түрде қатысу рөлі артып отырады.

Отандық өнімдердің бәсеке қабілеттілігін арттыру үшін экспортталатын өнімдерді сертификациялаудың тиімді жүйесін ұйымдастыру қажет. Ал бұл олардың сыртқы рынокқа шығуын жеңілдетеді. Экспортты мемлекеттік қолдаудың бағыттарының бірі ретінде қазақстандық өнімдерді сыртқы рынокқа жылжытуға көмек беру болып табылады. Экспорттық жарнаманың бір нысанына сауда көрмелері мен жәрменкелер жатады.

Экспорттық дамытудың кезеңдері экономикалық өзгерістердің серпіндері мен логикасына байланысты және Қазақстан экспортты мен экспорттық потенциалын дамытуда инерция факторларын есепке алуды көздейді.

Бірінші кезеңде сыртқы экономикалық қызметтің заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру, сонымен қатар экспортты ұлғайтатын валюталық, салықтық және тарифтік саясатты, сауда экономикалық достастықтың тиімді нысандарын жетілдіру қажет:

Экспорттаушыларға жедел және сапалы көмек беретін, экспортқа жағдай жасайтын мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық және институциональдық негізін қалыптастыруды аяқтау;

Ақпараттық-консультациялық қызметтің жүйесіне сүйенетін сыртқы сауда ақпараттар жүйесін құру;

Экспорттаушы кәсіпорындардың айналым қаржыларын несиелеудің мемлекеттік қолдаудың механизмдерін қалыптастыру, экспортты сақтандыру мен кепілдік беру, экспортқа бағытталған тиімді жобаларды несиелеу;

Экспортқа кепілдік беру мен несиелеуді жүзеге асыратын арнайы өкілетті банктің қаржылық базасын көбейту;

Экспорттық жеткізілімдерді тасымалдаудың мәселелерін шешу;

Экспорттық қызметті ретке келтіретін, билік органдарының барлық деңгейінде өзара бірлескен қызметтерін кеңейту, атқарушы билік органдары мен жергілікті басқару органдарына экспортты дамытудың арнайы бөлімшелерін құру, экспорттық саясатты жасау мен экспорттаушыларға көмек берудің мәселелерінде ведомство аралық үйлестірудің жөнге келтіру бойынша ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар шараларды жүзеге асыру;

Қазақстанның экспорттық потенциалын кешенді зерттеу, ішкі мүмкіндіктермен әлемдік жағдаятты есепке ала отырып келешегі зор салалар мен жобаларды табуға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруды арттыру.[34]

Екінші кезеңде құрылған институционалдық және ұйымдастырушылық инфрақұрылымының базасында жедел түрде отандық тауарларды сыртқы рынокқа жылжытуда мемлекеттің қаржылық жағынан көбірек қатысуын қарастыратын белсенді экспорттық саясатты жүзеге асыруға кірісу қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет