2. Мәнерлеп оқу. Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан (прозасы, поэзиясы) мәнерлеп үзінді оқу. Қойылатын талаптар: байқауға 1 оқушы қатысады, жазушының өзі таңдаған 2 шығармасын (1 проза, 1 поэзия) мәнерлеп оқиды. Берілетін уақыт 5 - 6 минут.
3. Шығармашылық жұмыс. Жазушының шығармалары бойынша зерделеу жобасын қорғау. Қойылатын талаптар: байқауға 1 оқушы қатысады, оқушы жазушының тарихи тұлғалар, туған ел, жер туралы және сүйіспеншілік бағыттарында жазған еңбектерінен зерделеу жоба жұмысын қорғайды. Жұмыс көлемі 10 беттен аспауы керек, мәтіні толық компьютерде теріліп (WORD, шрифт Times New Roman - 14, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру) беттері нөмірленуі тиіс. Сондай - ақ:
- титул парағы;
- жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
- жұмыстың тақырыбы;
- бағыты (тарихи тұлғалар, туған ел, жер, сүйіспеншілік)
- орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі, қаласы);
- жұмыстың жетекшісі (аты - жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
- жұмыстың орындалған уақыты;
- мазмұны;
- абстракт (аннотация) - жұмыстың барысы 250 сөзден артық емес сөзден тұратын жұмыстың қысқаша мазмұндамасы көрсетілуі тиіс;
- кіріспе - жұмыстың тиянақты сипаттамасы (екі беттен артық емес), мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері көрсетіледі;
- жұмыстың негізгі бөлімі: 12 беттен артық емес жеке тараулардан, параграфтардан тұруы мүмкін;
- қорытынды (1,5 беттен артық емес) жұмыстың негізінде жасалған қорытындыларын, нәтижелерін, ұсыныстарын келтіреді.
- пайдаланылған әдебиет тізімі жұмыс соңында жалпы тізіммен беріледі.
Шығармашылық жұмыс арнайы дайындалған слайд арқылы қорғалады. Берілетін уақыт: 5 - 7 минут.
4. Сахналық қойылым. Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым көрсету. Қойылатын талаптар: байқауға топ құрамындағы 5 оқушының қатысу мүмкіндігі қарастырылады (5 адамнан артық болмауы керек). Сахна мәдениеті өзін-өзі ұстауы, сахналық киімі, сөйлеу мәнері мен тақырыпты толық аша білулері бағаланады. Берілетін уақыт 10 минут.
Әбіш оқулары жоғарыда көрсетілген бөлімдер бойынша 2 кезеңде:
1 кезең - облыстық;
2 кезең - республикалық.
Облыстық байқаулардан бірінші орын алған оқушылар байқаудың республикалық кезеңіне қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |