Жас мамандармен атқарылатын жұмыс жоспары.
Тәлімгер: Куракбаева А.
Жас мамандар: Табынаева Г.
Жаекенова Г.
2015-2016 жыл.
Тәлімгердің жас маманмен жүгізген жұмысының қортынды есебі.
Тәлімгер: Куракбаева А.А.
Білімі: Арнаулы
Санатты: II
Еңбек өтілі: 9 жыл
Жас маман: Табынаева Г.С.
Білімі: Арнаулы
Еңбек өтілі: 2жыл
1.2015-2016 оқу жылының басында жас мамандарға көмек беру жоспары құрылды.
Кыркүйек айында «Күн тәртібінің ұйымдастырылуы және жоспар жазу тәртібі» (циклограмма, ҰОІӘ технологиялық бөлімдері ) бойынша кеңес берілді.
Кыркүйек айында «Нормативтік құжаттармен таныстыру, құжаттарды жинақтау» (стандарт, бұйрықтар, бағдарламалар) көмек берілді.
«Ата-анамен жұмыс жоспарын құру» (ай сайынғы материалдарды жинақтап отыру) үнемі түсіндіріліп отырды.
«Шығармашылық жұмыс тақырыбы туралы түсінік беріліп отыру» жөнінде кеңес берілді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу әдіс –тәсілдері түсіндірілді.
Қазан айында «Күзгі жапырақ» тақырыбында ертеңгілігі өткізілді.
Қараша айында «Тіл дамыту» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің өткізілу әдіс-тәсілдері түсіндірілді
Тәлімгердің оқу іс-әрекеттеріне қатысып отырды.
Науырыз айында «Анама сыйлық» тақырыбында ертеңгілік өткізді.
Сәуір айында тәлімгердің Мүсіндеу оқу іс-әрекетіне қатысты.
Сәуір айында «Мен әдепті баламын» ашық шара өткізді.
Мамыр айында «Жіті ішек инфекциясының алдын алу » тәрбиелік шара өткізді.
Балабақша аралық тәрбиешілер арасында өткен «Ана тілім -ардағым» атты тіл апталығы сайысында ынталандыру иеленді
Балабақша аралық «Тәрбиеші- талант иесі» атты тәрбиешілер арасында өткен сайыста III орын иеленді.
Мамыр айында жас маманның « Қатынас» саласы бойынша Көркем әдебиет оқу іс-әрекетін өткізді.
Тақырыбы: Жау,жау жаңбыр.
Балалардың білім деңгейінің көрсеткішін толтыру (жыл басы, жыл ортасы, жыл аяғы, диограмма құру) үнемі кеңес беріліп отырды.
Жас маманмен жыл бойына осындай жұмыстар атқарылып келді. Берілген тапсырманы бірігіп, ақылдасып, ұжыммен орындап келдік. Жас маман Гүлбаршын Саматқызы болашақта тәжірбиелі тәрбиеші болатынына сенімдімін.
Достарыңызбен бөлісу: |