Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы шешімі 2015 жылғы 3 ақпан №27/259



Дата25.02.2016
өлшемі30.01 Kb.
#25414

Жоба

Ақтау қалалық мәслихатының бесінші шақырылымы




ШЕШІМІ

2015 жылғы 3 ақпан №27/259



Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы

23 желтоқсандағы №26/249

«2015-2017 жылдарға арналған

қалалық бюджет туралы» шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:



  1. Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №26/249 «2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2568 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қаңтардағы №5-6 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

Көрсетілген шешімнің 1 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«1. 2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджет қосымшаға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:



  1. кірістер – 23 418 116 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 14 487 929 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 16 102 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 679 650 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 8 234 435 мың теңге;



  1. шығындар – 23 369 640 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 2 094 634 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 2 094 634 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен операциялар бойынша сальдо – 48 476 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 48 476 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 2 094 634 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 094 634 мың теңге, соның ішінде:

қарыздар түсімі – 2 094 634 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.».

Көрсетілген шешімнің 8 тармағы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын: 

«8. Қала әкімдігінің резерві 13 490 мың теңге сомасында бекітілсін.».


  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  2. Көрсетілген шешімнің 2 және 3 қосымшаларындағы «Шығындар» деген 2 тараудың:

мемлекеттік тіліндегі мәтініне келесі өзгеріс енгізілді:

«04» кодты «Білім беру» функционалдық тобының «464» кодты «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшілігінің «005» кодты «Ауданның (облыстык маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып-алу және жеткізу» деген бағдарлама атауындағы «облыстык» сөзі жаңа редакцияда жазылсын;

орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.

4. Ақтау қалалық мәслихатының аппарат басшысы (Д. Телегенова) осы шешім Маңғыстау облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің интернет-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

5. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссиясына (С.Кутепов) жүктелсін.

6. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан басталатын қатынастарға қатысты таралады.



Сессия төрағасы Қалалық мәслихаттың

хатшысы

А. Қоспаев М. Молдағұлов
«КЕЛІСІЛДІ»

«Ақтау қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

______________А. Ким

«__» ақпан 2015 жыл





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет