«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру»



Дата30.06.2016
өлшемі34.58 Kb.






«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің

(отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

ПАСПОРТЫ




Қызмет көрсету орыны

- аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі

- халыққа қызмет көрсету орталығы



- «электрондық үкімет»: www.e.gov.kz веб-порталы

Қызметті алушылар

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғалар көрсетілетін қызметті алушылар болып табылады

Қызмет көрсету мерзімдері

3 жұмыс күні

Қажетті құжаттар

Уәкілетті органға:

1) көрсетілетін қызметті алушының өтініші

2) жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматы – жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін (төлқұжат), шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхатының көшірмесін немесе азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгендігі туралы белгісі бар куәліктің көшірмесін).

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.



Орталыққа:

1) көрсетілетін қызметті алушының өтініші

2) жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының азаматы – жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін (төлқұжат), шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхатының көшірмесін немесе азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгендігі туралы белгісі бар куәліктің көшірмесін).

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.



Порталға:

1) көрсетілетін қызметті алушының электронды өтініші



Қызмет бағасы

тегін көрсетіледі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі

атаулы әлеуметтік көмек алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады

Шағымдану тәртібі

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, ауылдық округ әкімдерінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі:

1) тікелей уәкілетті органның, ауылдық округ әкімдіктерінің басшысына. Азаматтарды қабылдау кестесі мынадай интернет-ресурстарда орналастырылған: http:/www.enbek.gov.kz; www.gcvp.kz; www.con.gov.kz.

2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 8 (7172) 74-37-23, 74-33-65, 74-28-41 нөмірлері бойынша «сенім телефонына»;

3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында «сұрақ-жауап» бөлімінде;

4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсының «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің блогы» беті);

5) 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде орналасқан шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік арқылы;

6) жазбаша шағыммен 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8-үй, 6-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңсесіне жүгіну арқылы жолданады.

Консультативтік қызметтер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы call-орталықтың: (1414) телефоны бойынша көрсетіледі


Өзге талаптар

Жеке сәйкестендіру нөмірі мен ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік қызметті алу, сондай-ақ әлеуметтік көмекті тағайындау туралы ақпаратты портал арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында орналастырылады



Каталог: assets
assets -> 2015 жылғы «21» маусымдағы №186 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
assets -> Литература 8 Задачник классы практикум 11 Под научным руководством академика Г. Г. Граник
assets -> 7 тыс рублей, в том числе субсидии бюджетам муниципальных образований 1 000 000 тыс рублей
assets -> Регламентін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»
assets -> Шығыс Қазақстан облысының 2013 жылғы қаңтар- қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары
assets -> «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлiк беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет