Қақтығыс және оның түрлері мен келіп шығу себептері, факторлары Дәрістің мәтіні



бет3/3
Дата11.10.2023
өлшемі22.89 Kb.
#480390
1   2   3
13 дәріс

инициативасын жылдам өз қолыңа алуға әрекеттену керек.

Табиғатта, әлеуметтік ескінің орнына жаңалық кіріп келуі әрқашанда объективті құбылыс. Сондықтан да жаңалық пен ескілік арасындағы қарама-қайшылықтардың көрініс табуы табиғи және мәңгілік мәнге ие. Көп жағдайда бұл қайшылықтар қақтығыстарға айналатыны да белгілі. Әрқандай құбылыстың даму сатысында онда болып жататын өзгерістердің мерзімі, тездігі және көлемі әр түрлі деңгейде көрінеді. Ол өзгерістердің мән-мазмұнына, өмірге қажеттілігіне қарай олардың сақталу мерзімі, құндылығы, қарқыны арта түседі, соған орай қақтығыстар туындауы да жиілейді.
Жаңалықтар енуімен байланысты болған инновациялық қайшылық, қақтығыстардың мынадай түрлері және келіп шығу себептері болады:

  • Тұлғааралық инновациялық қақтығыстар – бұл еңгізілген жаңалықтың қолдаушылары мен қарсыластары арасындағы қарсы әрекеттер, яғни қарсыластар мен қолдаушылар арасындағы ұнамсыз көңіл-күй, түсінісбеушілік.

Тұлғааралық инновациялық қақтығыс себептерін төмендегідей 5 топқа ажырату мүмкін:
Объективті себептер – жаңашылдар (новотарлар) мен ескішілдер (консерваторлар) мүдделері арасындағы табиғи қақтығыс, тартыс. Жаңалықты қолдаушылар мен қарсыластар әрқашан да болған, болады да, қазір де бар. Айтылған себеп олар арасындағы қақтығыстың негізгісі.
Ұйымдастырушылық-басқарушылық себептері – бұл жаңалықты еңгізу, бағалау, жариялау, тарату барысында саяси, тұрмыстық, басқарушылық механизмінің жетілмегендігі, жетіспеушілігі.
Инновациялық себептер – еңгізілуге бағытталған жаңалықтың өзінде кездесетін, кемшіліктердің, олқылықтардың болуы. (жаңалық сипатында, мінездемесінде).
Тұлғалық себептер – инновациялық (жаңалық еңгізушілер) процесс қатысушыларының жеке-психологиялық ерекшеліктеріне байланысты себептер. Яғни көптеген қызметкерлердің жаңалық, өзгерістерге деген ұнамсыз, жағымсыз пікір-көзқарасының болуы, қалыптасуы, кейбір психологтардың есептеуінше 50% дейін (Ю. Н. Мягков).
Ситуация, жағдаймен байланысты себептер – жаңалық еңгізумен байланысты сол нақты жаңалықтың әсерінен туатын ситуация.
Тұлғааралық инновациялық қақтығыстарды шешудің негізгі мәселелері, жолдары төмендегідей:

  • Әрқандай жаңалықты еңгізудің техникалық, технологиялық жақтары емес, социалдық, психологиялық процесс жағын есепке алу;

  • Жаңалықты қолдаушылар мен қарсыластар арасындағы ұнамсыз эмоция жағдай күшті болса, ол жаңалық тиімді болмағаны;

  • Жаңалық еңгізушілер консерваторларға (ескішілдер) қарағанда көбірек күйіп-піседі, ойланады, толғанады;

  • Еңгізілетін жаңалық қаншалықты тиімді болса, оны жақтаушылардың жеңісі орынды болады, қақтығыста олар жеңіске жете береді;

  • Жаңалық еңгізушілердің қатары (қолдаушылары) молайа берсе, қақтығыстар олардың пайдасына шешіле береді;

  • Ұжым мүшелері еңгізілетін жаңалық (оның мәні, мазмұны, ерекшеліктері) жөнінде толық мәлімет, деректерге ие болса, қақтығыстың шиеленісуі төмендей береді;

  • Асығыс, жан-жақты ойластырылмай еңгізілген жаңалықтан гөрі, біртіндеп ойластырылып, ұйымдастырылған жаңалық кем қарсылық тудырады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. А.Я. Ансупов , С.Б. Баклоновский Конфликтология в схемах и рисунках Питер 2007 стр127-128.

  2. Ж. Б. Қоянбаев Р.М. Қоянбаев Педагогика. Алматы- 2000.

  3. «Отбасы татулығы бағдарламасы» әдістемелік құрал. Астана 2007.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет