Қатынас Оқу іс әрекетінің түрі: Тіл дамыту



жүктеу 32.01 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі32.01 Kb.
120 сәбилербақшасы

Аты-жөні: Бижигитова ЗураЖахинқызы

Қызметі: тәрбиеші

Еңбек өтілі: 4 жыл

Категория жоқ

Тақырыбы: Жабайы аңдар

Естияр тобы

Ортаңғы«Б» тобының тәрбиешісі

Зура Жақияқызы Бижигитова
Білім беру саласы: Қатынас

Оқу іс - әрекетінің түрі: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Жабайы аңдар»

Мақсаты: Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру. Әрбір аңның атын дұрыс атауға, ойын дұрыс дамыту. Табиғаттың бір бөлігі – жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері:Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

Көрнекілігі: жабайы аңдардың суреті, аңшының суреті.

Сөздік жұмыс: бөлтірік, абдан, мыршай, шөнжік

Билингвалдық компонент: аю \қонжық\ – bear, түлкі \мыршай\ - focs,

қасқыр \бөлтірік\ – logop, қоян \көжек\ - rebbit, арыстан \абдан\ - leon,

жолбарыс \шөнжік\ - taiger

Этноэлемент: аңшылық

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші: Балалар біздің сабағымызға апайлар қонаққа келіпті, кәне бәріміз апайлармен амандасайық.

Балалар апайлармен амандасады.


  • Сәлеметсіздер ме?

  • Сәлеметсіңдер ме балалар!

Шаттық шеңбері: Балалар дөңгелене шеңберге тұрады.

Біздің топта балалар,

Тату – тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан,

Тек жақсылық ойлайды.

Тәрбиеші: Жақсы, балалар, бүгін біз сабақта жабайы аңдардың түрлерімен және тіршілік ортасымен танысамыз.


  • Қазір біз сендермен мына фишкалар арқылы екі топқа бөлінеміз.Кімде кітаптің суреті бар сол балалар кітап орталығына барады. Ал, кімде сурет белгісі бар балалар, олар сурет орталығына барады.

І топ: Кітап орталығында жабайы аңдар туралы әңгіме жүргізіміз.

ІІ топ: Сурет орталығында түрткі әдісі бойынша түлкінің суретін салып, бояймыз.
Негізгі кезең:

Тәрбиеші: Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады?

  • Неліктен жабайы аңдар дейміз?

  • Мына суреттерден не көріп отырсыңдар?




Балалар: Жабайы жануарларды көріп отырмыз..

Тәрбиеші: Дұрыс, балалар, жабайы аң - қолға үйренбеген түз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік етеді.Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір аңдар тауда тіршілік етеді.

  • Ал, мына суреттерден не көріп отырсыңдар?




  • Аңшы, бүркіт құс.

  • Дұрыс, Аңшы аңдарды өзінің бүркіт құсымен аулайды.




  • Балалар білесіңдер ме? Кейбір аңдар Қазақстанымыздың «Қызыл кітабына» енген.

  • Олар Керік, арқар, барыс т.б жануарлар.

  • «Қызыл кітапқа» жойылып бара жатқан жануарлар мен құстар, өсімдіктер кіреді.

Сергіту сәті: Музыка әуенімен жануарлардың қимылын келтіріп билету. Қоян сияқты секіреді, түлкі сияқты денелерін қимыл қозғалысқа келтіреді.

Сөздік жұмыс: бөлтірік, абдан, мыршай, шөнжік.

Тәрбиеші: Балалар, аю, қасқыр, түлкі, қоян, т.б. аңдар балаларын қалай деп атайды?

- Аюдың баласы қонжық.

- Қасқырдың баласы бөлтірік.

- Қоянның баласы көжек.

- Түлкінің баласы мыршай \жаутаң\.

- Жолбарыстың баласы шөнжік.

- Арыстанның баласы абдан.

Билингвалдық компонент: аю \қонжық\ – bear, түлкі \мыршай\ - focs, қасқыр \бөлтірік\ – logop, қоян \көжек\ - rebbit, арыстан \абдан\ - leon, жолбарыс \шөнжік\ - taiger

Дидактикалық ойын: Ішіне сыртына.

Мақсаты: Жабайы аңдарды ішіне, үй жануарларын сыртына топтастыру.
Тәрбиеші: Балалар қазір мен сендерге жабайы аңдар туралы жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

1.Қолыңмен тиме,

Үсті толған ине. \Кірпі\
2.Паналайды үңгірді,

Іздемейді тасаны. \Аю\


3.Қорықпайды күшті аңнан,

Қорқады тек тышқаннан. \Піл\


4.Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. \Түлкі\


Тәрбиеші: Енді біз сендермен тірек сызба жұмысын жасаймыз.



Тәрбиеші: Қазір біз, орнымыздан тұрып орталықтармен ауысамыз. Кітап орталығындағы балалар сендер сурет орталығына барыңдар. Ал сурет орталығындағы балалар сендер кітап орталығына ауысыңдар.

Қорытынды:

  • Бүгін сабақта не істедіңдер?

  • Қандай тапсырма орындадыңдар.

  • Жабайы аңдарды ата.

  • Қоян қыста түсін қандай түске өзгертеді?

.






©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет