Атырау қаласы №15 Абай атындағы орта мектепбі II деңгей химия пәні мұғалімі Сақпанова Бибіжан Ғарифоллақызы Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту коучинг-сабағының жоспары «Бұл өмірдің мәні- сіз бен біз емес пе?!»



жүктеу 53.1 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі53.1 Kb.
Атырау қаласы №15 Абай атындағы орта мектепбі II деңгей химия пәні мұғалімі Сақпанова Бибіжан Ғарифоллақызы

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік оқыту коучинг-сабағының жоспары

«Бұл өмірдің мәні- сіз бен біз емес пе?!»
Бөлтірік шешен
Коучинг тақырыбы Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. "Диалогтік оқыту"
Мақсаты: Диалогтік оқыту, әңгіменің түрлері мен сұрақтың түрлері жайлы түсінік қалыптастыру. Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың маңызын түсіндіру. Төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыру дағдыларын жетілдіру. Мұғалімдерге сабақ барысында диалогті ұтымды пайдалануды үйрете отырып тілдік дағдылар,білімге құштарлығын дамыту және зерттеуге ынталандыру.
Жалпы мағлұмат Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту үшін жұмыстар жүргізу арқылы ойлау арқылы ойлануға жетелеу.
Сілтеме 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық 98-103 беттер
2.Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері/А.Әлімов, 106-114/
3.Таныстырылым, бейнефильмдер
Оқу нәтижесі 1.Оқу үрдісінде диалогтік оқытуды қолданудың маңызын түсінеді;
2. Әңгіменің түрлері жайлы мәлімет алады;
3. Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;
4.Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
Түйінді идеялар: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Соның ішінде Мерсердің айтуынша зерттеушілік түрі басымдыққа ие екендігін айту.Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады.
Сабақта қолданылатын материалдар (ресурс)Үлестірмелі материалдар,постер, маркерлер,бейнеүзінділер, А3,А4 қағаздары, түрлі-түсті стикерлер

Тапсырмалар ой қозғау, сұрақ құрау, постер қорғау, төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақ құрастыру, бағалау, рефлексия


Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс- әрекеті
Оқуға арналған тапсырмалар Коучтың іс -әрекеті Мұғалімдердің іс -әрекеті
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу 1мин
Көңіл- күй тудыру Сәлемдесу. Армысыздар, құрметті әріптестер! Бүгінгі біздің коучинг сабағымызға қош келіпсіздер!
Қатысушы ұстаздардың психологиялық кедергілерін жеңу үшін «Қызыл өрік» сергіту сәтін би билеп, жүргіземін.
Бүгінгі коучингтегі басты талап - бәріміз бір ұжымда жұмыс жасай отырып, белсенді қатысу. Қатысушы мұғалімдер бейне сюжет бойынша би билейді.3мин
Топқа бөліну:6мин. Топ ережесін қабылдау
Коучтің іс-әрекеті мұғалімдерді 2топқа бөледі жеміс-жидектер (алма және апельсин) арқылы. Коуч ұсынады мұғалімдерге 2-3минут ішінде бірімен бірі
өз-ара әңгімелесіп, әрқайсысы жаңындағы серіктесі туралы әңгіме айту.

1.Тақырыпты анықтау.Екі егіз сәбилердің дауласу бейнетаспасы көрсетіледі (показ видеоклипа о споре двух младенцев близнецов) 3мин


Бейнетаспа көрсетілімі бойынша топ мүшелерінің ойларын білу. «Бейнетаспада не бейнеленген? Бейнетаспа бойынша өз ойыңызды айтыңыз. Бұл бейнетаспа бүгінгі біздің тақырыбымызға қатысы бар ма?» - деп қатысушыларға сұрақтар қоямын.
Бүгінгі коучингтің тақырыбын жариялаймын.
2.Сабақтың мақсатын анықтау.
«Бүгінгі коучингтен не күтесіз?» - деп сұрақ қоямын.
Бүгін біз сіздермен осы коучинг барысында диалогтік оқыту туралы, әңгіменің және сұрақтың түрлері туралы мағлұмат алып, жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастырып үйренетін боламыз.

Оқыту әдістері Оқытудағы жаңа тәсілдер


Екінші деңгей бағдарламасының жалпы мазмұны өзара бірлескен 7 модуль шеңберінде ұсынылады
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту
6. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық
3.Табыс критерийлерін жазу. презентация слайдтар көрсетіледі Коучтің іс-әрекеті мұғалімдерге "Бортовые журналы" не білемін (что знаю), не білдім (что узнал) парақшасын толтыруға ұсыныс жасайды.7мин
I тапсырма Постер жасау Әр топқа постер жасауға тапсырма беру 5мин

презентация слайдтар көрсетіледі

1)Диалогтік оқыту жайлы, оның маңыздылығы жайлы түсіндіріңіз.
2) Әңгіменің түрлері, өз сабағыңызда әңгіменің қай түрі сипат алатындығы жайлы баяндаңыз.
3)Сұрақтың қандай түрін сабақта қолданатындығыңыз туралы әңгімелеңіз.
4) Сабақта диалогтік оқытуды қолдану бойынша өз ұсынысыңызбен бөлісіңіз.
Коучтің іс әрекеті: Тапсырма беру, парақтар, фломастер, стикер тарату Тапсырма: «әнгіменің 5 үлгісі» ресурсы бойынша әнгіме түрлерін анықтау

Қатысушылардың іс-әрекеті:

Нұсқаулықты, ресурстарды презентацияны пайдаланып бірлескен жұмыс жүргізеді, постер қорғайды.

4.Миға шабуыл:


1)Диалог дегеніміз не?
2)Диалогтік оқыту дегенді қалай түсінесіздер?
3)Әңгіме дегеніміз не?
4)Сұрақты қалай қою керек?
5)Сұрақтың қандай түрлері бар?
Жауаптар:
1.Диалог –екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.
Диалогтік әңгіме – белгілі бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге негізделген вербалды- коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп,оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында оқушылар (сондай-ақ олардың мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже алуға жұмсайды және Мерсер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе «пікір алмасу» үдерісіне тартылады.
2. Диалогтік оқыту - мұғалімнің оқуматериалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің
нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.
3. Әңгіме - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.
4.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сұрақ қою кезінде мұғалім оқушының жаттанды жауап бермей, ойланып, өз ойын қоса отырып, жауап беретіндей етіп қойғаны дұрыс.
5.Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кеңінен қолданады.Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әр түрлі тәсілдерін пайдалануға болады. Құрастырған кластері бойынша топ мүшелері өз ойларын айтады.
Мұғалімдер өз ойын түрлі-түсті стикерге жазады.Әр топ өз жазбаларын оқиды.
Сұрақтарға мүмкіндігінше жауап береді.
Сергіту сәті 3мин (разминочное упражнение) "Физминутка" би билеп, жүргіземін.
II тапсырма Рөльдік ойын 10мин Әр топқа бейнежазбадағы диалог беріледі. Топ мүшелері сол диалогтің сөздерін өздері орындауы керек. №1 «Екі сәби арасындағы диалог» №2 «Басшы мен қызметкердің диалогі» №3 «Мұғаліммен ата-ана арасындағы диалог» топ атынан бір мұғалімнен шығып орындайды. «Басбармақ» арқылы бір-бірін бағалайды.

III тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» Коучингке қатысушыларға 6 мин «Маша и Медведь» мультфильмін тамашалау Мультфильмді тамашалаған соң, «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі бойынша тапсырмаларды орындайды. Көрген мультфильм бойынша ой бөліседі және бірнеше төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар құрастырады. «Ыстық орындық әдісі» 5мин Қорытынды бөлімі: 5 мин Коучингті қорытындылау мақсатында сұрақтар қоямын:


Сіздің сабағыңызда әңгіменің қай түрі орын алады?
Сіз сабақ сұрағанда сұрақтың қай түрін жиі қолданасыз?
Оқушыларыңыз ашық сұрақ құрастыра ала ма?
Диалогтік оқытудың маңыздылығы туралы не айтасыз?
Қатысушы мұғалімдер сұрақтарға жауап беріп, өз ойын айтады.
Рефлексия 5 мин Қатысушы мұғалімдер коучинг бойынша түсінгенін стикерлерге жазады. Коучинг кезінде өздеріне ұнаған 2 сәтті кезеңді, 1 ұсыныс-тілегін жазады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет