Атырау мұнай және газ институты


/1/ 63-72 бет /2/ 66-75 бет./5/ 59-68 бет



бет3/8
Дата11.06.2016
өлшемі0.98 Mb.
#128503
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8

/1/ 63-72 бет /2/ 66-75 бет./5/ 59-68 бет.
10-шы дәріс.
Тақырып. Маркстік философия
Негізгі мақсаты: Марксизм философиясының қалыптасуы мен ыдырауының негізгі себептерін философиялық тұрғыда түсіндіру.

Негізгі түсініктер: марксизм философиясы, марксизм эволюциясы, формация, философиялық жатсыну, материалдық бірлік.
1.Маркстік философияның пайда болуының ғылыми себептері.

2.Маркстік философияның заңдылығы,орны оның негізгі кемшіліктері.

3.Жалпы дүниетанымдық ерекшеліктері маңызы.
XX – ғасыр философиясындағы аса күрделі кезең – “қазіргі марксизм” деп аталатын ленинизмнің дүниеге келуі. Оның себебі бар. Ең алдымен

25
Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
оған объективті жағдай әсер етті. Егер Маркс пен Энгельс капитализмнің монополияға дейінгі кезеңдерінде өмір сүріп,сол кездің проблемаларына жауап іздеген болса, В. И. Ленин копитализмнің империалистік дәуірінде өмір сүрді. Бұл қайшылықтар еңбек пен капитал арасында ғана емес, капиталистік елдер арасында да пайда болды. Олай болса, капитализмнің біркелкі дамуы да бұзылды. Ақырында, капитализм Шығыс елдеріне, оның ішінде Ресейге де таралды. Ресей экономикасы алдыңғы қатарлы дамыған ел болмаса да, онда революция жасалуы әбден мүмкін еді. Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық революцияның жетекші күші пролетариат болатыныайқын байқалды. Сондай – ақ, XIX – ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдарында, әсіресе физикада ірі жаңалықтар ашылды. Атомнан электронның бөлініп шығуы атомның ең кішкентай қарапайым бөлшек еместігін, электрон атомнан 2 мың есе кіші және қасиеті одан мүлдем басқа, жарық сәуледей жылдамдықпен қозғалатын аумағы (массасы) үдайы өзгеріп отыратынын көрсетті.

Міне, бұл жағдай материалист философтардан байсалды тұжырымдар күтті. Бірақ оған Г. В. Плеханов сияқты ірі философ материяның жойылуы мүмкін еместігі туралы пікір айтудан жалтарды, тіпті байқамаған сыңай танытты. Н. Бердяев былай деп жазды: “Философия, өнер, рухани мәдениет саласында Ленин өте артта қалған, қарапайым адам, оның ұнататыны мен тәуір көретіні өткен ғасырдың 60 – 70 жылдарының адамдарын ініндей еді”, - дейді.

В. И. Ленин философияны ең алдымен ең алдымен халықшылдарғақарсы күресеотырып дамытты. Халықшылдардың Ресей капитализмге соқпай дами алады деген пікірін сынай келіп, XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей капиталистік даму жолына түсті, олай болса, ол капитализмге соқпай дамиды деген пікір – бос даурығу: мақсат – капитализм ауыртпалықтарынан тез өтуде, деп дәлелдеді. В.И. Лениннің Маркске қосқан тағы бір үлесі – оның империализмге берген анықтамасы. В. И. Ленин сол кезеңде капитализм өзінің ең соңғы сатысы - өзгеше, қайшылықтары мол қоғам екенін дәлелдеп топшылады. Оның ерекшеліктері үш түрлі: біріншіден, империализм – монополистік капитализм, екінші жағынан, паразиттік немесе іріп – шіріп бара жатқан капитализм, үшіншіден, ол - өліп бара жатқан капитализм, олай болса, ол – социалистік революция қарсаңы деп жорамалдады. Қазір озық дамыған жеті капиталистік ел бар, олар: АҚШ, Англия, Канада, Жапония, Франция, Германия, Италия. Бұлардың тез дамуының себептері, ең алдымен Қазан революциясының нәтежесінде пайда болған социолистік елдер капиталистерге үрей салып, оларды жаңа жол, жаңа әдіс тауып, күнін

26

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
ұзартуға итермеледі. Олар енді жұмысшылармен тіл табысты, түрлі акционерлік қоғамдар құрып, жұмысшыларды капиталистік өндіріске аз да болса қосарлас иеге айналдырды. Жұмыс күнін қысқартып, жалақыны жұмыс істеген сағаты бойынша төлеу әдісіне көшті. Бұрын Маркс, Ленин дәуірінде жұмысшылар жұмыс уақытын азайту үшін күрескен болса, енді олар жұмыс сағатының ұзақ болуына ынталы болды. Олардың бұлайша дамуына тағы бір себеп : социализм жіберген орасан қателіктер, әкімшілік - әміршілдік тәртіп, маркстік теорияны қатып қалған догмаға айналдырып, оны өмірден алшақ, схоластикалық ілімге ұқсас ету болды. Капиталистік елдер нарықтық экономика, бәсекелестік күрес арқылы ұдайы шындалып, даму жолына түссе, социалистік елдер бір деңгейге жеткен соң бір орынды шиырлап, ілгері баспады. Тек Дянь Сяо Пин сілтеген нарықтық қатынас жолымен жүрген Қытай басқаша дамыды.

“Еуропа Құрама Штаттары үраны туралы” дегеен еңбегінде В. И. Ленин империализм дәуірінде ораршыл державалар арасында күрес жүріп жатқан кезде “Еуропа Құрама Штаттары үраны” не мүмкін емес, не реакцияшыл рөл атқарады деп жазды. “Пролетариат револциясы және Ренегат Каутский”, “II Интернационалдың күйреуі”, “Біздің революция туралы”, т.б. еңбектерінде В. И. Ленин пролетариат диктатурасы жайында әрқилы пікірлер айтты. Ең алдымен пролетариат революцияссынан кейін социализм жеңе алмай, капитализм құлап бітпей, тап күресі ашық, қатты жүріп жатқан өтпелі кезеңде бірден – бір күшті құрал – пролетариат диктатурасы қажет екені және ол ешқандай заңмен тежелмейтіні, тікелей күшке негізделген тоқпақ екені атап айтылды.

Осы сұмдылықтардың бәріне Лениннің жеке басы, оның сенімді шәкірттері тікелей жауапты екені айқындалуда. Сондықтан да пролетариат диктатурасы деген ұғым аты шулы, жан түршігерлік, халықты үрейлендіретін саяси органға айналды. Сол қиындық кезеңнің бір көрінісі – 1922жылғы В. И. Лениннің В. М. Молотовқа және басқа ВКП (б) саяси бюросы мүшелеріне жазған хаты. Онда В. И. Ленин аштық көріп жатқан жұмысшыларға астық сатып әперу үшін шіркеулердің қымбат бұйымдарын тартып алу жөніндегі өкімет үкіміне қарсы шыққан Шуедағы шіркеу діндарларын аяусыз басып, ондаған жылдар бойы есінен кетпейтін етіп, қатты жазалауды талап етті. Ал 30 – 40 жылдардағы жаппай қуғын – сүргін кезінде жүз мыңдаған адамдарды жазықсыз тұтқынға алынып, екі сөзге келтірмей, “халық жауы” деген қара күйе жағылып, қанжоса боялғанын еш кешіруге болмайды.

В. И. Ленин капитализмнен социализмге өту диалектикасын аша келіп,

Ресейдің нақты жағдайларына сәйкес пролетариаттың тап күресінің бес түрін атап көрсетті.

27

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
В. И. Ленин диалектикалық логика тұрғысынан экономика мен саясат арақатынасын көрсетіп берді. “Тағы да кәсіподақтар туралы” еңбегінде ол “саясат – экономиканың жинақталған бейнесі” деп атап көрсетті. Бұл Ф. Энгельстің 1890 жылдардағы тарихи материализм туралы хаттарындағы пікірінің сабақтас жалғасы еді. Одан соң, аталған еңбекте В. И. Ленин диалектикалық логиканың төрт принципті бар екеніне тоқталады, олар: біріншіден – затты жан – жақты алып қарау, екіншіден оны – дамуда қарау, үшіншіден – практика шындықтың тірегі, төртіншіден – абстракты шындық жоқ, шындық нақты. Сөйтіп, В. И. Ленин диалектикалық логиканың формальды логикадан айырмашылығын талдап көрсетті. Бірақ кейінгі Кеңес өкіметі жылдарында өмірде диалектикалық логика тұрғысынан мәселе шешудің орнына формальдық логика, метафизикалық әдіс көбірек, басым қолданылды. Барлық қоғамдық құбылыстар жоғарыда айтылған таптық көзқарас тұрғысынан тек екі түрлі бояумен боялып, “ақ” – “қара” деп, тікелей екіге бөлінді. “Ақ” дегеніміз – кеңес еліне адал, социалистік құрылысқа берілгендер, “қара” дегеніміз біздің жауларымыз. Оларға қатаң шаралар қолданылды.“Қара” мен “ақ” арасында, көк, қоңыр, қызыл, жасыл, сары, бозғылт түстер бар емес пе? Олар қайда? Міне, диалектикалық логиканы дұрыс тұсінбеу деген – осы, ал шығатын қорытынды тіпті басқаша. Амал қанша өмірде көп нәрсе оған қарам – қарсы шешілді, сөйтіп, догматизм ғылымға қалай қарсы келетін әдіс болса, метафизикалық әдіс, формальдық логика диалектикалық логикаға сондай кертартпалық ықпал жасады. Қазір социализмді, марксизм – ленинизмді сынаушылар көп.

Бірақ ол да себепсіз емес. Кезінде Маркс пен Энгельс қоғам объективті өз заңдылықтарды қолдан тездетпек болды. Мәселен, Г.В. Плеханов (1856 – 1918) Лениннің Ресейде буржуазиялық – демократиялық революция жеңіп шыққаннан кейін, уақыты пісіп жетпесе де, елді социалистік революцияға асығыс итермелегенін қолдамады.


Тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1.Маркстік философияның пайда болу себептері.

2.Маркстік философияның орны, кемшілігі, маңызы.



/1/ 73-82 бет /2/ 76-85 бет./5/ 69-78 бет.
11-12 ші дәріс
Тақырып. Қазақ философиясы.
28

Атырау мұнай және газ институты

Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
Негізгі мақсаты: Өзіміздің төл философиямыздың басқа философиялардан ерекшелігін баса көрсету, оның ішінде ақын-жыраулар, сал-серілер, билер, батырлар философиясының ешқандай философияда жоқ екендігін дәлелдеп ұлттық философияны жоғары дәрежеде дәріптеу.

Негізгі түсініктер: заман, зар-заман, сенім және парасат, адамшылық, тарих философиясы, билер философиясы, әлеуметтік философиясы, дін философиясы, жеті жарғы.


  1. Қазақ хақының дүниетанымы, мифологиялық, діни, философиялық ойлардың қалыптасуы.

  2. Қазақ философиялық ойшылдарының кезеңдері.

  3. XIX ғасыр аяғы – XX ғасыр басындағы қазақ зиялаларының ой – пікірлері, тұжырымдары.

Қазақ халқының философиямен ойлау мәдениетінің шығу тегі көне түркі заманнан басталады. V – VI ғасырларда түркілердің әліппесімен жазуы болды соның негізінде түріктер жазба мәдениетін туғызды, оны көне түркі жырлар деп аталады. Сол замандағы түркілермен қазіргі қазақ саласының арасындағы терең рухани сабақтастықты аңғарамыз. Орта азия мен қазақстан жеріне ислам діни таралуына байланысты. 2 мәдениет 2 альфавит тайталасқа түсті 1 – түркі мәдениеті және түркі альфавиті 2 – араб парсы мәдениеті араб альфавиті.

IX ғасырда өмір сүрген Фараби өз еңбектерін араб тілінде жазды, негізгі еңбектері (Екінші ілім философ трактаттары математикалық әлеуметтік әстетикалық трактаттары). Фарабиден екі ғасыр өмір сүрген Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” шығармасын араб әрпімен түркі тілінде жазған. Ал аса көрнекті Ахмет Иассауи өз шығармаларын түркі тілде жазғанмен араб әрпін қолданған Жүсіп Баласағұннан кейінгі түрк ойшылдарының қатарына Ахмет Югнаки, Махмұт Қашқари, Жамал Қарши т.б. жатады. Қазақ халқының қоғамдық санасының қалыптасуына бұл ойшылдардың ықпалы зор болды. Қазан төнкерісіне дейін бұларды қазақ зиялалары жақсы білген, сонымен қатар көшпенділер деген атта қалған. Қазақтардың жоғары қала мәдениетінің болғанын айғақтайды. Жоғарыда аталған ойшылдардың көбісі араб парсы мистикалық философиясы болған. Қазақ топырағына араб парсы мәдениеті Шығыс поэзиясы арқылы таныған. Фир Дау Си бастап Науай деген ақындар бәрі суфизм ықпалында болды сондықтан өнерге поэзияға жақын. Қазақ халқы исламның ортодокциялық жағына ден қоймай оның философиясын қабылдаған, философия қазақ қалқына сырттан танылған ілім емес өзінің төл санасына жататын

29

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
құбылыс. Айталық “тәуба”философиялық ұғым ол қандай құбылыстың болса да рухани өлшемі. Бұл ұғым адам қуанышының да қайғысын да шегі барын білдіреді, барға қанағат ету керек. Осы философия халқымыздың әлеуметтік психолог – сына әлеуметтік дүниетанымына әбден сіңді, халқымыздың дүниетанымының ерекшелігі оның түрмысынан аңғарылуы заңды дүние. Сондықтан араб – парсы мистикалық философиясын қазақ халқы сол күйінде емес, өзінің өмір сүру тәсілі салты ерекшелігіне салт қабылдаған.

VIII – IX ғасыр Сырдария бойында данышпан ойшыл Қорқыт ата өмір сүрді ол кітаби Қорқыт эпостық жырының атасы қазақ арасында Қорқыт ата туралы тарихи жыр дастандар аңыздар ән күй көп кездеседі. Қорқыт атаның негізгі көз қарастары тағдырға жазылған деген фотолизмге қарсы күресіп адамдарға мәңгә өмір іздеуші тұлға ретінде өзін көрсетті ол өмірдің қиындықтарына мойын сүнбай үнемі күресе білуге шақырды әр істің ізгілікпен жақсылыққа негізделіп жүзе асуын уағыздады бұл ғұламаның кейінгі ұрпаққа берген рухани тәлімі. Қорқыт ата қазақ даласында тұңғыш рет қобыз жасаушы болып табылады қазіргі уақытта 22 – ден астам күйлері белгілі шартарапқа тараған Қорқыт дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ “Сынбас темір жоқ – өлмес өмір жоқ”. Өлмейтін өмірді өнерден табады. Қорқыт бабамыздың артынан қалдырған жырлары өте маңызды. Кітаби Қорқыт 12 жырдан тұрады. Бүкіл түркі елдеріне ортақ бұл кітаптың 2 түрлі ннұсқасы бар оның бірі Ватикан (Рим) Дрездн (Германия) қаласында кітап қоймаларында сақталған.

Қорқыттың нақыл сөздерінде қазақ мақалдарына өте ұқсас одан көшпелі елдің салт – сана табиғат және қоғамға деген көз қарасы көрініп тұр.

Қар қанша қалын жауғанмен

Көктемнен қалмас.
Ескі темір біз болмас,

Ескі дүшпан дос болмас.

Атасыз ұл ақылға жарымас,

Анасыз қыз жасауға жарымас.


Ажал келмей кісі өлмес,

Өлген адам тірілмес.

т.б. қайталанбас уақытты қадірлеуге шақыру сол арқылы өмірге мәңгілік ету идеясы оның философиясының ірге тасын қалайды.

М. Әуезов Қорқыттың мәңгі өмірі туралы толғаныстарын негізгі философиялық түсінігін аша келе оның болашақ үрпақ үшін дүние

30

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
танымдық маңызы зор мәңгілік мұра екенін атап өткен Қорқыт – “Өлім” деген құбылысқа қарсы түра алатын рухани күш таба білген әлемге мұндай өлмес шығармалар қалдырған ойшылдардың ұмтылуы мүмкін емес және ол халықтын зердесінде мәңгі қалуы заңды.

Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұнидың замандасы, Қашқарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы өмірін Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі: “Диуани лұғат ат – түрік” (Түркі тілдерінің жинағы ). Ол кезінде түркі елдерін көп аралаған. Олардың тілін, тарихын, әдет – ғұрпын зерттеп, мақал – мәтелдерін жинастырған. Қазақ халқының сол кездегі адамгершілік, ерлік, тіл байлығы қасиеттеріне жоғары баға берген.

XV ғасыр аңыз кейіпкеріне айналған өз заманының ойшылы Асан Қайғы,, Керей Жәнібек хандардың ықпалды биі ақылшысы болған өзінің философиялық жыр талғауында хандық үкіметтік нығайту елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажеттілігін насихаттады. Қоғамдағы әдет ғұрып мінез құлқын мәселелерін көрсеттік Асан Қайғы бір орталыққа бағынған мемлекет құруды насихаттады аңыз бойынша Сарыарқада ұлытауда дүние салған.

XX ғасырдың басында қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлері дүниеге келді, әрине, оларды дүниеге келтірген объективті қоғамдық жағдайлар. Ең алдымен 1861 жылдан бастап басыбайлық құқық жойылғаннан кейін Ресей құлаш жайып, дами бастады.

Сондай – ақ, XX ғасырдағы қазақ ойшылдары түрлі философиялық ізденістер жасады. Қазақ халқының қарапайым ой – пікірлерінен алғаш философиялық деңгейге дейін көтеріле алған Абайдың немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев болды. Ол Абайдың “Қырық бес қара сөзіндегі” ой толғау дәстүрін дамыта отырып, 1898 жылдан бастап отыз жылдай табанды ізденіс жасап, “Үш анық” философиялық еңбегін жазып шықты.

Қазан төңкерісіне дейін де одан кейін де ұлттық сананың еркіндікпен дамуына көптеген тосқауылдар болды. Соның бір көрінісі ұлттық философия халықтық дүние таным. Қазақ философиясы қазақ ойшылдары деген мәселелердің күн тәртібінде болмауы. Қазақ философиясы адам және оның өмірсүру философиясы жалпы бостандықты еркіндікті сүйетін кең даласы сияқты кең пішіндегі бар халықтың соған сай философиялық дүние танымы ой пікірлері болуы заңды дүние.



Тақырыпты пысықтау сұрақтары:

1. Қазақ философиялық ойларының қалыптасуы.

2. Қазақ ойшылдары Әл – Фараби, А. Иассауи, Қорқыт – ата, Асан Қайғы тұжырымдары.

3. Абайдың философиялық тұжырымдары.

31

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
/1/ 83-92 бет /2/ 86-95 бет./5/ 79-88 бет.
13-ші дәріс
Тақырып. Орыс философиясы
Негізгі мақсаты: Славян философиясының бастауы болып табылатын орыс философиясының қалыптасуымен дамуына түсінік беру.

Негізгі түсініктер: славянофилшілдік, батысшылдық, космизм, христиандық экзистенциализм, діни-идеализм, мистикалық философия, еретикалық философия.
1. Ресейдегі философияның қалыптасу ерекшеліктері және дамуы.

2. XIX ғасыр орыс философиясы.

3. Діни философиялық дәстүрлер.
XIX ғасырдың орта шеніне таман Ресейде буржуазиялық - демократиялық қозғалыс үдей түседі. 1861 жылғы басыбайлық құқықтың жойылуына байланысты бұл қозғалыстың буыны бекіп, ол қанатын кең жая бастайды да оның басына орыс қоғамының зиялылары келеді. Ол кезде Ресейде капитал истік қоғамдық зиялылары келеді. Ол кезде Ресейде капиталистік қоғамдық қатынастар қалыптасып, дами бастаған болатын. Орыс мәдениеті, қоғамдық ой мен философия жаңа бағытқа бет алған еді. Бірақ Ресейдің әлеуметтік қоғамдық өміріндегі қайшылықтар тым шиеленістіп кеткен, өндірістік қатынастар тым шиеленісіп кеткен, өндірістік қатынастар дағдарыс жағдайында болатын. Бұған Ресейдің орыс - қырым соғынындағы (1853 - 1856ж.ж.) жеңілісе де әсер еткенді. Бұл кезде Полынада, Финляндияда, Казказда, Орта Азия мен Қазақстанда да патшалық езгіге қарсы бағытталған көтерілістер жүріп жатты. Патшалық ресей оларды жаныштап, қарудың күшімен басып отырды. Көтерілістердің қатарына Қазақстандағы Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы, Кенесары Қасымұлы, Жанқожа Нұрмүхамедүлы бастаған ұлт - азаттық сипаттағы қарулы көтерілістерді жатқызуға болады.

1849 жылы Фейербахтың «Христиандықтың мәні» деген еңбегімен танысқаннан кейін материалистік философияның дұрыс бағыт екендігіне Чернышевскийдің көзі әбден жетеді де, бұрынырақ қалыптасқан Гегельдік философияның ықпалында болушылық қасиеттерінен біржолата арылады. Ал, кейіннен ол өзін Фейербахтың

32

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
шәкіртімін деп те жариялайды.

1856 - 1862 жылдары Чернышевский «Замандастар» журналын басқарып, оны төңкерісшіл демократтардың органына айналдырады.

Н.Г. Чернышевскийдің материалистік философиясы А. И. Герцен мен В. Г. Белинский салып кеткен жолымен Фейербах философиясын нақтылау және ілгері дамыту барысында қалыптасады. Идеализмге қарсы күрес оның ғұмырлық ісі болды. Ол философия тарихымен ертеден танысты, Платон, Кант, Гегель сияқты идеалистердің негізгі қағидаларын жоққа шығарды. Ол гегельдік диалектиканың тұжырымдары мен гегельдік саяси көзқарастың арасындағы қайшылықты жіті көре білді және Гегельді сонысы үшін қатты сынға алды.

Чернышевский өзінің негізгі философиялық шығармасы «Философиядағы антропологиялық қағидасында» үстем тап арасында кең таралған идеалистік теорияларды және орыстың зиялылары арасында қанат жая бастаған позитивистік ілімді қатты сынға алады.

Чернышевкий өз заманың жаратылыстану ғылымдарының табыстарымен де жете таныс болды. Чернышевскийдің философиялық шығармаларында болмыстың санаға қатынасы туралы негізгі мәселе материалистік тұрғыдан шешіледі. Ол, әсіресе, Кантты агностицизм және адамзат білімін «өзіндік заттан» шығара алмағандығы үшін мықты сынайды.

Чернышевский материалистік таным теориясын дамыта отырып, алғаш рет практиканы ақиқаттың өлшемі ретінде таным теориясының құрамына енгізді. Сонымен қатар, ол басқа материалистер сияқты практиканы сезімдік тәжірибе ретінде емес, адамдардың табиғатты өзгертуге бағытталған іс әрекеті ретінде қарастырады. Ол өз шығармаларында басыбайлыққа қарсы күрескен қалың шаруалар бұқарасының арман - тілегі бейнелейді.

XIX ғасырдағы Ресейдегі идеалистік философия Иван Киреевский, Алексей Хомяков және тағы басқа славянофилдердің аттарымен тығыз байланысты. Олардың христиандықты орысша түсінуге негізделген идеалистік философиясы өз алдына философияны түсіндірудің неміс типінің Ресей үшін пайдасыз екендігін ыспаттау мақсатын қойған. Олар бұл ретте орыс рухани өмірінің ұлттық ерекшеліктеріне және шығыс шіркеуінің белсенді ғұламаларының шығармаларына арқа сүйеуге тиісті болды. Бірақ, Киреевский де, Хомяков та ешқандай да философиялық жүйе құрып, арттарына қалдырған жоқ. Дей тұрғанмен, олар философиялық қозғалысқа рух беретін бағдарлама жасап, зиялы қауымға ұсынды. Ал, бұл орыс ойының сол кездегі Ресейде христиандық көзқарасты насиқаттаудағы

33

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
қолы жеткен табысы болды.

Жалпы алғанда, бүгінгі ресейлік философтар практика мен қазіргі заманғы ғылыми танымның байланысын зерттеу үстінде. Сонымен қатар олар материалистік диалектиака құрылымын бүтіндей қарастыру мәселесін де өз алдарына қойып отыр.

Философия әрдайым дамыған және алға қарай да дами бермек, ол еш уақытта бір орында тұрған жоқ. Ол үнемі өткеннің тарихи фактірлерін, бүгінгі күннің шындығын және болашақтың қажеттерін ескере отырып дамуға тиіс. Және солай болып та келеді. Оған ешбір күмән болуға мүмкін емес.

Тақырыпты пысықтау сұрақтары;
1. Орыс философиясының ерекшелігі.

2. XIX ғасырдағы орыс философияның маңызы.



/1/ 93-102 бет /2/ 96-105 бет./5/ 89-98 бет.
14-15 ші дәріс.
Тақырып. XX – ғасыр философиясы.
Негізгі мақсаты: Философия тарихының ең соңғы демі ХХ ғасыр философиясының тұтастығын құрайтын философиялық бағыттардың мән-мағынасын терең талдау.

Негізгі түсініктер: позитивизм, постпозитивизм, прагматизм, структурализм, постструктализм, экзистенциализм, герменевтика.


  1. Иррационализм және оның негізгі бағыттары .

  2. Ғылыми – техникалық ойдың XX ғасырдағы өрістеу және неопозитивизм.

  3. Адам әлемі және әлемдегі адам экзистенциалзм постпозитизм.

  4. Білім мен тіл мәселелері.

  5. XX ғасыр философиясының көптеген идея, әдіс, ұғым, танымы, көзқарастарының маңызы т.б.


XX ғасыр – ғылыми – техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп атайды. Ол бағыт, ғылымға ғылыми техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт XX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған көптеген жаңа ғылымдардың, жаңа

34

Атырау мұнай және газ институты



Оқу-әдістемелік кешен . Философия пәні. Бірінші басылым. Нығметов Б.С. Базарбаев К.Б.
техникалардың, технологиялық әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисциентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми – техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың санасын ол қаспақтай ұстайды, ойлау жұйесінде шектеу саласы деп есептейді. Сөйтіп, иррационализм сайып келгенде мистикаға, жоққа сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап, жақтауға, не даттауға болмайды.

XX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында физиология мен психологияның, сезім мүшесінің рөлі артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах (1938 – 1916) пен эмпириокритизмнің негізін салушы Рихард Авенариус (1843 – 1896) болды. Рессейде оларды жақтап, соңына ергендер А. Богданов (1873 – 1928), В. Базаров (1874 – 1939), т.б. Э. Мах былай деді: “Ағаш, стол, үй менің денемнен тыс, өздігінен өмір сүреді”.

Дегенмен, XX ғасырдағы идеалистік философияның басты бағыттары үшеу. Олар: неопозитивизм, неотомизм және экзистенциализм.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет