Жетекші : Р.Сатканбаева
Мектеп директоры: Л.Бексұлтанова
Аннотация
«Сандар сырына саяхат» жобасында математика бойынша алдын-ала дайындау үшін ең маңызды математикалық ұғымдардың бірі – сан ұғымына терең тоқталу арқылы оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырады
Күнделікті өмірде біз тауарлар және қызмет ету бағаларымен ұшырасамыз. Мысалы: банктегі жинақ салымы, несие алу, айып өсімін төлеу, саудадағы жеңілдіктер, сақтандыру төлемі т.б.Осы операцияларыдң барлығы сандармен жүзеге асады.Сондықтан осы жобам арқылы өзіміздің қолданып жүрген сандарымыздың сырын ашқым келді.
Жобаның өзектілігі:
Оқушылардың - математикалық сауаттылықтарын дамыту және қалыптастыру уақыт талабы.
Жоба мақсаты:
Оқушылардың математикалық сауаттылығын дамыту және нығайту арқылы құзіреттілік деңгейлерін көтеріп, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру .
Жобаның міндеттері:
Оқушылардың математикалық білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру.
. Оқушылардың экономикалық сауатылықтарын дамыту арқылы өмірлік тәжірибелерін байыту.
Аналитикалық және логикалық ойлау дағдыларын дамыту .
Қажетті, нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру.
Күтілетін нәтижелер:
Оқушылардың математикалық, функционалдық сауаттылықтары көтеріледі.
Бұрын таныс емес мәліметтермен танысады.
Алған білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдануды меңгереді.
Математикалық білім деңгейлерін тереңдетеді.
Өмір мен қоғамға аса қажетті мәселелерді математикаға тән жан-жақты талдайды.
Қоғамның қарқыны дамуы үшін адамзат сауаттылығының
бір бөлігі математиканың маңызын түсінеді.
Аннотация
В проекте «Путевые числа» одним из наиболее важных математических понятий для математической подготовки является повышение интереса учащихся к математике, сосредоточив внимание на понятии числового значения.
В повседневной жизни мы сталкиваемся с ценами на товары и услуги. Например: сбережения в банке, получение кредита, погашение штрафа, торговые скидки, страховые платежи и т. Д. Все эти операции выполняются в цифрах, поэтому я хотел раскрыть цифры, которые мы использовали для использования этого проекта.
Актуальность проекта:
Развитие и математическая грамотность студентов - требование времени.
Цель курса:
Повышение уровня компетентности путем повышения математической грамотности студентов и повышения их интереса к предмету.
Цели курса:
• Удовлетворять математические потребности студентов.
•. Обогащение жизненного опыта через развитие экономической грамотности студентов.
• Развитие аналитического и логического мышления.
• Углубление и дополнение математических знаний по конкретным, конкретным темам.
Ожидаемые результаты:
• Повышается математическая, функциональная компетентность студентов.
• Знакомьтесь с незнакомой информацией.
• учится применять полученные знания в жизни.
• Углубить уровни математического образования.
• Комплексный анализ математики необходим для жизни и общества.
• Темпы развития человеческого общества для человеческой грамотности
• Некоторые понимают значение математики.
Аbstract
In the "Traveling Numbers" project, one of the most important mathematical concepts for mathematical preparation is to raise students' interest in mathematics by focusing on the concept of numerical value In daily life, we face the prices of goods and services. For example: savings in the bank, getting a loan, paying off the penalty, trade rebates, insurance payments, etc. All of these operations are carried out in numbers. So, I wanted to disclose the figures we used to use this project. Relevance of the project:
Development and mathematical literacy of students - time requirement.
Purpose of the course:
Raising the level of competence by increasing the students' mathematical literacy and enhancing their interest in the subject.
Course Objectives:
• Satisfy students' mathematical needs.
•. Enriching life experiences through developing students' economic literacy.
• Development of analytical and logical thinking skills.
• Deepening and supplementing mathematical knowledge on specific, specific topics.
Expected outcomes:
• Mathematical, functional competence of students increases.
• Get acquainted with unfamiliar information.
• Learns to apply the knowledge gained in life.
• Deepen the levels of mathematical education.
• Comprehensive analysis of mathematics is essential for life and society.
• The pace of human society development for human literacy
• Some understand the meaning of mathematics.
Мазмұны :
Кіріспе 8 бет
Негізгі бөлім 9-13 бет
Қорытынды 14 бет
Пайдаланған әдебиеттер 15 бет
Кіріспе
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Математиканың негізгі ұғымы – сан ұғымының сан алуан сырын, сандар әлемінің қызық құбылысын ашу, білу – ғылыми әдіснамалық үлкен өзекті мәселе. Менің жоба қорғаудағы мақсатым- өзіміздің күнделікті қолданып жүрген сандарымыздың шығу тарихына шолу жасап,сандар туралы өзімнің жинаған қызықты мәліметтеріммен бөлісу.
«Әлемнің әміршісі сандар» деп бекіткен болатын өз ойын философ және математик Пифагор. Біздің заманымызға дейін ІV ғасырда ол өз жақтастарымен мектеп ашқан болатын. Бұл мектеп діни мектепке ұқсас болды. Пифагоршылар сандардың мистикалық өміріне сенді.Осы Пифагор мектебіне байланысты математика оқулығында есеп те берілген: Менің шәкірттерімнің жартысы математика оқиды.олардың жартысы математика оқиды,төрттен бірі музыка тыңдайды,жетіден бірі тек отырады және үш қыз бар .Пифагордың мектебінде неше оқушы болған. Сөзімізді қайтадан Пифагор мектебіне апарайық.Пифагоршылардың ойынша әрбір нәрсенің артында белгілі бір сан тұрады деп ойлады. Сандар өздерімен бірге қайырымдылық пен зұлымдылық, бақыт пен бақытсыздық ала келеді деп сенді. Бізге тек бұл сандардың не әкелетінін білу керек деп ойлады.
1саны: Пифогор және оның ойшылдары барлық басқа сандардан жоғары қойды. Олар оны барлық санның бастамасы, бар әлемнің басы деп есептеді. Бірліксіз қарапайым санаудың өзі де болмас еді. Графикалық бейнелеуі вертикаль сызық.[1] 2саны: Пифогорлықтарда 2 саны бірліктің жоғалуын білдіреді. Бұл сан махаббат, тұрақсыздық және теңсіздік символы болып табылады. Екі саны бұл жұмсақтық және дәлдік. Ол жылылық пен суықтық, мейірімділік пент қатыгездік, жарық пен қараңғылықтың, байлық пен жұтшылдықтың арасында жүреді. 3саны: Пифогорлықтарда 3 санының негізінде жан-жақтылық пен бірліктің үйлесімділігі қалыптасқан. Көптеген халықтарда 3 саны есептеудің соңы деп саналды. Оны толықтың, толудың, аяқталудың символы деп есептейді. Ежелгі Грекияда бұл сан бақытты деп саналса, Ежелгі Вавилонда үш құдайға:Күн, Ай, Шолпанға табынатын болған. Діни сенім нанымдарда, ертегілерде 3 саны қасиетті сан болып есептелген. Оның сиқырлығы сол ол алдыңғы екі санның қосындысынан тұрады (1+2=3) үш өткеннің, осы шақтың, келешекті символы. 4саны:Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, әділдіктің символы болып саналды. Ол шаршы түрінде болғандықтан, әлемнің 4 бұрышын, жылдың 4 мезгілін, табиғаттағы төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірді. Геометриялық бейнелеуі шаршы немесе ромб. Славьян символикасында – Жер. Жапондар мен Қытайлар 4 санын қауіп, сәтсіз сан деп түсінеді. 5саны: Пифогордың аса көп көңіл бөлген, бақыт саны деп есептеген, ертеде оны тәуекелге бару символы деп болжаусыздықты, қуаттылықты және тәуелсіздікті жатқызды.Санның дұрыстығы 5-жай сан, 5- саусақ – санау жүйесінің бестігі, 5 – тармақты жұлдыз, 5 – сезім (көру, есту, тітіркену, сезіну, тепе — теңдік). Ислам дінінде әр мұсылман баласы күніне 5 мезгіл намазға жығылуға тиіс. 6 саны: Бұл сан туралы бір нәрсе айтуға бола ма? 6 саны дүниенің жаралуын білдіреді. Әрине Пифогор оны ерекше сан деп есептеген, басқа сандардан ерекшелігі оның өзіне тән ерекше қасиеті бар. Ол өзі бөлінетін сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. 6 саны 1,2,3 – ке бөлінеді. Оларды қосып немесе қоссақ қайтадан 6 саны шығады. (1+2+3=1*2*3=6) Мұндай қасиет басқа еш бір санда қайталанбайды. 6 — шығармашылық сан. Геометриялық дәлдігі дұрыс алтыбұрыш – жетістік, еркіндік, махаббат, адам бейнесі(екі қол, екі аяқ, бас, дене) тегіс, шығыңқы фигуралар алтыбұрыш. 6 саны шай және ас ішу сервиздарының саны. 6 саны бұл әсемдік пен үйлесімдік саны. 8 саны: Көне заман адамдары 8 санын сенімділіктің, шыңдалудың шыңы деп есептеген. 8 саны 8 төбесі бар кубты білдіреді. 8 санының құпиясы әлемдегі мәңгілік үздіксіз қозғалысты білдіреді. 8 саны мәңгілік символы. Символдық белгісі қос квадрат, егер оны бөлсе онда ол тең екі бөлікке бөлінеді. Тағы да бөлгенде, ол тең төрт бөлікке бөлінеді (2, 2, 2, 2). 9 саны: қателіктер мен кемшіліктер бірлестігі. 9 санының қасиетін тоқталсақ, ана құрсағындағы нәресте тоғыз ай, тоғыз күн өсіп жетіледі. Бұл сан адамның ғұмырында пайда болып, жарық дүниеге келетінге дейінгі уақыт өлшемі. 9 өмірге адамды әкеледі. Ол үш үштіктен құралған. Көшпенділер 9 санын болмыстың шыңы деп санаған, олардың салт дәстүрлері мен наным-сенімдерінде тоғыз саны қасиетті болып есептелінген.(тоғыз шелпек, тоғыз құмалақ, қалың малға үш тоғыз, т.б.). 10 саны:Он саны үйлесімділік пен рухани толығудың бейнесі болып саналады. Ол орта ғасырлық Европада 1+2+3+4 сандарының қосындысы ретінде философиялық тастың символы болып есептелінген. 10 саны ондық санау жүйесінің негізі болып қалыптасып, барлық әлем халықтарында қолданылады. 12 саны: Он екі санының қасиеті өз алдында. Бір жыл он екі айдан тұрады. Кейде бұл сан теңеу тіркес ретінде қолданады. «Он екіде бір гүлі ашылмаған» деген тұрақты тіркес пәк, бейкүнә деген ұғымды білдіреді. Әр жылға он екі жануар, хайуанаттар аты берілген. 40 саны: Қырық санына байланысты оның қасиетін ашатын мағыналы тіркестер көп көлемде таралған. «Қызға қырық үйден тыйым»дегенде ұғатынымыз қыз әдебіне деген көзқарас.Той жасап, қуаныш қызық болар болса, қазақ елінің бұрыннан қалыптасқан ұғымында «Отыз күн ойын, қырық күн тойын жасады» деген сөз қолданысы бар. Ер азаматтарға байланысты «Отызында орда бұзбаған, аспайды» дейді. «Қырықтың бірі — Қыдыр» деп қонағын күтіп қалғанды айтады40 санына байланысты баланы 40 ынан шығару деген ырымның да мағынасы тереңде жатыр.. 60 саны: Вавилон аңыздарында бұл сан үлкен мағанаға ие. Оны олар «құдай саны» деп атаған. Әлемнің көп халқы арасында 13 белгісіз сиқыры бар сәтсіз сан ретінде саналады. Көпшілігі сол күні жолға шықпауға, үлкен істі бастамауға тырысады. №13 үйді сатып алудан, 13 нөмірде спорт ойынына қатысудан, қайда да болсын 13 - ші болудан қашқақтайды.
Қазақта керісінше, 13 - те отау иесі деп, бұл жасқа келген
адамға жауапкершілік жүктеп, құрметпен қарайды.
13 жылда мүшел жас келіп отырады.
13 санын жек көру қайдан шықты? 13 - ке үрке қарауға
12 кінәлі, өйткені ежелгі вавилондықтар, римдіктер, қытайлықтар көп нәрсені 12 санымен белгілеп келген. Бір жылды 12 айға бөлсе, бір тәулікті екі 12 сағатқа бөлген, одан әрі қарай қандай сан бары, оларға белгісіз еді.
Белгісіздік барлық уақытта да қорқынышты. Сондықтан таныс 12 - нің артынан пайда болған 13 - ке жек көрінішпен қараудың бір себебі де осында.
Италияда 13 нөмерлі лотерея жоқ.Францияда 13 нөмерлі пәтер жоқ.
Ал Женевада ұшақта 13 орын жоқ.Ал қазақтарда керісінше 13 те отау иесі,13 жас бір мүшел деп атаған.[2]
Байқап отырғаныңыздай Пифагор мектебінде 7 саны туралы ештене айтылмаған. Ал қазақ халқы 7 санына байланысты түрлі ұғымдарды ойлап тапқан: Мысалы 7 шелпек,7 қазына ,7 жоқ,7 жұт (жұт жеті ағайынды ).тарихи аңыздан білетініміздей 7 күн топан су қаптағанда тек 7 адам ғана тірі қалған. . Олар: Нұх, Хам, Сам, Жанас, Әшият; Айша, Ләйлә. Бүгінде олардан тараған 6 миллиардтай халықтың 10 миллионнан астамы ғана қазақтар.сонымен бірге ертегіде кездесетін 7 қат аспан ,7 қат жер асты ,7 жарық(планеталар)жұлдыз, Тарихтан білетініміздей Тәуке ханның 7 жарғысынан бастау алған да бүгінгі Ата заңымызды айтуға болады.
[3] Тек 7 саны емес 3 санына байланысты да көптеген ұғымдар бар.
Үш дана: Абай, Шоқан, Ыбырай
Үш қуат: ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат.
Үш ғайып: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып.
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қадірлі: бақ, ырыс, дәулет
Үш жұрт: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты.
Үш алыс: көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы.
Үш даусыз: мінез даусыз, кәрілік даусыз, ажал даусыз.
Үш жамандық: нақақ қан төгу, кісі малын нақақ алу, ата бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
Үш арсыз: Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.
Үш тұл: қайратсыз ашу, тұрлаусыз ғашық, шәкіртсіз ғалым
Төрт тұлға: от, су, жер, жел
Төрт маусым: қыс, көктем, жаз, күз
Төрт періште: Жәбірейіл, Әзірейіл, Мекайіл, Исрафил
Төрт мұрат: дау мұраты - біту, сауда мұраты - ұту, жол мұраты - жету, қыз мұраты - кету
Төрт кітап: Зәбүр, Тәурат, Інжіл, Құран
Бес парыз: иман, намаз, ораза, зекет, қажылық
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес намаз: таң, бесін, екінді, ақшам, құптан
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге кірме, жарлыдан сый алма
Бес жаман мен бес асыл:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз
Ал енді осы сиқырға толы сандардың біздің өмірімізде алар орны қандай: Өздеріңіз ойлап қараңызшы сандарсыз өмірді елестету мүмкін бе,әрине жоқ.Қазір дүкенде сатылатын заттардың барлығының штрих коды бар.
Штрих (кәдімгі) деп бір бағытта тігінен оқылатын сызықшалы кодтарды атайды. Бұндай сызықшалы кодтар көбінесе кіші көлемді ақпаратты сақтауға келеді.Штрих кодка байланысты қызықты мәлімет Алғаш рет сызықшалы кодпен сатылған тауар - Wrigley’s сағызы. Ол 1974 жылы 26-шы маусым күні сағат 08:01-де сатылған.[4]
Штрих код тек тауарларда ғана емес Адамдарда да болады.Ол казіргі уақытта үлкен маңызға ие болған ЖСН .Яғни әрбір Қазақстан азаматында ЖСН міндетті болуы керек.ЖСН арқылы оның туған жала .айы ,күні тәрізді мәліметтерді анықтауға болады.ЖСН туралы мәліметтерді тереңірек айтып өтсем : ЖСН-ның 12 цифрының мәні
Достарыңызбен бөлісу: |