Атмосфера дегенiмiз



бет12/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

6СО2+6Н2О = С6Н12О6+6О2
Сондықтан неғұрлым күн сәулесi көп болған сайын, белгiлi бiр мөлшерге дейiн, солғұрлым фотосинтез жақсы жүредi, нәтижесiнде өнiмдiлiк артады. Осыған байланысты биологтар мен физиологтардың алдына қойылған үлкен мақсат өсiмдiктер дiң күн радиациясын пайдалану коэффициентiн арттыру жолдарын iздестiру. Радиация (жарық) болмаған жағдайда өсiмдiк тұқым құрамындағы қоректiк заттар күшiмен өседi, ақ түстес болады, ал тұқымдағы қоректiк заттар бiткен соң ол өсуiн тоқтатады.
Мысалы: Жарық түспейтiн жердегi картоптың өсуi.
Күн радиациясы арқылы атмосферада, жер бетiнде температура жоғарылайды да өсiмдiктер дiң өнiп өсуiне қолайлы жағдайлар туғызылады. Сонымен қатар, күн радиациясы өнiмнiң сапасына да әсерiн тигiзедi. Мысалы, қант қызылшасындағы қанттың мөлшерi күн радиациясының көп және аз болуына байланысты, күн радиациясы көп болған сайын қант мөлшерi көбейедi.
Жоғары (тауға) көтерiле берген сайын радиация көбейе бередi, соның әсерiнен жоғарыда өсiрiлген шөптер өте жоғары қантты, дәмдi болып келедi.

2. Радиациялық тепе-теңдік және оның құрамдары
Жер бетiне жететiн күн радиациялары жер бетiнен шағылысады, ал бiраз мөлшерi жерге сiңедi.
Радиациялық баланс (тепе-теңдiк) дегенiмiз жер бетiне түсетiн және жер бетiнен шығын болатын (қайтарылатын) радиациялық баланстың негiзгi элементтерiне мыналар жатады:
а) Тiк радиация, S1;
ә) Шашыранды радиация, D;
б) Шағылысқан радиация, R;
в) Эффективтi (тиiмдi) радиация, Ет.
Ендi, осы радиациялық баланстың құрамдарына (элементтерiне) талдау жасайық. Күннен бөлiнген радиациялар атмосфера қабаттарынан өтедi де жер бетiне екi түрде түседi: тура (тiк) және шашыраған.
Тура күн радиациясы (S1) – бұл жер бетiне тiк сәулелер дiң параллелдiк түрiнде келiп түсетiн күн энергиясының бiр бөлiгi. Ал осы күн радиациясының интенсивтiгi калория мөлшерiмен 1 минутта 1 см2 күн сәулесiне перпендикуляр орналасқан абсолюттiк қара бетке түскен жылылық шамасымен өлшенедi. Тура күн радиациясы мына формуламен анықталады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет