Атмосфера дегенiмiз


Топырақтың температуралық режимiн реттеу



бет22/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

3.Топырақтың температуралық режимiн реттеу

Жылу режiмiн реттеу. Топырақтың температурасын реттеу, мәдени өсiмдiктермен топырақ микроорганизмдерiне қолайлы жағдай жасау оның құнарлығын арттырып, алатын өнiмнiң мөлшерiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Қазақстан климатында жылудың жетiспеуi (Солтүстiк Қазақстан) немесеоның молдығы байқалады (елiмiздiң оңтүстiк өңiрi). Сондықтан әртүрлi аймақтарда топырақтың жылу режiмiн реттеу де түрлiше болып келедi, олардың негiздiлерi:
1) топырақтың су-жылулық қасиеттерiн жақсарту үшiн ондағы органикалық заттардың мөлшерiн көбейту (көң беру, көпжылдық шөптер, сидераттар, аралық дақылдар қатысатын ауыспалы егiстердi енгiзу ж.б.). Бұл шара климаты ыстық өңiрлерде топырақтың температурасын төмендетуге мүмкiншiлiк берсе, ал салқын аудандарда топырақ тоңдануын азайтады;
2) топырақта қолайлы бiтiмi мен құрылысы, жақсы құрылымы бар терең өңделу қабатын қалыптастыру;
3) далалық аймақта егiстiкте неғұрлым көп қар тоқтату;
4) топырақтың жылу жүргiсiн жақсартуда суғарудың ролi күштi. Бұның нәтижесiнде топырақтың жоғары қабатының температурасы әжептеуiр төмендейдi, тәулiк мерзiмiнде температураның өзгеру амплитудасы (мөлшерi) азаяды.
5) Топырақты қопсыту (бороналау, культивациялау). Ерте көктемде жүргiзiлген осы агротехникалық шара – ылғал жабу деп аталады. Қопсыту арқылы топырақтағы капиллярлы түтiкшелермен судың көтерiлуiн тоқтатамыз және қопсытылған топырақтың температурасы жылдам көтерiледi де егiндi ерте егуге мүмкiншiлiк туады.
6) Мульчирование жасау - әр түрлi материалдармен топырақ бетiн жабу арқылы топырақ альбедосын көбейту немесе азайту. Егерде топырақ температурасын көтеру керек болса жамылғы ретiнде торф, көң (олар қара түстi) пайдаланамыз, ал топырақ температурасын төмендету керек болса ақ ақшыл (солома) жамылғы пайдаланылады. Жамылғының ақшыл түрiне байланысты, ол беттен күн радиациясы көп шағылысады да топырақты қыздырмайды.
7) Құрғату – агромелиоративтiк шара солтүстiк ылғалдылығы өте жоғары, аймақтарда жүргiзiледi. Бұл шараның әсерiнен, топырақ құрамындағы артық ылғалдан босайды, оның орнына ауа және жылу енiп топырақ температурасы жоғарылайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет