Атмосфера дегенiмiз



бет68/100
Дата22.09.2022
өлшемі4.93 Mb.
#461162
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   100
Атмосфера дегенiмiз

Температура. Насекомдардың тәулiк iшiндегi және тiке миграциялары әдетте топырақтың температурасына байланысты. Ал топырақ үстiнiң температурасы тәулiк бойында едәуiр құбылмалы болса, оның тереңiрек қабаттарында (15-20 см) ондай құбылу аз байқалады. Мысалы, М.С. Гиляровтың бақылауы бойынша Полтава облысында тамыз айында (топырақтың қалыпты ылғалдылығы жағдайында) астық қоңыздарының, тозаң жемiрлерiнiң және шыртылдақ қоңыздардың кейбiр түрлерiнiң личинкалары тәулiк бойында 2 рет, ертеңгi сағат 8-10-да және кешқұрым, топырақтың ең үстiңгi қабатына көтерiлген, ал таңертеңгi сағаттарда және түстен кейiн 5-10 см тереңдiкке кеткен. Қыркүйек айында личинкалар топырақ бетiне таңертеңгi сағаттарда көтерiлiп, кешке дейiн сонда болған (М.С.Гиляров. 1949).
Топырақты мекендейтiн насекомдардың маусымдық миграцияларын зерттеп анықтаудың маңызы одан да зор. Шыртылдақ қоңыздардың личинкалары қысқа қарай әдетте тереңге кетпей, тоңазыған қабатта қалады, ал заузалардың личинкалары едәуiр (120-180 см) тереңдiкке миграция жасайды және олар әдетте жер астылық судың деңгейi жоғары болатын учаскелерде кездеспейдi. Осыған байланысты М.С.Гиляровтың айтуы бойынша (1949) Украинада зауза қоңыздары личинкаларының зиянкестiк әрекетi және топырақтың үстiңгi қабатына айдалған бос топырақ қабатында қыстайтын шыртылдақ қоңыздардың личинкаларына қарағанда бiр айдай кешiгiп басталады. Зиянкестердiң топырақта мекендеу мерзiмдерiн анықтау үшiн осындай ерекшелiктердi есте сақтау керек.


Ылғалдылық. Топырақтың ылғалдылығы қалыпты нормадан жоғары болса, (әсiресе, төменгi температурамен қосарланып) аэрация нашарланады және патогендi микроорганизмдер тез дамиды. Мұндай жағдайлар насекомдардың өсiп-өнiп көбеюiне және дамуына қолайсыз болады.
Құрғақшылық кезiнде топырақ ылғалдылығының қалыптан тыс төмен болуы топырақты мекендейтiн насекомдарды жердiң тереңiрек қабаттарына миграция жасауына мәжбүр етедi және олардың қуыршақтары мен жұмыртқаларының көпшiлiгiнiң тiрлiгiн жоюына әкелiп соқтырады.


Аэрация. Оттегiнiң мөлшерi жағынан топырақтың үстiңгi қабаттарындағы ауаның атмосферадағы ауадан айырмашылығы болмайды (су баспаған жағдайда), бiрақ онда көмiр қышқыл газы 10 есе көп болады. Тереңдеген сайын көмiр қышқыл газының мөлшерi көбейедi де оттегi азая бастайды. Топырақ неғұрлым ылғалды болса, соғұрлым ауа алмасуы нашарлайды да, көмiр қышқыл газының мөлшерi арта түседi. Аэрация нашарлаған кезде насекомдар жер бетiне қарай көтерiлуге мәжбүр болады.

РН мөлшерi. Топырақ реакциясы да оның ылғалдығы мен аэрациясына байланысты. Ғалымдардың зерттеуi бойынша (LamgenbuchR., 1932, Бобинская С.Г., 1937, Принц Я.И., 1937) ылғалы мол қышқыл топырақта (рН 4…5,2) жолақты шыртылдақ пен қара қоңыр шыртылдақ қоңыздардың личинкалары басым болса, сiлтi реакциялы (рН 8,1) капуста егiсiнде лимониус туысына жататын шыртылдақ қоңыздардың личинкалары көп кездеседi. Астық қоңыздары мен мәрмәрлi зауза сияқты оңтүстiк түрлердiң личинкалары қышқылы аз немесе сiлтiсi аз реакциялы (рН 6-8) топырақты көбiрек ұнатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   100




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет